Тамыздың 13-і күні күні «Халыққа баспанасын қалдырайық!» атты қоғамдық ұйымы Әлеуметтік дау-жанжалдарды шешу мен оларды қарастыру жөніндегі Қоғамдық Кеңестің отырысында Күйзеліс қорын құруды ұсынды.
БАСПАНАСЫЗ АНАЛАР КҮЙЗЕЛІСТЕ
Бес баланың анасы Райхан Көжебекова былтыр банктен несие арқылы алған 5 мың 600 долларды «Ғибрат» көп балалы аналар қоғадық ұйымы арқылы Алматы облысы Іле ауданындағы жер учаскесін алуға жұмсайды. Алайда, кейінірек аудан әкімінен бұл жердің құрылыс салуға жарамсыз екенін естиді. Бүгінде күйеуінің тапқан 50 мың теңге айлығының 30 мыңын банкке беріп отыруға мәжбүр болған Райхан Көжебекова шарасыз күйде қалғанын айтады:
- Бүкіл ата-ананың, мен сияқты 1200 ананың атынан айтар бір ауыз сөзім бар: бізге ақшамызды қайтарып берсін, не жерді берсін! Мен қазір қанша баламмен пәтер жалдап тұрып жатырмын. Қазір ешқайда сыймайтын болдым. Тіпті отыз жыл отасқан күйеуім: «Несие алып, ақшаны құртқан сен, кет-кет!» деп үйімнен қуып жатыр. Көп балалы ана деп жәрдем беретін адам табыла ма? Осында бір үмітпен келдік - деді, булығып көзіне жас алған көп балалы ана Көжебекова..
Райхан Көжебекова ғана емес, Алатау ауданына қарасты Мұқағали елді-мекенінің тұрғыны Айнұр да
- Мен қорқам... Бізге айтады: «Біз сіздерге тиіспейміз!» дейді. Мен бірақ қайдан білем: қай күні мені ұрып, қай күні үйімді бұзып кетерін?! Кез-келген уақытта келіп, үйімді бұзып кетсе, кімге, қайда барам?! Қолымда барлық құжаттарым бар, бірақ үйімнің бұзылмайтындығына еш сенімім жоқ. Себебі, кеше түсте үйге келсем, көршілерімнің үйін бұзып тастапты. Бізге айтады: «Үйлерінде біреу отырса, бұзбаймыз. Жоқ болса, бұзамыз!» деп. Сондықтан, мен әр кез үйімді бұзып тастамады ма? деп, алаңдап тұрамын - деді, Мұқағали елді-мекенінің тұрғыны Азаттық радиосына мұңын шағып.
президенттік «Нұр Отан» партиясының ғимараты алдында жылап тұрды:
- Мен қорқам... Бізге айтады: «Біз сіздерге тиіспейміз!» дейді. Мен бірақ қайдан білем: қай күні мені ұрып, қай күні үйімді бұзып кетерін?! Кез-келген уақытта келіп, үйімді бұзып кетсе, кімге, қайда барам?! Қолымда барлық құжаттарым бар, бірақ үйімнің бұзылмайтындығына еш сенімім жоқ. Себебі, кеше түсте үйге келсем, көршілерімнің үйін бұзып тастапты. Бізге айтады: «Үйлерінде біреу отырса, бұзбаймыз. Жоқ болса, бұзамыз!» деп. Сондықтан, мен әр кез үйімді бұзып тастамады ма? деп, алаңдап тұрамын - деді, Мұқағали елді-мекенінің тұрғыны Азаттық радиосына мұңын шағып.
Сәрсенбі күні жер, баспана дауымен 50-60 шақты алматылық «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Әлеуметтік дау-жанжалдарды шешу мен қарастыру жөніндегі қоғамдық кеңес отырысына қатысып, өз шағымдарын айтуға жиналды.
- Бүгін осы кеңесте «Нұр Отан» партиясына «үйлерді бұзуды тоқтатуға ықпал етіңіздер» деп өтініш жазып, көмек сұрап отырмыз. Өйткені, басқа барар жер, басар тауымыз қалмады. Кеше біреулер Мұқағали елді-мекенінде үйлердің бұзылғанын көрсетіп, «сол сендердің бастарыңа да келеді» деп жатты. Шынында да, үй бұзушылар бүгін бізге келеміз деген. Сол себептен, қазір біздің тұрғындар шаңырақтарын алып қалу үшін жолда көлденең жатыр, - дейді «Шаңырақ -5» шағын ауданының тұрғыны Света.

КҮЙЗЕЛІС ҚОРЫ КЕРЕК ПЕ?
Қоғамдық кеңестің сәрсенбі күнгі отырысында банкке пәтерлерін кепілдікке қойып, ақыры ақшаларын төлей алмай, баспаналарынан айырылғалы отырған «Халыққа баспанасын қалдырайық!» қоғамдық ұйым мүшелері баспанаға қатысты бастары дауға қалған қазақстандықтарды қолдау мақсатында Қоғамдық Кеңесті арнайы Күйзеліс қорын құруға шақырды.
- Алайда, «Мұның бәрі - айта салғанға оңай әсіре қызыл популизм. Қоғамдық, тіпті мемлекеттік қор құруға да болады. Ал ақшаны қайдан аламыз? Ең құрығанда 1 миллион теңгені қайдан табатынымызды айтыңыздаршы? - деді отырыста Қоғамдық кеңес мүшесі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов. Оған залдан: - Біздің салықтарымыздан! - деп жауап берушілерді қала әкімнің орынбасары: - Салық Бюджет кодексіне сәйкес бөлінеді, егер заң білсеңіздер! - деп, тойтарып тастады.
- Дегенмен, Үкімет те жауапкершілікті сезінуі керек, мемлекет қорында ақша бар. Егер бұл мәселелерге көз жұма қарай берсек, бұдан да күрделірек жағдай туады, - деп ескертті «Азат» партиясының төраға орынбасары Петр Своик.
Қалай болғанда да, отырыста айтылған барлық мәселелер бойынша қорытынды жасалып, үкіметке жеткізілетіндігін айтты Қоғамдық кеңес төрағасы Тоқмұхамед Садықов.
- Біздің Кеңестің міндеті – елдің әлеуметтік жағдайын дұрыстаудың жолын табу. Біздің ұсыныстарымыздың барлығы ертең жарияланады. Сондықтан, бар ақпаратты елге жеткізу - мақсат, - деді ол.
- Біздің Кеңестің міндеті – елдің әлеуметтік жағдайын дұрыстаудың жолын табу. Біздің ұсыныстарымыздың барлығы ертең жарияланады. Сондықтан, бар ақпаратты елге жеткізу - мақсат, - деді ол.
Әлеуметтік дау-жанжалдарды шешу мен қарастыру жөніндегі Қоғамдық Кеңес биылғы жылдың шілде айының 11-де құрылған.