– Сот оның қызмет бабын асыра пайдаланғанын, жұмысына салғырт қарауы салдарынан Кенжебаевтың қайтыс болғаны дәлелденгенін айтты. Егер абақтыда жатқан кезде дәрігерлер Кенжебаевқа келіп медициналық көмек көмектескенде ол тірі қалатын еді деді, – дейді бұл туралы мамырдың 17-і күні Азаттық радиосына хабарлаған қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожық.
ҮКІМ
Жәнібек Қожықтың айтуынша, сот сонымен бірге Теміровтың дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл құқық қорғау органдарында лауазымдық қызмет атқаруға тыйым салған, жәбірленуші Әсем Кенжебаеваға моральдық шығын ретінде бір миллион теңге өндіріп беруді міндеттеген.
– Сот арыз иесінің марқұмды шығарып салуға кеткен төрт миллион теңгені өндіріп беру туралы талабын да орындады, бірақ бұл азаматтық сотпен қаралсын деп үкім етті, – дейді Жәнібек Қожық.
Оның айтуынша, сот үкімі оқылып болғаннан кейін жәбірленуші (марқұм Базарбай Кенжебаевтың қызы) Әсем Кенжебаева сот үкіміне көңілі толатынын, «бірақ әкесін азаптаған нақты ОМОН-дарды (арнайы жасақ қызметкерлерін – ред.) табу үшін әрі қарай күш сала беретінін» айтқан.
Қоғамдық комиссия өкілі Жәнібек Қожықтың айтуынша, сот үкімі шамамен бір сағат оқылған. Ол оқиғаны түсіру үшін келген ақпарат құралдары өкілдеріне ешқандай кедергі болмаған.
ОҚИҒАНЫҢ ӨЗГЕ КЕЙІПКЕРЛЕРІ
Әсем Кенжебаеваның заңды өкілі Шамин Базаровтың айтуынша, бұған дейін жәбірленуші жақ Базарбай Кенжебаевқа қысым жасаған азаматтарды тауып, жазалау туралы сотқа арыз түсірген.
Сот үкімі оқылған кезде Алматыда жүргенін айтқан Шамин Базаров ол құжат қолында болмағандықтан бұған байланысты соттың қандай шешім шығарғанынан бейхабар екенін, егер арнайы қаулы шығармаса қайта арыз беретінін айтты.
– ОМОН-дарды, сосын полиция бастығы мен полиция бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы – осылардың үстінен қылмыстық іс қозғау туралы өтініш бергенбіз. Теміров өзінің қызметтік өкілетін асыра пайдалану бабы бойынша айыпталған. Ал жарақат келтірген – ОМОН-дар. Соларды анықтау керек. Оқиға кезінде изоляторда кезекші ретінде ОМОН-дардың кім болғаны да әзірге белгісіз. Бұған байланысты сот үкімі қолыма тигеннен кейін нақты айта аламын, – деді Шамин Базаров.
Жаңаөзендегі УҚИ-дың бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміров «2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты уақытша қамау изоляторына заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды» деп айыпталған. Теміровке қылмыстық кодекстің 308-бабы 2 және 4-бөлімдері (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқармасы бастығы Әмірғали Жанаев Жеңісбек Теміровті осы бап бойынша айыпты деп санап, «кінәсін жартылай мойындағаны, қатесін түсініп кешірім сұрағанына байланысты бес жылға бас бостандығынан айыруды және жазасын жалпы колонияда өтеуге кесуді» сұраған.