Қырымның Ресейге қосылуы оның 2 миллион 300 мыңдай тұрғынының өмірін айтарлықтай өзгертетін сияқты.
Алайда ол өзгерістер бәрінен бұрын нашақорлықтан емделіп жатқан 800 науқасқа қиын соғатын түрі бар.
МЕТАДОНҒА - ТЫЙЫМ
Наурыздың 26-сы күні – аннексияның рәсімделгеніне 1 апта өтер-өтпестен Ресей Қырымда метадон қолдануға тыйым салды. Метадон – есірткіні алмастыратын дәрі. Бұл емделіп жатқан нашақорлардың азабын күшейте түсетін болды.
Ресейдегі есірткіге қарсы саясатты өзгертуді қалайтын лобби тобының жетекшісі Максим Малышев «көбі енді қайтадан заңсыз есірткіге көшеді» дейді. Оның айтуынша, «Ресейде жергілікті нашақорлардың тегін, әрі сапалы ем қабылдауына жағдай жасалмаған».
Ресей билігі Қырымдағы барлық метадон тарататын орталықтарды сәуірдің 30-ына дейін жабуға бұйрық берді.
Алайда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің айтуынша, Қырымды Украинамен жалғайтын магистральдардың жабылғанына бірнеше апта болған, сондықтан метадон жеткізу сәуірдің соңына жетпей-ақ тоқтап қалған.
Симферопольдағы метадон орталығының қызметкері Игорь Кузьменко Азаттыққа «Біз дозаларды азайттық. Науқастардың жағдайы әлден нашарлап жатыр. Дәрі-дәрмек қорымыз онсыз да аз еді, енді бітуге таяды» дейді.
«ӨЛІМНЕН БАСҚА ЕШТЕҢЕ ҚАЛМАДЫ»
Қырымдағы метадон клиникалары нашақорлардың азабын метадон арқылы жеңілдетіп қана қоймай, олардың басқа да сырқаттарын емдеп, психологиялық жәрдем көрсетеді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл қызметтердің тоқтатылуы Қырымдағы көптеген нашақорларға тым ауыр тиеді. Әсіресе, шалғай аудандардың тұрғындарына қиын.
Максим Малышев «Нашақорлардың көбі ВИЧ пен С гепатитіне шалдыққан, туберкулезбен де ауырады. Енді оларға өлімнен басқа ештеме қалмады» дейді.
Метадонмен емделетін Севастополь тұрғыны Сергей Кислов Associated Press агенттігіне берген сұхбатында «Ресейдің бұл тыйымы емделіп жатқан нашақорларды қырып салғанмен бірдей» екенін айтқан.
Кислов референдумда Қырымның Ресейге қосылуын жақтап дауыс берген. Енді ол Мәскеуді «Қырымның емделіп жатқан нашақорларын қараусыз қалдырды» деп айыптап отыр. Кислов «тіпті қайтадан ұрлық жасап, түрмеге түсетінімізді біліп отырса да, жәрдем бермейтін сияқты» дейді.
ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІКТЕР
Метадон қабылдауды тоқтатқан науқас қайтадан есірткі іздейді. Бұған жол бермеудің екі тәсілі бар. Бірі - Украинаға көшіп, метадон терапиясын жалғастыру; екіншісі – Ресей бақылауындағы мекемеде есірткіден мәңгілікке бас тарту.
Қырымның жаңа басшылығы метадонмен емделіп жүрген науқастарды ішкі Ресейге жіберуді ұсынады. Олардың айтуынша, «науқастар онда барған соң детоксикация жасатып, оңалтатын ем қабылдайды».
Санкт-Петербург шенеуніктері бұл ұсынысты қолдап отыр. Олар қаланың наркологиялық диспансеріне 100 науқасты қабылдай алатындарын мәлімдеді. Алайда шенеуніктердің бұл жоспарын жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері құптамайды.
Санкт-Петербург клиникасының дәрігері Виктор Григорьев «Бұл – күрделі мәселе. Біз көп болса 20-25 адам ғана қабылдай аламыз» дейді.
Украинаның Қырымдағы ВИЧ-пен күрес жолындағы жетістіктері зая кетуі мүмкін. Себебі метадонға тыйым салынса, нашақорлардың көбі ортақ ине пайдалана бастайды.
Украина бұл аймақта есірткіні дәрімен алмастыру терапиясы мен инені ауыстырып отыру бағдарламаларын жүргізген. Бұл екі шараның да нашақорлар арасында ВИЧ індетін таратпауға септігі тиген еді.
Украинаның халықаралық ВИЧ/СПИД-пен күрес альянсының мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы жаңадан ВИЧ жұқтырғандардың 62 пайызы нашақорлар болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 33 пайызға азайған.
ВИЧ/СПИД-пен күрестің бұл тәсілдерді қолданбайтын Ресей әлемдегі осы індеттер ең жылдам тарап жатқан елдің бірі саналады.
Ресейде өткен жылы ВИЧ немесе СПИД-ке шалдыққан адамдардың саны 7 пайызға өскен. Инфекция тарауының басты себебі - бір инені бірнеше кісінің пайдалануы болған.
(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан)