Ресей мен Беларуське іссапармен жиі барып жүрген қазақстандық кәсіпкерлер ұялы байланыс роумингі ыңғайсыздық тудыратынын айтады. Аңсар Тарасұлы – Кеден Одағы елдерінде жұмыс бабымен барған кезінде әркелкі ұялы байланыс жүйелері қалтасына салмақ түсірмес үшін түрлі айла-шарғылар жасап жүрген бизнесмендердің бірі.
АРЗАН БАЙЛАНЫСҚА МҰҚТАЖДЫҚ
– Кеден Одағындағы қай елге барсаң, сол елдің ұялы байланыс операторының нөмірін алған жақсы. Аса маңызды шаруа кезінде байланыста болу үшін Қазақстандағы нөмірімізді амал жоқ роуминг арқылы қосып қоямыз. Бірақ қоңырау түскенде дереу ажыратып, сол елдің нөмірімен қайта звондаймыз. Сондықтан Қазақстаннан звондаған адам да, Ресейде отырған мен де бір қоңырау үшін ақша төлейміз. Яғни екі елдің операторы да ақша алады, – дейді ол.
Аңсар Тарасұлы ұялы байланыс құнының Беларусьте Ресей мен Қазақстаннан әлдеқайда арзан екенін айтады.
Kcell компаниясының корпоративтік байланыстар директоры Аида Досаева Азаттыққа Кеден Одағы елдерінің ішінде роуминг тарифтерін арзандату абоненттер үшін тиімді екенін айтады.
– Ең әуелі роумингті алып тастау абоненттерге пайдалы ма, жоқ па деген сұрақ тұруы тиіс. Меніңше, әрине, абоненттерге пайдалы. Біздің ойымызша роумингтік тарифтерді Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік ішінде реттеу мәселесін мүдделі тараптарды қатыстыра отырып мемлекеттік деңгейде шешу керек. Біздің компания бұл мәселені Еуропа Одағының үлгісі бойынша қарастыру мәселесін көтерді. Оны аймақтық байланыс достастығы шеңберінде де айтып келеміз. Әзірге қандай да бір нәтиже жоқ, – деді Аида Досаева Азаттыққа.
Биыл қыркүйектің 10-ы күні Ресейдің Иркутск қаласында өткен «Ресейдегі бәсекелестік күні» форумында сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық кеңістікте бәсекелестік пен антимонополиялық реттеу министрі Нұрлан Алдабергенов Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында ұялы байланыс роумингі 3-4 жылда жойылуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған.
Бірақ министрдің мәлімдемесіне қарамастан Аңсар сияқты кәсіпкерлердің роумингсіз арзан ұялы байланысқа қолы жететін күні болжанған мерзімде туа қоймайтын сияқты.
ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов қыркүйектің 16-сы күні парламентте өткен үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағындағы сияқты Кеден Одағындағы үш ел арасында ұялы байланыс роумингін алып тастауды ұсынды. Бірақ ол «бұл қадамның көптеген ұялы байланыс операторларына ұнамауы мүмкін екендігін» де айтып қалды.
Қыркүйек айында қазақстандық Kcell ұялы байланыс операторының өкілі Tengrinews.kz сайтына берген комментарийінде Еуропа Одағы елдері сияқты роумингтің ортақ ең жоғарғы мөлшерін бекітіп алып, оны бірте-бірте жоюдың Кеден Одағы елдері үшін қиынға түсетінін айтты.
Kсell-дің маркетинг департаментінің директоры Кукелис Каспарс мұндай қиындықтың екі себебін атаған. Оның сөзінше, қазақстандық операторлардың халықаралық байланыс лицензиясы жоқ, олар делдалдардың қызметін пайдаланады, сол себепті қызмет бағасы қымбат. Сонымен бірге Қазақстанның шекарасынан Ресейді кесіп өтіп Беларусьтің шекарасына дейін оптикалық талшықты кабель тартып шығындалып үлгерген кейбір операторлар енді ол кабельді тегін пайдалануға бергісі келмейді.
Kcell өкілінің күмәнін Азаттыққа пікір білдірген КаР-Тел (K-Mobile) ұялы байланыс компаниясының құқықтық реттеу қызметінің басшысы Дулат Оразалин растай түседі. Ол роумингті алып тастаудың экономикалық салдары қандай болатынына назар аудару керек деп санайды.
– Роумингті алып тастаған жағдайда Ресейдің ұялы байланыстарының абоненттері Қазақстанға келгенде бізге тегін қызмет көрсетуге тура келеді. Ал енді Қазақстанға келетін ресейліктер көп пе, әлде Ресейге баратын қазақстандықтар көп пе, өзіңіз салыстырыңыз. Мысалы, Қазақстанның ең үлкен байланыс операторында 10 миллион абонент бар. Ал Ресей операторларының абоненттері 50, 60, 100 миллионға дейін жетеді. Яғни біз оларға көбірек қызмет көрсетеміз. Бұл ресейліктерге тиімді болғанмен бізге тиімсіз.Олай болса неге біз тиімсіз нәрсеге келісуіміз керек? – дейді ол.
Дулат Оразалин Кеден Одағы елдерінде роумингті алып тастау үшін роумингтік келісімшарт жасалып, тарифтер Еуропа Одағындағыдай анық жазылуы тиіс деп санайды.
Осы мәселеге орай сұрау салған Азаттық радиосының тілшісіне Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігі мен көлік және коммуникациялар министрлігі жауап беруге әзір болмады.
Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық кеңістікте бәсекелестік пен антимонополиялық реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің көмекшісі Гүлшекер Іздібаева Азаттыққа жолдаған жауап хатында: «Еуразиялық экономикалық одақтың келісім-шарт жобасын жасау кезінде Еуропа Одағының үлгісімен роумингті жою мерзімі де талқыланады. Байланыс нарығындағы бағаларды арзандатудың нақты тетігі үш елдің өкілетті органдары мен бизнес қауымдастығын қатыстыра отырып жасалады» деп жазады..
Министрлік өкілі «Роуминг Кеден Одағындағы байланыс рыногының дамуына кедергі келтіріп отыр» деп санайды.