Татарстандық ата-аналар балаларына көне Бұлғар қаласының орнынан табылған тарихи мұраларды көрсеткісі келсе Мәскеудегі мемлекеттік тарихи мұражайына аттанады. Советтік және ресейлік артефакт туралы заңға сәйкес Татарстанның археологиялық қазынасының дені республикадағы ұлттық музейлерге таратылған.
«ЕҢ ЖАҚСЫ МҰРА МӘСКЕУГЕ ЖІБЕРІЛІП КЕЛДІ»
Татарстан ғылым академиясының тарих институтының профессоры, бұлғар өркениетін зерттеген жетекші маман Фаяз Хузин:
– Ең жақсы, жарқыраған алтын және күміс мұралар Мемлекеттік тарихи мұражай мен Санкт-Петербургтегі Эрмитажға жіберілді, – дейді.
Осының кесірінен Волга-Бұлғар мемлекетінің орталығы болған, 7-ғасырдан бастап моңғол дәуіріне дейін гүлденген Бұлғар қаласы сияқты негізгі археологиялық ескерткіштер туристерді тартатын маңызды орталыққа айналмай, елеусіз қалды. Енді жағдай түбегейлі түрде өзгеруі мүмкін. Өткен айда, Қазаннан оңтүстікке қарай 140 шақырым жердегі Бұлғарда жаңа зерттеу орталығы ашылды. Бұл Татарстандағы жергілікті археологиялық зерттеудің қайта жаңғыруына себеп болар деген үміт мол.
Орталыққа жетекшілік ететін татар археологы Айрат Ситдиков жергілікті қазбалардың бұдан соң елде қалатынын айтады.
– Ресей заңы бойынша музей түпнұсқа туындыларын басқа музейлерге бермеуі керек, тек көшірмесімен бөліседі. Сондықтан ендігі қазба мұралардың бәрі Бұлғар археологиялық зерттеу орталығында қалады деп сеніммен айта аламын, – дейді ол.
Айрат Ситдиков 2012 жылы заңға енгізілген өзгерісті – мәдени құндылығы бар мұраның табылған аймақтан басқа жерге тасымалдануына тыйым салатын бапты меңзеп отыр.
АРХЕОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Шетелдік ғалымдарды да қабылдайтын орталықта жергілікті 20 зерттеуші тәлім алады. Бұлғар орталығын құруға Татарстанның бұрынғы президенті Минтимер Шаймиев те ықпал етті. Шаймиев 2010 жылы президенттік қызметтен кеткен соң "Янарыш" (Жаңару) атты қор құрып тарихи орынды зерттеуге бастамашы болған. "Янарыш" қоры сол маңдағы Свияжск қаласының орнын да зерттеп жатыр. Бұл қалаға 1552 жылы Иван Грозный Қазанды алған кезде орыс әскері жайғасқан.
Бұлғар қаласы этникалық татарлар үшін аса маңызды болса, Свияжск орыстар мен орыс православтық христиандары үшін маңызды – мұнда үш монастырь мен бірнеше православ шіркеуі бар.
Тарихшы Фаяз Хузиннің айтуынша, жаңа орталық жер астындағы қазыналарды тауып, Бұлғар өркениетінің толық сипатын ашуға көмектеседі.
– Археологтардың жұмысы нысандарды тауып, ашу ғана емес. Олар қаланың 10-14 ғасыр аралығында дамуы туралы толық мәліметтер алу үшін еңбек етеді, қаланың қалыптасуы мен дамуының толық көрінісін қалыптастырады, – дейді ол.
Советтік кезеңде Татарстанның бай археологиялық дәстүрі, жақсы дамыған ғылымы бар болатын. Көптеген жылдар бойы танымал тарихшы Альфред Халиков Ғылым академиясының Қазандағы филиалының археология және этнография бөлімін басқарды. Ол - халықаралық деңгейде жоғары бағаланған «Татарстанның археологиялық картасы» атты алты томдық еңбектің авторы. Волга-Бұлғар бойынша алғашқы зерттеулерді де сол ғалым бастаған. Бірақ осы зерттеу жұмыстары қайта құру кезеңінде тоқырап, коммерциялық емес ғылымды қаржыландыру тоқтаған 1990 жылдары тамырынан ажырап қалды. Халиков 1994 жылы дүние салды.
Негізгі артефактілерді Мәскеу мен Санкт-Петербургке (1991 жылға дейін Ленинград аталған) тасу саясаты Татарстандағы зерттеу жұмысына зиян келтірді. Бірақ бұлғар өркениетін зерттеген маман Фаяз Хузин «Халиков пен оның әріптестері тапқан мұраларды басқа көптеген адамдар көретін болғандықтан бұл саясатты теріс деуге болмайды» дейді.
– Бұрынғы саясатты айыптауға болмас. Ең бастысы, ендігі тапқан нәрселерімізді өзімізде қалдыруға хақымыз бар. Ескі мұраларды қайтара алмаймыз, ол қажет те емес. Мәскеу мен Санкт-Петербург халқы да Бұлғар өркениеті туралы білуге тиіс. Ол жаққа көптеген саяхатшылар, шетелдік туристер келеді. Ол жаман емес, – дейді Татарстан ғылым академиясының тарих институтының профессоры Фаяз Хузин.
Алсу Құрмашева мен Наил Хисамиевтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Бұлғар қаласы
Бұлғар - Еділ Бұлғариясының 10-12-ғасырлардағы астанасы. Қала Еділ өңірінің ірі саяси және мәдени орталығы болған. 10-ғасырда ірі сауда орталығына айналған қала 1399 жылы “Ұлы Бұлғар қаласы” деген атқа ие болды. Бұлғар қаласын 1431 жылы Мәскеу князі Василий Темный басып алған. Қаланың қираған орны - Татарстандағы Еділ өзенінен 6 шақырым жердегі Бұлғар ауылының маңында.Тарихшы Фаяз Хузиннің айтуынша, жаңа орталық жер астындағы қазыналарды тауып, Бұлғар өркениетінің толық сипатын ашуға көмектеседі.