Өзбекстанда тұратын он жасар Саида туған қаласы Әндіжандағы науқас балаларды емдеуге көмектесетін дәрігер болуды армандайды. Бірақ анасы Үмида қызының болашағына қатысты болжам жасаудан қорқады. 2008 жылы Саиданың ВИЧ жұқтырғаны анықталды. Бірақ Саиданың отбасы оның диагнозын қызынан да, басқа жұрттан да құпия ұстауға тырысады.
ТӨТЕНШЕ САҚТЫҚ АМАЛДАРЫ
ВИЧ пен СПИД дертін емдеу саласындағы ғаламат жетістіктер мен әлем жұртының бұл дертке қатысты түсінігі көп өзгергеніне қарамастан, «жолап кетсең жұғады» деп санайтын Өзбекстан тұрғындарының көпшілігі вирус жұқтырған жандармен араласудан қашады.
Үмида басына түскен ауыртпалық туралы Азаттықтың Өзбек қызметі тілшілеріне қызы мен өзінің шын аты-жөндерін жарияламау туралы келісім берген соң ғана келісті.
Үмиданың айтуынша, қызының диагнозын естіген күйеуі отбасын тастап кеткен. Қазір Саидамен де, оның ағаларымен де араласпайды. Күйеуімен ажырасқан Үмида аға-жеңгелерінің ортасына, әке-шешесінің үйіне қайтып барған. Бірақ Саидадан ауру жұғады деп қауіптенген туыстары асығыс-үсігіс басқа жаққа көшіп кеткен. Бірге тұрған кезде барынша қатаң сақтануға тырысқан.
– Туыстарым «біздің балаларымыздың киімін Саиданың киімімен бірге жума» дейтін. Балаларына Саидамен бірге тамақ ішуге немесе бір ыдысты пайдалануға тыйым салды, - дейді Үмида.
ҮРЕЙГЕ ТОЛЫ ӨМІР
Әке-шешесінен табылмаған вирусты Саида қалай жұқтырғаны белгісіз. Қызына «инфекцияны екпе салу кезінде жұқтырған» деп санайтын Үмида медициналық мекемені сотқа да берген. Бірақ сот "бұл күдік дәлелденген жоқ" деген шешім шығарған.
Өзбекстанда ВИЧ/СПИД жұқтырған қанша бала тұратыны туралы ресми статистика жоқ. Бірақ мемлекет оларға мүгедектігі үшін жәрдемақы тағайындаған. Саида айына шамамен 85 доллар және дәрігерлердің ВИЧ-ке қарсы жазып берген препараттарын тегін алады.
– ВИЧ-ке қарсы дәрі-дәрмек тегін болғанымен, вирусқа қарсы басқа қымбат медициналық процедуралар көп. Оларға ақша төлеуім керек, - дейді Үмида.
Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін Үмида табысының көбін қызын емдетуге жұмсауы тиіс. Бірақ Саидаға шындықты айтатын күн туатынын ойласа, Үмида қиналып кетеді. Ол қазір «қызым балалық шағын алаңсыз өткізсе» дейді. Бірақ біреу-міреу бұл құпияны Саидаға айтып қоя ма немесе басқа жұрт естіп қоя ма деп қорқады. Егер жұрт естіп қойса, мектепте достары көп Саиданы құрбыларынан шеттетіп тастайды.
Үмида қызының алдағы ересек өмірі жайлы, бой жеткен кезде Саида сәбилі бола ала ма деп ойламауға тырысады. Ал әзірше ол «қызым бой жеткенге дейін дауасыз дерттің шипасы табылар» деп үміттенеді.
(Мақала авторлары - Азаттық тілшілері Фарангиз Наджибулла мен Мехрибон Бекиева).