Accessibility links

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа сұрақ қоюға шыққан тұрғындар. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа сұрақ қоюға шыққан тұрғындар. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.

Әкімдер жиынында көп балалы отбасылар мәселесін де айтты

20 ақпанда Алматы мен Астанада қала әкімінің тұрғындарға есеп беру жиыны өтті. Алматыда әкім есебі алдында бірнеше белсендіні полиция ұстады. Әкімдер жиындарында көп балалы отбасылардың проблемалары да айтылды.

11:18 20.2.2019

Бауыржан Байбек Алматыда көп балалы отбасыларды қолдауға арналған "Бақытты отбасы" арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады деп хабарлады.

"[Үйге] кезекте тұрған 1276 көп балалы және толық емес отбасының көбі тұрғын үйдің бастапқы жарнасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Бастапқы жарна пәтер құнының он пайызын құрайды, несие 2 пайыздық мөлшерлемемен 18 жылға беріледі" деді әкім. Байбек несие жаңадан салынған үйлердегі құны 15 миллион теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге ғана берілетінін хабарлады.

Алматы әкімінің есеп беру жиынына қатысушылар. Республика сарайы, 20 ақпан 2019 жыл.
Алматы әкімінің есеп беру жиынына қатысушылар. Республика сарайы, 20 ақпан 2019 жыл.

Алматы тұрғындары әкімінен қала шетіндегі шағын аудандарды тұрақты автобус байланысымен қамтамасыз етуді сұрады. Жиында сөйлегендер тозығы жетіп, құлауға шақ тұрған үйлердің проблемасы, қала іргесіндегі ауылдардағы мектеп тапшылығы, инклюзивтік білім беру мәселесін қозғады. Байбек тұрғындар көтерген мәселелерді шешуді жиынға қатысып отырған қарамағындағы шенеуніктерге – қалалық басқармалар мен бөлімдер басшыларына тапсырды.

11:08 20.2.2019

Әкім Бақыт Сұлтановтың есебін тыңдауға келген Астана тұрғындары қалада кей бағыттарда жолаушы тасымалдайтын автобустардың ескіргенін, қаланы үнемі қою түтін басып тұратынын, көмір мен жанармай бағасының қымбат екендігін айтып, үлескерлер мәселесін қозғады. Астана әкімі көп мәселелер шешіліп жатыр деп мәлімдеп, өзге мәселелер де шешімін табады деп сендірді.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа сұрақ қоюға шыққан тұрғындар. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.
Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа сұрақ қоюға шыққан тұрғындар. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.

10:58 20.2.2019

Астанадағы есеп беру жиынында қала әкімі Бақыт Сұлтанов өрттен бес баласы қаза тапқан отбасына көңіл айтып, "бұл жағдай елде қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерді көрсетті" деді.

- Осы бір оқиға көп балалы аналар мәселесімен бірге басқа да қордаланған әлеуметтік проблемалардың барын көрсетті. Қауіпсіздік тұрғысында жедел шешуіміз керек түйіткілдер барын жасырмаймыз. Басты міндетіміз - осы кедергілерді жою және мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу, - деді Сұлтанов.

Ол қазіргі кезде баспанаға мұқтаж тұрғындардың мәселесін шешу жолдары қарастырылып жатқанын хабарлады.

- Көп балалы аналарды жалдамалы пәтермен қамтуды қарастырып жатырмыз. Баспананы жалға беріп қана қоймай, кейін сатып алатындай етпекпіз. Яғни, қаржы жалға берген адамның қалтасына емес, пәтерді сатып алуға жинала береді, - деді әкім.

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың есепті жиынынан түсірілген сурет. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.
Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың есепті жиынынан түсірілген сурет. "Астана" концерт залы, 20 ақпан 2019 жыл.

10:35 20.2.2019

Әкімдердің есеп беруін сынап жатқандар да бар. Саясаттанушы Досым Сәтпаев мұны "Қазақстандағы көп жалған нәрселер тәрізді кезекті алдамшы көрініс" деп атаған.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев.

"Әкімдер әділ әрі балама сайлау жолымен сайланбайынша, олар азаматтардың емес, үнемі президенттің алдында ғана есеп беретін болады. Және жіберген қателіктері үшін халықтан емес, содан (президенттен – ред.) кешірім сұрайды. Бізде тіпті жемқорлығы үшін сотталған шенеуніктер де өздері тонаған қазақстандықтардан емес, үнемі президенттен ғана кешірім сұрайды" дейді саясаттанушы.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG