Өзбекстан ресмилерінің хабарлауынша, сейсенбі күні Әндіжан қаласында бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберіп, полиция қызметкерін өлтірген. УзА ақпарат агенттігі жариялаған ресми мәлімдемеге қарағанда, Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл шабуылдан сондай-ақ «бірнеше адам жараланды» деген.
Оның алдында үш қарулы адам Қырғызстанмен арадағы шекарада орналасқан Ханабад қаласындағы полиция бекетіне шабуылдады деп хабарланған болатын. Мемлекеттік теледидардан берілген хабарда әлгі шабуылдаушылар оқиға жерінен қашып кеткені айтылды. Шабуылдарға не себеп болғандығы белгісіз, бірақ Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары лаңкесттік операция жүзеге аспай қалған болуы мүмкін деп отыр.
Алғашқы шабуылдан кейін Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекара жабылды.
Өзбек ресмилері жанкештілік шабуыл мен атыстар Қырғызстаннан ұйымдастырылды деп мәлімдеді. Алайда Қырғызстан жағы бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Қырғыз шекара күзетшілерінің баспасөз хатшысы Чолпонбек Турусбеков, журналистерге берген сұхбатында, Қырғызстан Өзбекстанның айыптауларына таң қалып отыр, ол шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді.
Хабарларға қарағанда, Өзбекстанның қауіпсіздік күштері мен әскери көліктері шекаралық аймаққа шоғырландырылған.
Ханабад орналасқан Ферғана жазығында бұдан бұрын бірнеше шабуыл ұйымдастырылған болатын. Бақылаушылардың айтуынша, президент Ислам Каримовтың билігі аймақтағы экстремизмге дем берген.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2005 жылы Әндіжан қаласында үкімет күштері бейбіт наразылық танытқан жүздеген адамды атып өлтірген. Ал Өзбекстан үкіметі мұны жоққа шығарып, Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты, олардың көбі лаңкестер болған дегенді айтады.