Қытай қазақтары Blog.sina.com сайтында 2008 жылы жарияланған қытайлық блогшының жазбасы намыстарына тигенін айтады.
Қытай қазақтары әскери тілші болған, кейіннен түрлі кинофильмдерге сценарий жазумен айналысқан қытайлық азамат Ху Хунбаоның блогында 2008 жылы жариялаған жазбалары «қазақ халқының ар-ожданына нұқсан келтірді» деп санайды. Бұл туралы қазанның 11-і күні Азаттық тілшісіне хабарласқан шыңжаңдық оқырман осылай деп мәлімдеді.
Электронды пошта арқылы да хабарласып жатқан Қытай қазақтарының бірі: "Бұл мақала төрт жыл бұрын жазылғанымен, оны қазақтардың байқағанына үш күн ғана болды. Алғаш ғаламторда "Торап" атты ғаламторшы осыны "Күлтегін" сайтында жазды, сосын жастар жағы қатты ызаланды" деп жазады.
Қытайдағы қазақтардың наразылығына себепкер болған Ху Хунбаоның естелігі «Менің тілшілік өмірім» деп аталады.
- Блогтың басына қой баққан қазақ суретін шығарып, оның астына «Қазақ қызымен бір киіз үйде түнеу» деп жазып қойған. Мына сурет менің қысқа тілшілік өмірімді, ұялшақ жас жігіт кезімде қарапайым әрі сұлу қазақ қызымен болған романтикалық сәтімді есіме салады. 1974 жылдың жазы. "Синьхуа" Шыңжаң бөлімшесі телефон соғып 136-полктан халыққа ақпарат жеткізумен айналысуымызды талап етті. Сол кезде мен Цзью Цзин дегенмен бірге осы полкке келген едім» деп бастаған жазбасын, - дейді Қытайда тұратын қазақ оқырман.
«ҚАЗАҚ ҚЫЗБЕН БІР КИІЗ ҮЙДЕ ТҮНЕУ»
Азаттық радиосы бұл жазбаны қытай тілі маманы Бибол Әліпбайдың көмегімен қазақ тіліне аударды. Онда Ху Хунбао Қытайдың Шыңжаң ауданындағы қазақтар отыратын жайлауда болған бірнеше күнін суреттеген. Қытайлық блогшы киіз үйде тұратын қазақтардың қонақ күту дәстүрін барынша тәптіштеп жазған. Ол қойдың қалай сойылып, еттің қалай асылатыны, қазақтардың дастархан үстіне қоятын ірімшік, құрт, сары май, талқан тәрізді тағамдарына дейін суреттейді.
Оқиға автор қонаққа келген Сұлтан есімді қойшының үйінде өрбиді. Ол малшының қызын «Бойжеткен әдемі екен. Түрі шешесіне ұқсаған, толық, тұла бойында бір мін жоқ, еті аппақ уыздай. Иығына дейін төгілген шашын қызыл жібекпен буып алыпты. Қырлы мұрыны аздап кішілеу көрінді, бірақ езуі үнемі тартылып, жүзі жымиып тұрады екен» деп суреттейді.
Блогшы бұл жазбасында қазақтарды жуынбайтын әрі тазалықты білмейтін, қолдарын да жумайтын, өздері де жуынбайтындықтан, үйлеріндегі көрпе-жастықтарында бит өріп жүретін халық етіп көрсетеді.
«Қазандағы су қайнағанша семіз қой да сойылып болды. Қой сойған жас малшы боршаланған етті жумастан қазанға салды да, оның үстіне бір уыс тұз салып, шөмішпен сапырып-сапырып қойды. Шаруасын бітірген соң бізбен бірге шай ішті. Отағасының әйелі уақ-уақ қазан астына бір-екі кесек тезек тастап қояды да қолын алдына байлаған шалғышына сүрте салып, нан илеуін жағастырады» деп жазады қытайлық журналист.
Бұдан әрі ол түн ортасы ауа үйге жиналған қонақтардың арақ ішіп масайып, дуылдасып тарқағанын, жататын кезде өзімен бірге жүрген Керім есімді бастықтың «Қазақ - өте ақкөңіл, қонақжай халық. Бүгін түнде қазақ салты бойынша, қонаққа құрмет әрі сенім ретінде отағасы үлкен қызын сенің қасыңа жатқызады. Іштей дайындал» дегенін жазған.
