Қарағанды облысы Қарабас кентіндегі АК 159/18 колониясында кеше болған наразылықтан кейін сотталушылардың туыстарына қарсы іс қозғалды Прокуратура «олар бұзақылық жасаған соң полицияға жүгінуге мәжбүр» болғанын мәлімдеді.
Қыркүйектің 20-сы күні Қарабастағы АК -159/18 колониясының алдында 200-ге тарта ата-ана жиналып, іштегі туыстарының жағдайын білуді талап еткен. Олар Қарағанды облысындағы колонияға әскери жасақ кіргізілді деп хабарлаған.
«АҚЫРЫНА ДЕЙІН ЖЕТ!»
– Ол жақта күйеуім жатыр. Ішке әскер кіргізілгенін естіген соң мен түсте сол жаққа бардым. Бізге не кездесуге, не олармен сөйлесуге мүмкіндік берген жоқ. Түнгі 10 шамасында жиналғандар сотталған туыстарының тізімін жазып, оларды камераға түсіріп алуды сұрап өтініш жаздық. Тізімде 60 сотталушының аты-жөні болды. Алайда прокурор шамамен [түнгі сағат] 11-дің кезінде шығып, «камераның қуаты бітіп қалды» деп, бізге тек 10-15 сотталушыны көрсетті. Ішінде менің күйеуім де болды. Шамамен тағы бір сағаттан соң бізбен бірге болған ақпарат құралдары кетіп қалды, – деді түрмедегі тұтқынның зайыбы (аты-жөнін атамауды өтінді) Азаттық тілшісіне қыркүйектің 21-і күні.
Оның айтуынша, сотталған туыстарын көре алмаған 50 шақты адам түрмедегі жақындарын көрсетуді талап еткен. Осы кезде колония әкімшілігі, сол
жердегі полиция мен әскерлер азаматтарды итеріп, сыртқа шығара бастады.
– Көнбегендерді автозактарға күштеп тыға бастады. Сол сәтте айқай-шу басталып, бәріміз қаштық. Мен де қашып едім, артымнан дубинкамен біреу қуды. Мен көлігіме жете бере сүрініп құладым. Абырой болғанда маған жақындаған полицей танысым екен. Ол маған «Қаш!» деп айқай салды, – деді түрмедегі тұтқынның қосағы.
Сұқбаттасымыздың айтуынша, түнде ұсталған 26 адамға қатысты әкімшілік сот өтіп жатыр. «Олармен байланысу мүмкін емес, телефондары сөніп тұр. Естуімше, оларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеу, 15 тәулікке дейін қамалу қаупі төніп тұр» деді ол.
Қарабас колониясына барып келген келіншек «кеше ақпарат құралдары кете салысымен колония қызметкерлері жасаған бассыздық» кесірінен өзінің түсік тастағанын айтты.
– Бұл менің екінші жүкті болуым. Бес жылдан кейін көтеріп едім. Күйеуім [бұл хабарды] естігенде телефоннның ар жағында жылаған дауысын естідім. Ол маған
таңертең хабарласып, «Әзірге ақпарат құралдарына айтпа, әйтпесе маған кесірі тиеді» деді. Сосын мен ешкіммен сөйлеспей қойып едім. Қазір сіздің алдыңызда тағы хабарласып, «Ақырына дейін жет!» деді. Енді оның жағдайы не болады деп алаңдап отырмын, – деді сұқбаттасымыз.
Жәбір көрген келіншек барлық құжаттарды жинастырып, түрмедегілердің басқа туыстарымен бірге дүйсенбі күні Астанаға жол жүрмек екен. Олар бас пркуратураға болған оқиғаны айтып арызданбақ.
«ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖҰМСАҚ ЖЕРЛЕРІНЕН ҰРДЫҚ»
Бүгін Қарағанды облысы Абай қаласының прокуратурасында журналистерге арналған шұғыл жиын өтті. Онда АК 159/18 колониясының басшысы полковник Төлеген Мұхтаров пен арнайы прокурор Хайрулла Айтбеков журналистер сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат құралдарының айтуынша, арнайы прокурор Хайрулла Айтбеков «колонияда жоспарлы тінту болғанын, 53 ұялы телефон, 25 кесетін құрал, діни әдебиеттер табылғанын» хабарлаған.
Колония басшысы Төлеген Мұхтаровтың айтуынша, «бес сотталушы өз денелерін жеңіл жарақаттаған, оларға түрменің ішінде көмек көрсетілген». Ал 32 сотталушы
тінтуге қарсылық білдіргенде оларға қарсы арнайы құрал қолданылған. Түрме басшысының сөзіне қарағанда, «қарсылық білдіргендерді заңға сәйкес жұмсақ жерлерінен ұрып, айып изоляторына қамаған».
Оның сөзінше, колонияға 160 адамнан тұратын ішкі әскер кіргізілген.
Төлеген Мұхтаров кеше түрме алдына жиналған сотталушылардың туыстарымен бірнеше рет сөйлесіп, оларға жоспарлы тінту жүріп жатқанын ескерткендерін айтты.
– Алайда олардың шарасы бұзақылыққа ұласып кетті. Туыстары бұзақылық жасап, ішімдік ішті, колония есігін бұзып, біздің екі қызметкерімізге шабуыл жасады. Біз полицияға жүгінуге мәжбүр болдық, – деді Қарабастағы АК 159/18 колониясының басшысы полковник Төлеген Мұхтаров.
«Жиырма шақты адамға қарсы іс қозғалды» деген деректі анықтау үшін Абай ауданының арнайы прокуратурасына хабарласқанымызда, есімін айтпаған қызметкер 21 қыркүйек күні түнде Қарабас түрмесі маңында ұсталған (нақты санын айтпады – ред.) азаматтарға қарсы 355-бап (полицияға және басқа да билік өкілдеріне бағынбау) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын растады.
Жергілікті "Новости Караганда" сайтының Twitter-дегі парақшасындағы мәліметке қарағанда, Қарағанды облысының Абай аудандық сотында АК 159/18 түрмесінде отырған сотталушылардың туыстарының үстінен қозғалған 19 әкімшілік іс бойынша сот жүріп жатыр.
Қазірге дейін 12 адамның ісі қаралған. Судья сотталушылардың туыстарына - 11 адамға 2-10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, бір айлық есептік көрсеткіш 1620 теңге көлемінде) аралығында айыппұл салған, бір адамды екі тәулікке қамау туралы шешім шығарған.