Бұл жабдықтарға Ресей әскери тікұшақтарының және әскери-теңіз кемелердің қозғалтқыштары кіреді. Ресейлік жойғыш ұшақтар тасымалдайтын «әуе-әуе» зымырандарының жартысы да Украинадан шыққан.
Украинада дайындалған қару-жарақ сол елдің өзіне қауіп төндіріп тұрғаны ерсі көрінеді деу аз. Егер екі елдің арасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жетсе, Ресей әскери тұрғыда тығырыққа тіреледі. Сондықтан Ресей шығынға белшесінен батса да, Украинадан айрылмауға тырысады.
ҚАРУҒА МҰҚТАЖ РЕСЕЙ
Азаттықтың Ресейдегі әскери тілшісі Владимир Воронов жуықта жарық көрген мақаласында «Батыс елдері Ресейге әскери техника сатуға тыйым салатын санкция қабылдауы мүмкін, бірақ Мәскеуге одан гөрі Украинамен байланысты үзу әлдеқайда ауыр тиеді» деп жазады.
Воронов екі елдің әскери-өнеркәсіптік кешені өте тығыз байланыста екенін ескертіп, «Украинамен қарым-қатынасты доғарудың соңы Ресей армиясын жаңалауға қатысты бағдарламаға көп кедергі келтіреді» дейді.
Ресей мен Украинаның әскери өнеркәсібі советтік кезеңде қалыптасты. Мәскеудегі жобалаушылар ұлттық бірлікті нығайту үшін зауыттар мен кәсіпорындарды әртүрлі советтік республикаларға салу керек деп шешті. Совет Одағы тараған соң Мәскеу өз күшіне сүйеніп, әскери өнеркәсібін оңалутға тырысты. Бірақ Ресейдің бұл бағдарламасы онша нәтиже бермеді.
Мәскеу армиясын қайта қаруландыру үшін 2011-2020 жылдары 20 триллион рубль (563 миллиард доллар) жұмсауды жоспарлаған. Оған стратегиялық ядролық күштерді жаңарту, әскери-теңіз флотын кеңейту, әуе және құрлықтағы күштерді жаңалау кіреді. Алайда елдегі конструкторлық бюро мен кәсіпорындардың жұмысы көп, оған қолы тимей жатыр. Желтоқсан айында вице-премьер Дмитрий Рогозин «қорғаныс министрлігінің тапсырысын әзірлеуге үлгермей жатқандарын» мойындады.
Лондондағы Корольдік біріккен қорғанысты зерттеу институтының Ресей бойынша ғылыми қызметкері Игорь Сутягин жаңа әскери және тасымал тікұшақтарының қозғалтқышын мысалға келтіреді. «Ресейге 3 мыңға жуық үлгі керек, әзірге тек бір ғана толық ресейлік үлгі салынды. Оларға екі-үш жылда тікұшақтың 3 мыңдай қозғалтқышы керек, бірақ жылына 50 дана шығаруды жоспарлап отыр» дейді ол.
«УКРАИНАҒА ДА ТИІМСІЗ»
Ресейдің әскери қызметі үшін тікұшақ қозғалтқышын шығаратын Украин өнеркәсіп орындары арасында Запорожьедегі «Мотор-Сич», Днепропетровскідегі зымырандар дайындайтын «Южмаш», Киевтегі ұшақтар әзірлейтін зауыт маңызды рөл атқарады.
Ресейдің стратегиялық ядролық күші де екі елдің әскери өнеркәсібі арасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Ресейлік әуе шабуылы құралының көбі советтік Украинаның зауытында өндірілген немесе өңделген зымырындармен тасымалданады.
Журналист Воронов құрлықаралық баллистикалық зымырандардың (ҚБЗ) жартысынан көп бөлігі Украинада дайындалғанын, олар Ресей қаруының 80 пайыздан астамын тасымалдайтынын ескертеді.
Негізгі құрамдастар мақсатты және басқару жүйелерін қамтиды, оған Ресейдің құрлықтағы стратегиялық ядролық күшінің негізін құрайтын, НАТО топтамасы бойынша «Satan» («Сатана») ретінде танымал РС-20Б «Воевода» кіреді. Бұл кешендерді басқару жүйесі советтік кезеңде «Электроприбор» деп аталған, қазір «Хартрон» деген атауға ие харьковтік зауытта дайындалады. Украиналық мамандар ресейлік стратегиялық зымырандарды үнемі тексеріп, жарамдылығын анықтап отырады.
Воронов техникалық кепілдіктің өте маңызды екенін айтады, себебі ең жаңа деген «Сатана» зымыранына 25 жыл толған, қызметтік мерзімі таусылуға таяу. Мәскеу оларды 2018-2020 жылдың соңына дейін пайдалануды көздейді, сол мерзімде ресейлік «Сармат» ҚБЗ дайын болады деп жоспарлап отыр.
Әскери сарапшылардың сөзінше, Ресейдің өзі де зымырандарды тексере алады, бірақ украин зауыттарымен байланысты үзу біраз қиындық тудырады. Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері штабының бұрынғы жетекшісі Виктор Есин жақында «құжаттардың бәрі Украинада болғандықтан, қиындықтар туындайтынын, бірақ ол мәселе шешілетінін» айтты.
Ресей әскери қызметінде осындай мәселелердің бар екені сирек айтылады. Осының өзі Батыстың санкциясын былай қойғанда Украинаның тағдырына араласудың Мәскеуге пайдалы болмағанын көрсетеді. Мәскеу екі елдің қарым-қатынасы қаншалықты нашарласа да, әскери өнеркәсіп саласындағы байланыс ең соңынан үзілетініне сенімді тәрізді.
Сутягиннің айтуынша, бұл байланыс Ресей үшін стратегиялық маңызға ие болса, Украина үшін коммерциялық маңызы бар. «Украинаның әскери өнеркәсібі Ресейге қатты тәуелді, себебі Ресей украин экспортының 30 пайызын ұсынады, бағасы жоғары болғандықтан Украина үшін бұл экспорт өте құнды. Тікұшақ пен реактивті қозғалтқыштар өндіретін «Мотор Сичке» еуропалық нарыққа шығу оңайға түспейді, ол үшін еуропалық және әлемдік стандарттарға сай болу керек. Сапа мен шу стандартына, ауаны ластау талаптарына лайық болуға тиіс» дейді сарапшы.
Ресей мен Украинаның әскери-өнеркәсіптік саладағы тығыз байланысы қазіргі дағдарыс кезінде қалай өрбитіні түсініксіз. Екі жақтың әскери сауданы сақтауға деген ынтасы шиеленісті күшейтпеуі де мүмкін. Керісінше, Киевтен айрылмау үшін Мәскеу бар күшін аямай күресуі де ықтимал.
Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.