Мамырдың 25-і жоғалған балалардың халықаралық күні болып белгіленген. Қазақстандық белсенділер жоғалған балалар туралы вебпортал ашып, бұл мәселеге қоғамның назарын аудармақ.
Ресми дерек бойынша, 2014 жылы Қазақстанда жоғалған балалар саны 5 мыңға жеткен. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғалған балаларды іздеп табу тек полиция мен жақындарының шаруасы деген түсінік кең тараған. Олар интернет технологияның және әлеуметтік желінің көмегімен бала ұрлаушыларға ақпараттық қысым жасау арқылы жоғалған балаларды табуды тездетуге болады деп есептейді. Белсенділердің арасында маусым айында жоғалған балалар туралы арнайы вебпортал ашуды жоспарлаушылар да бар.
ВИКТОРИЯ ГАНЯНЫҢ ТАРИХЫ
Сәуір айының аяғында Рудный қаласында жеті жасар қыз Виктория Ганя ұшты-күйлі жоғалып кетті. Анасы Мария Остапенконың айтуынша, ол сәуірдің 24-і күні түстен кейін құрбыларымен бірге ойнап, көпір жаққа кеткен. Кейіннен құрбылары бөтен ер адам келіп, баланы «ірі шаяндар көрсетемін» деп қызықтырып алып кеткенін Викторияның анасына айтқан. Бала үйден шыққан мезгілден үш сағат өткенде ғана полицияға хабар түсіп, іздеу басталған.
Бүгінге дейін полиция мен жоғалған қыздың жақындары шарламаған жер қалмаған.
«Ары-бері шапқылас көп, бірақ неге екені белгісіз нәтиже жоқ. Меніңше, полиция бір орынды айнала шиырлап жүрген сияқты. Неге олар іздеуді кеңейтпейді? Осыны түсінбеймін. Басқа қалаларға неге сұрау жібермейді? Сұрай бастасам: «Ол қызды алып кетті деп ойлайсыз ба?» дейді. Осы уақыт аралығында оның кез-келген нәрсеге ұшырауы мүмкін ғой» дейді қамыққан анасы Азаттық тілшісіне.
Полиция әзірге кішкентай қызды алып кеткен ер адамды нақты анықтай алмай отыр. Рудный полициясының өкілі Гүлнар Сатмурзина Азаттыққа әртүрлі болжамдар болғанымен, тергеу мәліметтерін аша алмайтынын айтады.
«Үш апта бойы іздеуді таңғы жетіден бастап, қараңғы түскенде ғана тоқтатып жүрдік. «Қайта-қайта сұрай бересіңдер» деп тұрғындар арасында наразы болғандар да болды. Әртүрлі болжамдар бар. Іс көлемі 30 томға жетті. Бірақ тергеуге байланысты кейбір ақпараттарды айта алмаймыз» деді Гүлнар Сатмурзина.
Қазіргі кезде бала ұрлаушының фотороботы құрастырылған. Оған сенсек, бала ұрлаушы қара куртка және көк джинсы киген еуропалық пішіндегі 30-35 жастағы ер адам. Полиция кішкентай қыз туралы шынайы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.
МАДЛЕН МАККАН ФАКТОРЫ
Кейбір дамыған елдерде бала жоғалса, оны табуға азаматтық қоғамның елеулі бөлігі жұмыла кірісіп жатады. Мысалы, 2007 жылы Португалияда үш жасында жоғалған ұлыбританиялық Мадлен Макканды бүкіл Еуропа біледі. Егер кішкентай қызды іздеу полиция мен бірді-екілі ақпарат құралдарының хабарламасымен ғана қалып қойса, азаматтық қоғам мен интернет қолданушылар қолдап шықпаса, Мадленнің және сол сияқты өзге де жоғалған балалардың тағдыры жайлы көп адамның хабардар болуы неғайбіл еді.
