Қазақстанның өз ішіндегі құлдық құрбандарының саны мен құлдыққа сату үшін Қазақстан азаматтарын шет елдерге әкету немесе Қазақстанға басқа елдердің азаматтарын әкелу оқиғалары статистикасы бірдей. Халықаралық көші-қон ұйымы деректері бойынша, әсіресе Өзбекстан азаматтарын әкеліп, саудалау оқиғалары жиі тіркеледі. Қазақстан – Орталық Азиядағы көрші елдердің азаматтары үшін жайлы ел болып көрінеді.
Адам саудасының құрбанына көбінесе жас шамасы 25 және 30 аралығындағы, кем дегенде бір баласы бар ер адамдар мен әйелдер тап болады екен. Үкіметтік емес ұйымдар құлдыққа тап болғандардың көбін биыл Көкшетау және Шымкент қалаларында тіркеген.
Халықаралық көші-қон ұйымының Орталық Азия бойынша координаторы және Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Деян Кесеровичтің Азаттық тілшісіне айтуынша, құлдық құрбандары ғана емес, олардың отбасыларына да көмектесу қажет. Оның пікірінше, Қазақстанда мұндай жандарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту керек.
Азаттық: – Сіздердің ұйым жуырда жүргізген зерттеуде қазақстандықтар көбінесе Ресей, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде құлдыққа тап болады деп көрсетілген. Мұндай жандар ол жақта қандай күйге ұшырайды?
Деян Кесерович: – Қазақстан азаматтары көбінесе өз елінде құлдыққа тап болады. Бірақ қазақстандықтарды шетелге, оның ішінде өзіңіз атаған елдерге әкету оқиғалары азаймай отырғанын анықтап отырмыз. Қазақстан азаматтары бұл елдерге әдетте қонаққа немесе жұмыс істеуге кетеді. Өкінішке қарай, олардың кейбірі еңбек немесе жыныстық құлдыққа тап болады. Олардың арасында кездесетін кәмелетке толмағандардың кейбірі құлдықта жүріп кәмелет жасына толып кетеді.
Жеке бастары анықталған сәтте үйлі-баранды болып үлгерген кейбір құлдық құрбандарының бала-шағасының да халі мүшкіл, көмекке мұқтаж болады. Қанауға ұшыраған адамның отбасы да белгілі бір қиындықтарға тап болатындықтан, біз құлдықтың құрбаны ғана емес, бүкіл отбасы көмекке мұқтаж екеніне назарда ұстаймыз. Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы адам саудасы құрбандарын қорғау және көмек көрсету бағдарламасында мұндай жандардың отбасыларымен жұмыс жүргізу міндеті де қарастырылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда адам саудасы бойынша қылмыстық істердің көбі жыныстық құлдықта ұстауға қатысты қозғалады. Мұның себептерінің бірі - еңбек құлдығымен салыстырғанда жыныстық құлдықты әшкерелеу және дәлелдеу оңайырақ.
Азаттық: – Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми статистикасы бойынша, биыл адам саудалаудың 41 құрбаны тіркелген. Азаматтық сектор бұл проблемамен қаншалықты белсенді жұмыс істейді?
Деян Кесерович: – Біздің статистикаға қарасаңыз, үкіметтік емес ұйымдардың өте белсенді екенін байқайсыз. Жалпы, адам саудасы құрбанына айналған жандар әуелі көбінесе үкіметтік емес ұйымдардан көмек сұрайды. Сосын оларды ҮЕМ мүшелері полицияға ертіп апарады. Полицейлер де құлдықтан босатылған жандарды көмек алу үшін ҮЕҰ-на жіберіп жатады.
Адам саудалау проблемасы әлемнің барлық елінде бар. Біз елдегі адам саудасына тосқауыл қою үшін Қазақстан үкіметімен, түрлі министрлік, ведомстволармен тікелей жұмыс істейміз. Қазір біз Орталық Азияда адам саудасымен күресетін жүзден аса үкіметтік емес ұйым желісімен тығыз байланыста жұмыс істейміз.
Азаттық: – Қазақстанда Орталық Азиядағы көрші елдерден келіп жұмыс істейтін еңбек мигранттары көп. Оларды «заңды көп бұзады» деп айыптап, депортациялап жатады.
Деян Кесерович: – Мигранттар заңды көп бұзады деген - өтірік сөз. Біз оларға да көмектесеміз. Мигранттардың құқығымен таныстыратын, гуманитарлық көмек алуына көмектесетін арнайы бағдарламаларымыз бар. Қазақстанға заңды негізде тұрақты түрде келетін мигранттар бар. Бірақ жүйесіз келетіндер де бар. Біз оларға қатысты «жүйесіз миграция» деген терминді қолданамыз. Заңды тіркелген сәттен бастап мигрант үш ай бойы елде бола алады.
Ал егер заңсыз жұмыс істесе, бұл - басқа мәселе. Оларды мәртебесі реттелмеген мигранттар деп атайды. Бірақ олар шекараны заңды кесіп өткендіктен, оларды заңсыз мигрант дей алмаймыз. Қазір Қазақстанда ресми статистикаға сәйкес 40 мыңдай, ал бейресми статистикаға сәйкес 700 мыңнан аса мәртебесі реттелмеген мигрант бар. Екі статистиканың арасындағы алшақтық өте үлкен.
Азаттық: – Қазақстан адам саудасына қалай қарсы тұра алады?
Деян Кесерович: – Бұл процеске үкімет, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың бірлескен күшін жұмылдыру қажет. Адам саудасының еларалық сипатын ескере отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықты қолдау қажет.
Қазір бізде Қазақстанда жапа шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетуді жақсартуға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Құлдықтың кез келген түріне ұшырап, денсаулығынан айырылған адамға алдымен керегі - шұғыл медициналық және психологиялық көмек. Олардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заң тұрғысынан көмек алатындай жағдай жасау қажет.
Құлдықта тартқан зардабы үшін адам саудасы құрбанына айналған жандардың мұнда да, шетелде де материалдық өтемақы алатын мүмкіндігі болуы тиіс. Алғашқы оңалту шараларынан кейін оның алдағы өмірін қалыптастыруға көмектесу, яғни жұмыс табуына, білім алуына жағдай жасау қажет. Құлдыққа тап болған әр адамға жеке-жеке көмек көрсетілуі тиіс.
Жалпы, адам саудасы құрбанын қылмыстық процеске қатысушы ретінде ғана қабылдамай, мемлекет тарапынан қорғау мен көмекке зәру адам ретінде қарастыру қажет. Оның өзіне де, отбасына да қолдау көрсету керек. Бұл мәселеге мемлекет деңгейінде көңіл бөлу өте маңызды.
Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет.