Дүйсенбі күні Қарағандыдағы №3 автопаркте басталған ереуілден соң қала аялдамаларында кептеліс пайда болып, көптеген жолаушылар жұмыстарынан кешігіп қалды.
"Әдетте 3-4 минут сайын жүретін автобустарды жұртқа сағаттап күтуге тура келді. Әрбір аялдамада шамамен 200 шақты адам жиналып қалды. Бір автобусқа міну мүмкін емес. Қаланы толық қамтамасыз ететін осы автопарк еді және мемлекеттен көмек алатын автопарк те осы болатын. «Біреу өлмей біреуге күн жоқ" дегендей таксистердің дәурені жүрді" дейді Қарағанды тұрғыны Айсұлтан Жақыпов Азаттық тілшісіне.
Сәуірдің 7-сі күні Қарағанды қаласындағы №3 автопарктің жүзге жуық жүргізушісі мен кондукторы ереуілге шықты. Олардың негізгі талаптары - 70 мың теңгелік күндік жоспарды азайту, берілетін жанармай мөлшерін ұлғайту және контролер тарапынан тексерістерді азайту.
Ереуілді бастаған 43, 53, 19, 1 маршрутты автобус жұмысшыларына автопарктің өзге де бағыттары қосыла бастаған. Осыған байланысты дүйсенбі күні түске қарай автопарк басшылығы мен жұмысшылар арасында бірнеше сағатқа созылған келіссөз жүргенмен екі жақ мәмілеге келе алмаған.
"Басшылық «әкімшіліктің қатысуымен комиссия құрамыз, солардың шешімімен ғана қабылдаймыз» деп жатыр. Директор «линияға шықпасаңдар, онда машиналарыңды тастаңдар да, бәрің кетіңдер» деді. Егер олар біздің қойған талаптарымызды орындамаса, жұмысқа мүлдем шықпау мәселесін қарастырып жатырмыз" деді жүргізуші Данияр Досов Азаттық тілшісіне келіссөзден кейін.
Жүргізушілердің айтуынша, жұмысшылар арасында «басшылық ереуілді ұйымдастырған адамдарды жұмыстан шығару мәселесін қарастырып жатыр» деген сыбыс тараған.
Қарағандыдағы №3 автопаркте шамамен 8 жыл жұмыс істеп келе жатқан жүргізуші Қайыржан Үсеновтің айтуынша, қойылып отырған талаптар бұған дейін басшылыққа сан мәрте айтылған. Бірақ ескерілмей келген.
"Біз апта сайын өтетін жиналыста айтып келеміз. Бірақ бастықтар тыңдаған жоқ. Бұл әңгіме жолақы 80 теңге болып қымбаттаған соң мүлдем ушығып кетті. 70 мың теңгелік күндік жоспарды орындамасаң, жалақыңды қиып тастайды. Техника сынған кезде жөндетсең, кейін премиядан ұстап қалады" дейді жүргізуші.
Ереуілшілердің сөзінше, қала әкімдігі жол ақысын 80 теңге етіп қымбаттатқан соң бір күнде әр автобус автопаркке төлеуі тиіс 70 мың теңгелік жүктемені орындау тіпті қиындай түскен. Олар өздеріне берілетін жанармай мөлшері аз болғандықтан кей уақытта жанармайды өз қалталарынан ақша шығарып сатып алуға мәжбүр екенін айтады.
Азаттық тілшісі бірнеше мәрте хабарласқанымен автопарк басшылығынан комментарий алудың сәті түспеді.
Қарағанды қалалық әкімшілігінің «Коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі» басқармасының жетекшісі Марлен Шалтаковтың айтуынша, әкімшілік автопаркке жүргізушілердің талабын қарастыру үшін бірнеше сағат уақыт берген.
«Бүгін (сәуірдің 7-і - ред.) кешкі сағат алты-жетілерде ереуілді ұйымдастырған бастама топ өкілдерімен жиналып, мәселесін қарастырамыз» деді ол Азаттыққа.
Жолаушылардың айтуынша, ереуілге шыққан бағыттардың орнына уақытша №5 жеке автопарк жүргізушілері қызмет көрсетіп жатыр.
Жыл басынан бері Қарағанды қаласында қоғамдық көліктің ақысы бірден 30 теңгеге қымбаттап, 80 теңге болған еді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырып, қалада бірнеше қарсылық шеруі өтті. Тек содан кейін ғана қала басшылығы студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер үшін жолақыны 50 теңге етіп қайта азайтқан.