Алматының іргесіндегі Исаев ауылының тұрғындарының біразы бес жылдан бері білте шамның жарығымен күн кешіп келе жатқандарына шағымданып, ауыл әкімшілігінің алдына жиналды. Ал ауыл әкімі «жарық мәселесі тек қазан айынан кейін ғана шешілетінін» айтты.
Алматы қаласынан 20 шақырым ғана жердегі Исаев елдімекені Алматы облысы Қарасай ауданы Жетісу ауылдық округіне қарайды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы бес жыл көлемінде ауылға көшіп келіп қоныстанушылардың саны 200-ге жеткен. Алайда осы 200-ге жуық үйдің жартысы ғана жарық қостырып, қалғандары қараңғы үйде отыр.
«ӘУЕЛІ – ГАЗ БЕН СУ, ОДАН СОҢ – ЖАРЫҚ»
Жетісу ауылдық округінің әкімшілігі - Елтай ауылында. Әкімшілік алдына жиналған оншақты исаевтықтарды дереу ішке кіргізген әкім Қыдырбек Атшабаров Азаттық тілшісін тұрғындармен бірге қабылдаудан бас тартты.
– Өткенде сәуір айының басында келгенімізде, ауыл әкімінің орынбасары «147 миллион теңге бөлінді. Тендерді «Сенім-құрылыс» компаниясы жеңіп алды. Енді көп ұзамай сіздерге электр желісін тартамыз» деген болатын. Бірақ әкімнің өзі
Әкімшілікке кіріп шыққан тұрғындардың айтуынша, «алдымен су мен газ құбыры тартылады – содан кейін барып жарық мәселесі шешілмек».
– Исаевтың ортасын қазып, құбыр жүргізіп жатыр. Бірақ «биыл су берілмейді» деген. Ал үй басынан ай сайын 50 мың теңгеден жинап газ тартпақшы. Өткенде үй-үйді аралап, біреулер келіп кеткен. Бала-шағамызды жарықпен жарылқай алмай отырғанда газ не теңіміз, – дейді әкімшілік алдына жиналған ашулы жұрт.
«500 МЫҢ ТЕҢГЕҢ БОЛСА...»
Тұрғындардың наразылығын күшейтіп отырған – «ақшасы бар адамдардың электр желісін тез қосып алатыны».
– Исаев – ежелден келе жатқан ауыл. Біз – осы ауылдың шетінен енді қоныс теуіп жатқан жаңа ауылдың тұрғындарымыз. Егер бәріміз бірдей қараңғыда отырсақ,
Ауылдың тағы бір тұрғыны білте шаммен отырғанына бес жыл болғанын айтты.
– Жаз шыққалы айран мен сүт, ет дегенді ұмыттық. Кішкентайым үш жасқа келді. Осы күнге дейін свет дегеннің не екенін білмейді. Ал былтыр ғана көшіп келіп, үй салған көршімде свет бар. Олар – жиырма бірінші ғасырда, менің балаларым он тоғызыншы ғасырда өмір сүріп отырған секілдіміз, – деп мұңын шақты ауыл тұрғын.
«75 БАЛА – ҮШ АУЫСЫМ»
Азаттық тілшісі ауыл әкімі Қыдырбек Атшабаровтың ресми жауабын білмек болып, жиыннан соң кірген еді.
Тілшіні көрген әкім сөйлесуге ниет білдірмеді. Алдымен «тұрғындардан сұра» деді, одан соң өзге орынбасарларына жібермек болды, кейін тіпті «диктофонды сөндіріп
Осылайша мардымды жауап бермеген әкімнің сөзінен аңғарғанымыз – ауылға жарық төртінші тоқсанда қосу жоспарланып отырғаны.
– Қазір ауылға газ бен су түсіп жатыр. Төртінші тоқсанда жарық беру жұмыстарын қолға аламыз, – деді әкім бір сөзінде.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, Исаев жеке бөлімше болып тұрғанда салынған бастауыш мектепте бар-жоғы төрт кабинет қана бар екен.
– Өткен оқу жылында 75 бала үш ауысыммен оқып шықты. Бесінші сыныптан бастап көрші ауылдарға жаяу-жалпылап қатынап оқиды. Бұл тақырыпты да қозғап, ауыл әкімінің есігін тоздырдық. Қазір мектеп жайлы айтуды мүлдем қойдық, – деп, ауыл тұрғындары тағы бір мәселенің ұшығын шығарып қойды.