Accessibility links

Тәжік-ауған шегінде мыңнан аса содыр жүр


Тәжік-ауған шекарасы. (Көрнекі сурет).
Тәжік-ауған шекарасы. (Көрнекі сурет).

Тәжікстан шекара әскері басшысы тәжік-ауған шекарасында мыңнан аса содырдың шоғырланып тұрғанын хабарлады. Солардың арасында»Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мүшелері де бар екені айтылады.

Бүгін, 18 маусымда Тәжікстан шекара әскері қолбасшысы Раджабали Рахмонали «жедел ақпаратқа сәйкес, Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясындағы Дешті Арчи және Имам Сахиб уездерінде ішінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымы мүшелері де бар бір жарым мың содыр шоғырланған» деп хабарлады.

Айтуынша, содырлар арасында «Талибан», «әл-Қаида», ИМ, «Өзбекстан ислам қозғалысы» және «Ансаруллох» ұйымы мүшелері бар. Мәліметке қарағанда содырлар «Тәжікстан шекарасының тура іргесінде Ауғанстан үкімет күштеріне қарсы соғысып жатыр».

Тәжікстан шекара әскері қолбасшысы Раджабали Рахмонали. Душанбе. 18 маусым 2015 жыл.
Тәжікстан шекара әскері қолбасшысы Раджабали Рахмонали. Душанбе. 18 маусым 2015 жыл.

​Бүгін Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 73 отырысында Тәжікстан шекара әскері қолбасшысы Ауғанстанның соғыс қимылдары үздіксіз жүріп жатқан Тахар, Құндыз және Бадахшан провинцияларындағы жағдайдың сәуір айынан бері шиеленісіп тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл - Тәжікстанмен тікелей шекараласатын аймақтар.

Тәжікстан президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі көмекшісі Шерәлі Хайруллоев жиындағы сөзінде "Орталық Азия аймағы ұлы державалардың геосаяси қақтығысы орталығына айналмауы тиіс" деп мәлімдеді.

Хайруллоевтың айтуынша, халықаралық терроризм қаупі күн санап ұлғайып келеді.

- Олардың іс-қимыл әдіс-тәсілдері өзгеріп әрі күшейіп келеді. Әлемдік жаңа тәртіп орнауға байланысты шиеленіс ушығып барады, - деді Шерәлі Хайруллоев.

Тәжікстан президенті көмекшісінің пікірінше, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы радикалды-экстремистік топтар Орталық Азия елдері үшін аса қауіпті. Өйткені бұл елдердің азаматтары әлгі радикалды-экстремистік топтар қатарында соғысып жүр әрі қайта оралған кезде аймақтағы ішкі саяси жағдайды ушықтыруда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

ИМ туы тұтылған үйдіңішкі қабырғасы. Cолтүстік Вазиристан, Пәкістан.(Көрнекі сурет)
ИМ туы тұтылған үйдіңішкі қабырғасы. Cолтүстік Вазиристан, Пәкістан.(Көрнекі сурет)

- Мүдделі елдер мен олардың арнайы қызметінің «Ислам мемлекеті халифаты» жобасы іске асқан жағдайда саяси тұрақсыздық ошағы Ауғанстан арқылы ТМД елдері мен Қытайға ауысуы мүмкін. ТМД елдерінде радикалды-экстремистік ұйымдардың жақтастары көп тұрады. Олар Ауғанстан, Ирак және Сириядан оралған соң жағдайды шиеленістіріп, халықаралық террористерді қабылдауға жағдай жасауға тырысады, - дейді тәжік президентінің көмекшісі.

Ол ТМД елдері басшыларының тәжік-ауған шекарасы күзетін нығайтуға шұғыл әскер-техникалық көмек көрсету туралы шешімін көп ел орындамай отырғанын да айтты.

- Біздің елдердің территориясында соғыс өртін тұтатуға тырысқан күштер арандату мақсатын іске асыру үшін оң осал тұстар – шекаралардың түйіскен тұстарындағы территориялық дау проблемалары бар, делимитация және демаркация мәселелері шешілмеген тұстарды пайдаланады, - дейді Шерәлі Хайруллоев.

XS
SM
MD
LG