Алматы қаласы мәдениет басқармасының Ахмет Байтұрсынұлының мұражай - үйі орналасқан ғимараттың қабырғасына «Көпес Зубовтың үйі» деген жазуы бар тақтайшаны ілуінің сыры неде? Кейбір пікірлерге қарағанда, мұның артында мұражай жеріне қызыққандардың мүддесі тұр.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, тақтайшаны бұдан бір ай бұрын, ешқандай ескертусіз, жұмыс уақыты аяқталған, екі кештің арасындағы апақ-сапақта іліп кеткен. Тақтайшада Зубов деген фамилиядан басқа аталмыш адамның аты-жөні, туған я өмірден өткен жылдары көрсетілмеген. Сөйтіп, бұл тақтайшаны мұражай қызметкерлері алып тастаған. Ондағы ойлары мәселенің анық-қанығын анықтау болған.
Осы сауалмен, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы қалалық мәдениет басқармасына барғанда естіген жауабы төмендегідей болыпты.
— Олар маған, «Егер сіз «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерге қарсылық білдірсеңіз, мемлекеттің қарауындағы тарихи ескерткіш ретінде мұражай үйді тартып аламыз» деді. Мен оларға, «сіздердің шешімдеріңіздің негізі жоқ. Зубов туралы ешқандай тарихи құжат, деректемелер жоқ» дедім. Зубов деген кім деп, мен де біраз кітапты ақтардым. Оның есімі мына мұражай үйінің қасында тұрған орыс православие шіркеуіне қатысты болып шықты. Яғни, бір кезде осы шіркеудің алаңы Зубовский алаңы деп аталған екен. Ендеше, сол шіркеуге қанша тақта ілсе де, өздері білсін. Ал, мұражайға қатысты мұндай іске баруы мәдениет басқармасының теріс пиғылы бар екенін байқатады. Тіпті, бізге тақтайша ілінетіні жайлы ресми хат та жібермеді. Осыдан кейін қалай күймейсің енді,- деді Райхан Сахыбекқызы Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Осы шаруаның әу бастағы «авторы», Алматы қаласы мәдениет басқармасы директорының қызметін атқарушы Қуаныш Орынбасаровтың сөзіне қарағанда, тындырылған істің барлығы заң жүзінде болған. Оны өзі былайша түсіндіреді:
— Жалпы мемлекеттің қарауына алынатын ескерткіштердің барлығын Мәдениет министрлігіне қарасты арнайы комиссия бекітеді. Біз сол тізім бойынша жұмыс істеп отырмыз. 2008 жылдан бастап Алматыдағы 87 тарихи ескерткішке осындай тақтайшалар ілу басталған. Ал, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйіне келетін болсақ, бұл үйді ХХ ғасырдың басында көпес Зубов салдырған ғой.
Кейін бірнеше жыл Ахмет Байтұрсынұлы тұрған. О бастағы тарихи аты Зубовтың үйі болғандықтан және тізімге солай енгендіктен, біз оны дәл қазір өзгерте алмаймыз. Әрине, біздің тарапымыздан да қателіктер кетті. Қазір осы туындаған мәселеге орай министрлікке арнайы хат жазып жібердік. Негізі ескерткіш екі жағдайда мемлекет қамқорлығына алынады,-деген Қуаныш Орынбасаров:
-Бірінші, ол өткен уақыттың сәулеті бойынша салынған үй немесе ғимарат болатын болса, екінші, тарихи маңызына қарай. Ресми хатқа келетін болсақ, біз оны барлық жерге жіберіп жатырмыз. Ендігі істің қалай болатыны министрліктен келетін жауаптан кейін белгілі болады. Тақтайша ілудегі мақсат — үйдің бұзылуына, қиратылуына жол бермеу. Оның тарихи ескерткіш болып саналатынын қоғамның қаперіне жеткізу, – деді Азаттық радиосына.
Ахаңның мұражай үйінің басындағы халге алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар не дейді екен деген оймен Ахметтанушы ғалым Айгүл Ісмақоваға хабарласқанымызда, мәселе тек қана тақтайшаның төңірегінде ғана жүріп жатпағандығын естідік.
— Дау жерде болып тұр ғой. Қазір атын атамай-ақ қояйық, бірақ биліктегі үлкен қызметте отырған бір әйелдің мұражай тұрған жерге аңсары ауыпты. Ол жерге Әділет министрлігіне қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығы салынады деген де сөз бар. Бұл халықты адастыру үшін істеп отырған амалдары. Әрине, бұл іс – азаматтыққа, адамгершілікке сын. Керек десеңіз, осы үйді қорғай алмай отырған біздің де ғалымдығымыз, ахметтанушылығымыз сынға түсіп тұр. Айғайлап, даусымыз жеткен жерге дейін айтып жатырмыз. Арты қалай болатынын бір Алла біледі, – деді Айгүл Ісмақова.
Ахмет Байтұрсынұлының қазіргі мұражай үйі 1993 жылы 9 қыркүйекте ашылған. Ал, ресми түрде ашылуы Ахаңның 125 жылдығында, яғни 1998 жылы болған. Сол кезде Алаш қайраткерін мәңгі есте қалдыру мақсатында мұражай үйдің іргесіндегі саябақты Ахмет Байтұрсынұлының атына беріп, сол жерде ескерткішін орнату айтылған екен. Содан бері 11 жыл өтсе де, ешқандай шара жасалмаған. Мұражай үйдің ауласында тұрған Ахаң бюстінен басқа Алматыда ол кісінің ескерткіші әлі күнге жоқ.