Биылғы мамырдың 14-і күні өткен Еуропа Лигасының матчында интернет қолданушылардың бірі футбол жанкүйерлерінің арасында отырған бір кішкентай қыздың Мадлен Макканға ұқсайтынын байқап, ITV4 телеарнасының кадрын суретке түсіріп алып әлеуметтік желіге жариялады. Сурет тез арада қолданушылар арасында тарап, бұл қыздың қаншалықты Мадлен болу мүмкіндігі туралы мәселе қызу талқылана бастады. Осылайша жеті жыл бұрын жоғалып кеткен ағылшын қызды азаматтық қоғам белсенділері мен мүлдем бейтаныс адамдардың әлі іздеп келе жатқаны белгілі болды. Жергілікті ақпарат құралдары жоғалып кеткен қыздарының тағдырына қоғамның осыншама назар аударуы ата-анасына дем бергені туралы жазды.
Қазақстанда Мадлен Маккан сияқты жоғалып кеткен балалар көп болғанымен олар туралы жұрт біле бермейді. Мамандардың ойынша, бұл көп жағдайда әлеуметтік желінің күшін бағаламаудың және жоғалған баланы іздестіру амалдарын білмеудің кесірі. Елде интернет қолданушылардың саны өскенмен, жоғалған балаларды іздеуге, олар туралы мәлімет таратуға қатысты азаматтық қоғамның белсенділігін тудыратын жүйе жоқ.
«КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҮЛЕС ҚОСА АЛАДЫ»
Алматы тұрғыны Александр Нам осыдан бірнеше жыл бұрын еріктілермен біріге отырып, жоғалған балаларды іздестіруге арналған poiskdetei.kz сайтын ашқан. Алайда қаржылай қиындықтардың салдарынан портал тез жабылып қалған.
Ерікті қазіргідей интернет технология дамыған уақытта телефоны бар кез келген адам жоғалған балаларды іздеуге үлес қоса алады деп есептейді. Ақпараттық қысымға ұшырап, жаппай іздеу жарияланған кезде көптеген бала ұрлаушылардың құрбандарын босатуға мәжбүр болғаны да белгілі.
«Жоғалған балаларды іздеуде интернет пен әлеуметтік желі өте тиімді құрал. Ақпарат неғұрлым көп болған сайын жоғалған баланы соғұрлым тезірек табуға болады. Кез келген адам қандай да бір баланың жоғалғанын білсе, мейлі ол көршісінің немесе басқа біреудің баласы болсын, бірден ақпаратты интернетке салады. Оны көрген адам өзі білетіндерге таратады. Осылайша ақпараттың аумағы кеңейе түседі. Адамдардың біреуі бала жоғалған орында болуы мүмкін, баланың табылуына көмектесетін нәрсені байқап қалуы мүмкін. Әлемдік практикада осылайша жоғалған баланы кейде полиция емес, еріктілер тапқан жағдайлар бар» дейді Александр Нам.
Бірақ Александрдың бастамасы жуырда қайта жанданатын сияқты. Маусым айында Қазақстанда жоғалған балаларға арналған арнайы портал пайда болмақ. Қазақстанның интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабыровтың пікірінше, портал жоғалған балаларды іздеу мәселесіне қоғамды жаппай тартуды мақсат тұтпақ.
«Қазақстанда шамамен бес мыңға жуық жоғалған бала бар. Біз әуелі жоғалған балалар туралы деректерді осы порталға енгіземіз. Екінші қадам – көрші елдермен біріге отырып, ортақ дерек қорын жасаймыз. Себебі жоғалған, я ұрланған бала, айталық, Ресейге кетіп қалуы мүмкін ғой. Бұдан бөлек, порталда балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған қажетті ақпараттар жарияланады. Айталық, егер бала адасып кетсе, не істеуі керек немесе телефонды қалай қолдана алады деген сияқты» дейді Шавкат.
Шавкат Сабыровтың айтуынша, порталға келіп түсетін ақпарат бірден полицияға жіберіледі, полиция ол ақпаратты тексеріп анықтағаннан кейін іздеу салу туралы мәлімет сайтта жарияланады.
Осы мақала жарияланған мамырдың 23-і күні Қостанай облысы ішкі істер департаменті (ІІД) "Рудный-Тобыл трассасы маңында салынып жатқан құрылыс нысанын тексеру кезінде кішкене қыздың мәйіті табылғанын" хабарлады. Азаттық тілшісі хабарласқанда Қостанай ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Әділбек Нұрмахин "Виктория Ганяның ата-анасы қызының мәйітін таныды" деп жауап берді.