Екі компания арасындағы кибер қақтығыс виртуалды әлемді тоқтатуға аз қалды. Бұл ғылыми фантастика сияқты естілуі мүмкін. Бірақ осы аптадағы оқиға соған ұқсады.
Наурыздың 27-сі күні спамерлермен күресетін Spamhaus коммерциялық емес ұйымы спамерлердің тегеурінді шабуылына ұшырады. Секундына 300 гигабит жылдамдықпен ағылған ақпарат Spamhaus компаниясының серверін бағытталды.
"ЕКІ ҰЙЫМНЫҢ СОҒЫСЫ"
Деректерге қарағанда, бұл - әлемнің интернет тарихындағы ең үлкен кибер шабуыл.
- Бұл негізінен қауіпсіздік саласында DDos деген атпен белгілі шабуыл түрі. Бұл әдетте әлдекім компьютер жүйесіне теріс ықпал еткісі келген жағдайда, әсіресе коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың жұмысын тоқтатқысы келген кезде қолданылады, - дейді Оксфордтағы Касперский лабораториясының қауіпсіздік мәселелерін зерттеуші Дэвид Эмм.
Осы аптадағы шабуылдың жылдамдығы 2010 жылғы интернет шабуылдармен салыстырғанда үш есе, көптеген банктерге бағыттылатын әдепкі шабуылдардан алты есе жоғары болды.
Spamhaus-дың айтуынша, "шабуылдың ошағы" атанған Нидерландыда оның әсері күшті болғаны соншалықты, қолданушылар интернеттің жылдамдығы әдеттегіден баяулап қалғанын байқаған.
Еуропаның кейбір бөліктерінде Netflix сияқты танымал сервис қолданушылары, онлайн фильм дүкендері де жылдамдықтың баяулағанын хабарлады.
Сарапшылар шабуыл әрі қарай өрістеп, электронды жәшіктер мен банктерге де зиянын тигізе ме деп қорықты. Бірақ сәрсенбі күні кешке қарай шабуыл бәсеңдеген.
Оқиғаның қалай болғанын көзге елестету үшін кибер қақтығыстар туралы классикалық фильмдердің стиліндегі терминдерді қолданса болады.
Майданның бір жағында - Лондон мен Женеваға орныққан, спамерлермен күресетін коммерциялық емес Spamhaus ұйымы. Ол электронды жәшік қызметін көрсететін компанияларға спамдарды кіргізбеуге көмектеседі.
Оның қарсыласы - штаб-пәтері Голландияда орналасқан Cyberbunker спам-хостинг компаниясы. Өзін "Терроризм мен балалар порнографиясынан басқа кез-келген сайтқа хостингтік қызмет көрсетеміз" деп жарнамалайтын компанияның шектеуіне спамерлер кірмейді.
Касперский лабораториясының қауіпсіздік мәселелерін зерттеушісі Дэвид Эммнің айтуынша, спамерлер Cyberbunker-ті қара тізімге кіргізіп, бизнесіне зиян келтіріп отырған Spamhaus-ды әдейі нысанға алған сияқты. Оның айтуынша, шабуылдаушылардың тегеурінді болғаны соншалықты, олар компанияны жабуға мәжбүрлеуге тырысқан.
Spamhaus инженерлерінің «қарқынды еңбегінің» арқасында тегеурінді шабуылдан аман қалғанын айтты. Сонымен бірге шабуылды бастаған кезде Cyberbunker компаниясы Шығыс Еуропадағы «бұзақы топтардың» көмегіне сүйенген деп тұжырымдайды. Ал Cyberbunker айыпқа жауап берді.
"КИБЕР ШАБУЫЛДАРДАН ҚҰТЫЛУ МҮМКІН ЕМЕС"
Осы аптадағы шабуыл интернет тарихындағы ең ірі шабуылдар қатарына енді.
Кейбір компьютер сарапшылары бұл "титулдың" ұзақ уақыт сақталып қалатынын да айтады.
Интернеттегі жеке мәліметтерді қорғаумен айналысатын компания (Лондон) сарапшысы Сэм Смиттің ойынша, интернет таралған сайын ірі кибер шабуылдардан қашып құтылу мүмкін емес.
- Бұл, бәлкім, тарихтағы ең күшті шабуылдардың бірі шығар. Алайда технология алға жылжып, интернет те барған сайын дамып барады. Шабуылдардың да көлемі соған сай тұрақты түрде ұлғая береді, - дейді ол.
Шабуылдардың жиілеу себептерінің бірі - оны ұйымдастырушылардың қолында қажетті ресурстардың жеткілікті болуы.
Жалпы стратегиялық шабуылдар интернет трафикті өзінің нысанына бағыттау үшін адрестердің деректерін иеленіп, басқару арқылы жасалады. Интернет қолданушылары көп болған сайын деректер ағыны да соғұрлым қарқынды болмақ.
Дэвид Эммнің айтуынша, шабуылдардың мақсаты әртүрлі.
- Нақты жағдайда кек алу мақсатымен жасалған шабуылды көріп отырмыз. Бірақ бұл шабуыл түрі бопсалау сияқты өзге мақсаттарға да қолданылуы мүмкін. Бұған дейін әлдекім ұйымнан ақша бопсалағысы келген. Олар DDos-шабуыл жасап, көздеп отырған нысанын трафикпен тұншықтырмақ болады. Содан соң олар шабуылды тоқтатып, ұйымға хабарласады: «Шабуылдың әрі қарай жалғасқанын қаламасаңдар, бізге ақша төлеңдер» деп шарт қояды, - деп болжайды ол.
Мұндай аса қарқынды "интернет-соғыстың" бүкіл виртуалды әлемді бүлдірер-бүлдірмесі белгісіз. Бірақ осы аптадағы оқиға мұндай жергілікті ауқымдағы "соғыстың" өзі интернет кеңістігіне әсер ететінін көрсетті.
(Мақаланы қазақшалаған Мақпал Мұқанқызы)