АРЫЗДАНУШЫНЫҢ ӨЗІ СОТҚА КЕЛМЕЙ ҚАЛДЫ
Жезқазғанда шығатын «Наше время» басылымының бас редакторы Владимир Прутик, біздің радиомызға берген сұхбатында, бейсенбі күнгі алғашқы сот отырысының басталғанынан аяқталғаны тез болғандығын айтты.
- Бүгінгі сот отырысы бас-аяғы 30 минут болды, себебі, талап-арызды беруші Омаров мырза келмей қалды. Омаровтың өкілі «оның іссапарға кеткендігін» айтты. Сол себепті судья ендігі отырысты қыркүйектің 11-іне қалдырып, сол күні Омаровтың міндетті түрде келуін талап етті, - деді В. Прутик.
Мен тек кәсіби борышымды орындадым дейді журналист
Айта кету керек, Мақсұт Омаровтың шағымдануына журналистің үстіміздегі жылдың тамыз айында жарық көрген «Охота пуще неволи» және «Казахмыс ушел в окопы» деп аталатын мақалалары себеп болған. Бұл мақалалар Көпкөл және Баракөл көлдері аумағындағы табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы жөніндегі құжаттар негізінде жазылған дейді мақала авторы.
- Бізде журналисті оп-оңай қылмыстық жауапқа тартуға болатындығы мені қатты таң қалдырды. Мен тек өзімнің кәсіби борышымды орындадым,- дейді журналист.
"БАСҚА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ САБАҚ БОЛСЫН"
Дегенмен, іссапарда жүрген аң шаруашылығының директоры мақалада келтірілген деректер шындыққа жанаспайды деп есептейтіндігін айтады. Осы жарияланымдардың кесірінен өзін ыңғайсыз сезініп жүргенін айтқан ол, ар-ұятына нұқсан келгенін айтып, моральдық шығын ретінде 1 млн.теңге (6 мың 666 АҚШ доллар) талап етіп отыр. Мақсұт Омаровтың айтуынша, журналист мақаласында жала жапқаннан бөлек өзінің мәдениетсіздігін көрсеткен.
- Мен ол журналисті ешқашан көрген емеспін. Мақала жазу алдында оны зерттеп, анық-қанығын білу қажет емес пе? Ал ол басы жоқ, аяғы жоқ жаза берген. Алғашқы мақаласы тіптен әдепсіз. Ол онда менің марқұм болып кеткен әкем туралы жазыпты, оның олай жазуға қандай құқы бар? Келтірген деректері шындыққа жанаспайды. Сол себепті мен оны сотқа бердім, - деді біздің радиомызға түсініктеме берген М.Омаров.
Бұл мақалалардың жарық көруіне өзге себептер бар болуы мүмкін.
- Мен өз қызметімді аң аулауға тыйым салудан бастадым. Біреулер рұқсатсыз келеді, оларға біз аң аулауға рұқсат етпейміз. Кейбіреулері аумен балық аулайды, біз оларды бірнеше рет ұстап, айып салдық. Соның барлығы біреулерге ұнамай жүрген болу керек. Соңғы екі жылда 15 шақты тексеріс болды. Оның барлығының құжаттары бар. Осы кезге шейін сабыр сақтап барлығына шыдап келіп едім, енді міне басылым бетінде мені «ұрлықшы, өзіне барлығын жымқырып жатыр» деген мақала жарық көрді. Менің шыдамым таусылып бұл бассыздықты тоқтатуды көздеп отырмын, - дейді М.Омаров.
ЖУРНАЛИСТ КЕШІРІМ СҰРАСА, ОМАРОВ ТҮСІНІСТІК ТАНЫТУҒА ДАЙЫН
- Бәріміз пендеміз ғой. Егер ол өз басылымында кешірім сұрап терістеу жарияласа онда мен де өз райымнан қайтуға даярмын. Алайда 50 мың теңге төлетуді талап етемін. Ол ақшаны журналист балалар үйінің шотына салсын. Маған ақша керек емес! Бұл - басқа да журналистерге сабақ болсын деймін. Өйткені, әр адам өз сөзіне жауап беруі тиіс, - дейді аң шаруашылығының директоры Мақсұт Омаров.
Ал елдегі сөз бостандығын қадағалайтын «Әділ сөз» халықаралық ұйымының қызметкері Ғалия Әженованың сөзіне қарағанда мақала заңды құжаттардың негізінде жазылған.
- Аңшылар Орман комитетіне кезінде шағым хат жазған. Онда олар «біз бұрынғыдай көлге жақындай алмаймыз, өз кәсібімізден қалып барамыз» деген. Орман комитетінен келген жауапта «сіздердің атап көрсеткен жайттарыңыз расталды. Енді тиісті шара қолданамыз» делінген. Журналист мақаласын осы хаттарға сүйене отырып, қандай фактілер расталғандығы жайында, бүгінгі хал-ахуал төңірегінде жазған. Бірақ бұл мақалаға әлі де лингвистикалық сараптама қажет. Өйткені, сол ана айтылған кісінің (М.Омаровтың) атына, оның ар-намысына тиетін сөздер бар ма, жоқ па деген сұрақтарға жауапты осы сараптама қорытындысы бермек. Одан өзге мақалада көрсетілген фактілердің рас-өтірігін дәлелдеу үшін де заңгерлік сараптама қажет,- дейді Ғалия Әженова біздің радиомызға берген түсініктемесінде.
Соттың ендігі отырысы қыркүйектің 11-і күні өтпек. Журналист Владимир Прутик мақалада өзінің дұрыс деректерді келтіргеніне сенімді екенін айтып, соттың әділетті, обьективті жүргізілеріне үміт білдіретінін айтады. Сондықтан да өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін күресемін дейді ол.