Естелік былай жалғасады: «Мен шошып, дереу «Бұлай болмайды, бұлай болмайды! Отағасына айтыңыз, бүгін олай болмай-ақ қойсын» дедім. Директор сәл жымиды да, үндемей мені үйге ертіп кірді. Киіз үйде қатар-қатар он жатын орын дайындалыпты. Сұлтан маған қарап, қолын бұлғап, ыммен «жатыңыз» деді... Сызылған қазақ бойжеткені әкесінің ымдап бұйыруымен етігін шешіп, жаныма жатты. Сұлтан бәріміздің жатып болуымызды күтіп, етіктерді үйдің бір бұрышына бір-бірлеп ретпен қойып, шамды өшірді де балаларының жанына барып, аяқ киімін де шешпей киімшең жантая кетті...Ішімнен «Қой, көп қиялдай бермей ұйықта» деп өз-өзіме күбірледім. Алайда мен ұйықтайын дегенмен, биттер маза беретін емес».
Автор естелігінің аяғында «Үш-төрт күннен кейін Сұлтан ауылымен, әлгі сұлу бойжеткенмен қоштасып, жолға шыққандарын» жазыпты.
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫ НАРАЗЫЛЫҒЫ
Қытай журналисінің бұл жазбасы Қытайдағы kultegin.com және senkazak.com сайттарындағы блогтарда талқыланып жатыр. Интернет-қолданушы қауым бұл жазбаны қазақ ұлтының ар-ожданын қорлау ретінде бағалаған.
Аталған сайттарда «Мен - таза қазақпын. Сіздің жазғаныңызға қарсылық білдіремін. Сізді міндетті түрде табамыз. Исламға сіз айтқан жайт мүлде жат. Сіз арсыз адамсыз және айтқандарыңыз үшін жауап бересіз», «Сіздің бейберекет сөзіңіз ұлтымызға дақ түсірді», «Сіз қазақ қыздарының ғана емес, барша қазақ ұлтына нұқсан келтірдіңіз. Сол үшін қазақ халқының алдында кешірім сұрауға міндеттісіз», «Қытай журналисі - ар-ұяттан безген адам» деген сияқты пікірлер легі толастамай тұр.
Интернет-пайдаланушының бірі Қытай журналисінің жазбасына «Қытай интеллигенциясының нағыз бет-бейнесі - осы» деген пікір білдіріпті.
Осы мәселеге орай Азаттық тілшісіне Қытайдан қоңырау шалғандар аз болған жоқ. «Ажар» деп танысқан қазақ қызы бұл материалды қазақтарды, қазақ қыздарын «таза қорлау» деп санайтынын айтты.
- Мен жаныма тиген жерлерін аударып, жазып алдым. Қазақтарды «қазанға етті жумай салды, тезек жағып, шалғышына қолын сүрте салып, нан иледі» деп жазу арқылы жиіркенішті, лас халық қылып көрсетіп отыр. Ал «қазақтар сыйлы қонағының қасына қызын қондырады екен» дегені - нағыз масқара, - дейді Ажар.
«МҰНДАЙ ЖАЗБАЛАР ЖИІ ЖАРИЯЛАНЫП ТҰРАДЫ»
Қытайдағы қазақ сайттарының белсенді блогшысының (аты-жөнін жазбауды өтінді - ред.) айтуынша, «Бұл - Қытайдағы өзі куә болған төртінші оқиға».
Ол дәлел ретінде 2012 жылы тамыз айында жарияланған, Шыңжаңда тұратын Ванг Ли деген жазушының блогынан мысал келтірді.
- Жазушы «Үйге қонақ келгенде үй иесі әйелі немесе қарындасына, қыздарына қонақпен бірге жатуды бұйырады. Егер қонақ әбес қылық істеп қалса, үй иесі қарқылдап күліп қана қояды, қонақ олай істемесе, үй иесі оған разы болады» деп жазған, - дейді ол.
Блогшының айтуынша, қытай жазушысы қазақтардың наразылығынан соң, «Қазақ бауырластарға арналған кешірім сұрау хатын» жариялаған. Онда «өзінің жасы үлкен адам болғандықтан, алжып, кейбір өсек-аяңдарды блогына жазу арқылы қазақ бауырластарының жүрегін жаралап алғанын» жазып ақталған.
- Кешірім сұрау хатында Ванг Ли «Өзімнің сондай надандығымды кешіре алмаймын, өкінетінімді білдіремін. Бұдан былай мұндай қателік жасамауға уәде беремін» деп жазған, - дейді ол.
Қазақ блогшысы дәл осы тақырыптың 1980-жылдары жарық көрген «Алыстағы ақ отау» деген кітапқа да арқау болғанын айтып:
- Ол кезде біз кішкентаймыз. Ересек қазақтар бір-біріне хат жазып, ереуілге жиналды. Соны жазған қытайдың жазушысы кейін әкімшілік жазаға тартылған, - деді.
Қытайлық қазақтар осы мәселеге орай Қазақстан үкіметі мен зиялыларынан қолдау күтетіндерін мәлімдеді.
Қазанның 12-сі күні жоғарыда аталған Ху Хунбаоның www.blog.sina.com сайтындағы дау шығарған жазбасы ашылмай қалды.