Шыңжаннан шығысқа қарай 400 шақырым қашықта жатқан Гансу өлкесінде Ақсай автономиялық қазақ ауданы бар. Онда небәрі 3000-ға жуық қазақ өмір сүреді. Қазақтардың бұл өлкеге қоныстану тарихы – өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан басталған екен.
Оған сол кездерде Шыңжаң өлкесін басқарып тұрған Шың Шы Сайдың қазақтарға қарсы жүргізген қанқұйлы саясаты себеп болған. 1932 жылы Баркөл сахарасында, кейіннен «Әліптің басы алынған» деп аталып кеткен қанды оқиғада, 108 адам құрбан болыпты. Бұл оқиға қазақтардың мекен еткен жерінен ауа көшуіне түрткі болған.
Ақсай ауданына қазақтар бірнеше дүркін ауыпты. 1930 жылдардан басталған көш өткен ғасырдың 50-ші жылдарында аяқталған. Бұл кезең Қытайда коммунистік режимнің жеңуімен тұспа-тұс келеді. Ал, көштің алдыңғы легі Тибетті басып, Памир, Гималай жоталарынан асып, Үндістан, Пәкістанды паналап жүріп Түркияға жеткен болатын. Бүгінде Түркия мен Еуропадағы қазақтың дені осы көш арқылы барған қазақтың ұрпақтары.
Ал, Қытайдың ішкі өлкелерінде қалып қойған қазақтар – Ганьсу мен Шыңхайда екі аудан жасақтайды. Ганьсу өлкесінің қазақтары 1954 жылы Ақсай қазақ автономиялы ауданын, Шынхай өлкесіндегілер Алтын Шөке автономиялы ауданын құрады. Қазір сол Ақсай автономиялы ауданы әлі күнге дейін бар, ал Алтын Шөкедегі қазақтардың көбі түрлі себептермен Шыңжаңға қайта оралған.
Қазақстанда арнайы сапармен жүрген осы Ақсай ауданының Әдеби-көркемөнер бірлестігі бас хатшысының орынбасары, редактор Кенжебек Зарқұмұлы:
– Автономиялы аудан болу үшін ол елді мекендегі аз ұлттардың санының үлес салмағы 40%-ға жетуі керек. Ал, автономиялық деген мәртебе бізге дінімізді және тілімізді сақтауға, оны әрі қарай жетілдіруге, автономиялық ауданның басшыларын сол ұлт өкілінен тағайындауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дамытуға көмектеседі. Мұның бәрі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жүзеге асады.
Бізде бұған дейін таза қазақ тілінде мектеп болған еді. Қазіргі саясат бойынша мектебіміз екі тілде білім беретін болды. Бұрын оқулықты Шыңжаңнан алатын едік, қостілділік енгеннен бері өзіміз жасап жатырмыз. Сондай-ақ, ойын-сауық үйірмесін, 2003 жылдан бастап ақындар айтысын дамытуды қолға ала бастадық. 2005 жылы Әдебиет-көркем өнер бірлестігі құрылды, - дейді.
Кенжебек осы Әдеби-көркем өнер бірлестігінде қызмет етеді. Бұл бірлестік қазақтардың мәдени-рухани өмірін дамыту үшін қолынан келгенін істеп келеді. Ал, Қытай билігі қажетті қаржыны беріп отыр екен. 2005 жылдан бері қазақ фольклорлық шығармалары мен жекелеген авторлардың 8 кітабы жарық көрген. Соның бірі – «Тибет үстіртінде» деп аталатын тарихи дастандар жинағы.
– Бұл 1930-1950 жылдар аралығында Алтайдан ауған елдің қиын-қыстау тарихы жайындағы сол кездегі көзі тірі ақсақалдардың естеліктері. Көркемдігі, бәлкім, солғын шығар, алайда, ол тарихтың тірі куәгерлерінің шежіресі. Бұның тарихи маңызы зор, яғни, бізде тарихты сол қалпында жеткізуге ешқандай тиым салынбайды, – дейді ол.
Ақсай ауданында баспа өнімдері жоқ, жұрт Шыңжаң радиосын тыңдайды және Үрімжідегі қазақ тілді екі телеарнаны көретін арнайы қондырғыны Қытай Үкіметі тартып берген екен.
– Миллион қытайдың арасында жүрсек де, тілімізді тұнық сақтап отырмыз. Дінімізді дамытуға да жағдай жасалған, осы өлкедегі ең үлкен мешіт біздің ауданда, – дейді сұхбаттасымыз.
Ақсай қазақ автономиялы ауданында 600 түтін 4 мыңдай қазақ болған екен. Ал, 1991 жылдан кейін 200-дей түтін Қазақстанға қоныс аударыпты. Қазіргі ондағы жан саны 3000-дай ғана көрінеді.
– Бір кездері Қазақстанға көшу тым қатты қарқын алып еді. Қытай өкіметі қазақтың көшіп кетуіне тиым салмайды. Алайда, бұндағы ауыл шаруашылығын дамыту үшін бәрін жасап жатыр. Бұрын біздің аудан таудың бөктерінде болғандықтан, жері биік, суы нашар еді. Билік миллиондаған қаржы жұмсап, тыңнан аудан орталығын салып берді. Әрбір үйге газ тартылған, үйлері кең әрі үлкен. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғаннан бері Қазақстанға көшу саябырлады, – дейді Кенжебек Зарқұмұлы.