Әзербайжанның мұнай өнеркәсібіне қатысты жаңа құжаттардан белгілі болғандай, елдің мұнай саудасынан түскен миллиондаған доллар табыс мемлекеттік мұнай компаниясымен байланысы бар деген жекеменшік компаниялардың қалтасына түсіп, жоқ болып кеткен.
МҰНАЙ БИЗНЕСІНДЕГІ «БЕЙМӘЛІМ АДАМДАР»
Global Witness үкіметтік емес ұйымының Лондонда жариялаған есебіне қарағанда, Әзербайжан мұнай өнеркәсібінен көлеңкелі компаниялар да жүздеген миллион доллар пайда тапқан, бірақ бұл компаниялардың нақты немен айналысатыны түсініксіз.
Бір жылға созылған зерттеу жұмыстарын басқарған Том Мейн (Tom Mayne):
- Ешкімге белгісіз жеке тұлғалар мен жекемешік компаниялар Әзербайжанның мұнай бизнесі саласына кіріп алған. Бұл адамдардың кім екенін және олардың бұл бизнеске қалай келгенін ешкім білмейді, - дейді.
Аталған есепте осы айтылғандарды дәлелдейтін бір мысал келтіріледі. 35 жастағы әзербайжандық кәсіпкер Анар Әлиев көптеген оффшорлық компаниялар құрған, ол компаниялар мемлекеттік Socar мұнай компаниясымен бірігіп бірнеше жобаны жүзеге асырған.
АТЫ ЖҰМБАҚ ӘЛИЕВ
Бұл компаниялар Socar-дың қолынан келмейтін кейбір шаруаларды ғана атқарып береді. Ал фамилиясы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтікімен бірдей болса да онымен туыстық байланысы жоқ бизнесмен Әлиев - қисапсыз компанияларды құрғанға дейін мұнай бизнесі саласында ешқандай тәжірибе жинамаған адам.
Global Witness ұйымының зерттеу нәтижелеріне қарағанда, 2007-2012 жылдар аралығында осы Анар Әлиевке қатысы бар компаниялар Socar-мен 48 бірлескен кәсіпорын құрып, өнімді бөлісу келісім-шарттарына қол қойған және осы аралықта 375 миллион доллар табыс тапқан.
Мәселен, Әлиевке тиесілі Heritage General Trading компаниясы Socar-дың мұнай саудасымен айналысатын еншілес кәсіпорны Socar Trading акцияларының бір бөлігіне ие болған. Осының арқасында компания Socar Trading табысының 25 пайызына иелік етіп келген.
Global Witness ұйымының айтуынша, Socar үлесін алу туралы келісім-шартқа Heritage General Trading 2007 жылы қол қойған. Global Witness «Ол кезде мұнай өндіру ауқымы жылдам өсіп, табыс көлемі ұлғайып келе жатқан, сондықтан салыстырмалы түрде шағын масштабтағы мұнай өндірісіне сырттан инвестиция тартудың еш қажеттілігі болған жоқ» дейді. Компанияның 25 пайыз үлесін сатып алу үшін Анар Әлиевтің Heritage General Trading компаниясы бар болғаны 5 миллион доллар төлеген.
Арада бес жыл өткен соң Әлиевтің әлгі компаниясы өз үлесін Socar-ға қайта сатқан. Бұл жолы оның бағасы 118 миллион доллар болған, яғни акцияларды бес жыл бұрынғы, алған кезіндегі бағасынан 20 есе қымбатқа қайта сатқан.
Анар Әлиевтің бизнесін зерттеуге қатысқан Азаттық радиосының Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаилованың айтуынша, «халық Ильхам Әлиевтің режимі мұнай табысының бір бөлігін аты-жөні белгісіз, бірақ өте ықпалды топтарға бөліп беріп отырған жоқ па деп алаңдайды».
Исмаилованың айтуынша, халықтың қобалжуына түрткі болып отырған себептердің бірі – Анар Әлиев туралы ешқандай ақпараттың жоқтығы. Басқа табысты бизнесмендерің аты-жөні мен атқарған шаруалары халықтың көз алдында болса, Әлиев тек әлдекімдердің шынайы табысын жасыру үшін қойылған тұлға сияқты болып көрінеді.
- Біз Анар Әлиев туралы не білеміз? Ештеңе білмейміз. 2007 жылға дейін оның мұнай саласымен еш қатысы болмаған. Сөйтіп ол аяқ астынан үлкен жобалардағы әріптес болып шыға келді. Ол басқа бір ықпалды адамның «сенімді өкілі» болуы мүмкін, бірақ оның ақ-қарасы әлі анықталмады, - дейді Азаттық тілшісі Хадиджа Исмаилова.
«ТАБЫС ҚАЙДА КЕТЕТІНІН ХАЛЫҚ БІЛМЕЙДІ»
Global Witness Әзербайжан мұнай бизнесіне делдалдарды кіргізуден түскен миллиондаған доллар табысты Анар Әлиев немесе басқа бір тарап жеке қалтасына салып отыр ма, жоқ па - ол жағын ашық айтпаған.
Дегенмен есепте Әзербайжан сияқты елдердегі мемлекет бақылауындағы мұнай бизнесін ашық, жариялы ету үшін халықаралық қауымдастық қатаң шаралар қолдануы керек екені жазылған.
Табиғи ресурстарға бай елдерде мұнай, газ, минералдар және басқа да қазба байлықтан түскен үкімет табысы халыққа жарияланып отыруы қажеттігін түсіндіретін ақпараттық науқандарда Әзербайжан әрдайым үлгі ретінде көрсетіліп келген.
2003 жылы басталған Extractive Industries Transparency Initiative (EITI) жобасына 40 ел ерікті түрде қатысқан. 2009 жылы Әзірбайжан осы жобаның талаптарына сай келетін елдердің тізімінде бірінші орын алды. Баку мұнайдан түскен табысқа қатысты сын пікірлер айтыла қалған жағдайда «үкімет азаматтық қоғам алдында жауапкершілігін күшейтуге бар ынтасын салып келеді» деп, осы рейтингті алға тартатын.
Global Witness-тің осы жолғы мәліметіне қарағанда, Әзербайжанда мемлекеттік мұнай компаниясының ішкі құрылымының өзі жария емес.
Global Witness «EITI жобасының рейтингісін есепке алмасақ, Әзірбайжан халқы мұнай өндіру жөніндегі маңызды келісім-шарттарға қол қою төңірегіндегі шешім қабылдау процесінен бейхабар және ресурстарды сатудан түскен табыстың қайда кетіп жатқанын білмейді» дейді.
Чарльз Рекнагель мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.