Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салған. Бірақ ата-аналар бұл мейрамға бола киім-кешек алу мен мейрамхана жалдауға қыруар ақша жұмсайды.
Алматы қаласындағы мектептердің бірінің түлегі Индира Жүндібаева ұлттық бірыңғай тест тапсырғаннан кейін сыныптастарымен бірге мейрамханаға бармақ.
– Мектеп директоры 25 мамыр күні соңғы қоңыраудан кейін де, 18 маусым күні аттестат тапсырғаннан кейін де кеш өткізуге тыйым салды. «Ешқандай кеш өткізуге болмайды, бірден үйге қайтасыңдар» деп ескертті. Бірақ бізді қуантқысы келген ата-аналар маусымның 20-сына қарай мейрамханада мектеп бітіру кешін өткізуді жоспарлап отыр, - дейді Индира Жүндібаева Азаттық тілшісіне.
ШЫҒЫН
Мектеп бітіру кешіне ондаған мың теңге жұмсалады. Ақшаның көбі киім-кешек сатып алуға және мейрамхана жалдауға кетеді.
Индира көйлек тіктіретін матаны 12 мың теңгеге сатып алған, ал оны тігетін адам 5 мың теңге сұрапты. Туфлиді 6 мың теңгеге, клатч-сөмкені 1 мың 500 теңгеге
сатып алған. «Макияжды өзім жасап аламын, косметикаға 2 мың 500 мың теңгедей жұмсадым. Ал шашымды 3-5 мың теңге төлеп, үйге шаштараз шақырып сәндетемін» дейді бойжеткен.
Индираның айтуынша, ата-аналар банкетке адам басына 7 мың теңгеден қосылады. Әр ата-ана өзі және баласы үшін шамамен 10-20 мың теңге береді. Мейрамхана бір адамнан кемінде 5 мың теңге алады. Бұл ақшаның есебіне салқын, ыстық тамақ қана кіреді, ал алдын ала сатып алатын жеміс, тәттілер мен сусынға жеке төлейді.
Тағы бір мектеп түлегі Кәмшат Шағатаеваның ата-анасы да мектеп бітіру кешіне осынша ақша жұмсамақ.
– Кешке анам 15 мың теңгеге сатып әперген меруерт түстес көйлек киемін. Туфлиді жеңілдікпен, 6 мың 500 теңгеге сатып алдық. Салонға бармаймын,
макияж бен шашымды анам үйде сәндеп береді. Анамның құрбысы жасап берген шілтерлі моншақ тағамын, - дейді Кәмшат Шағатаева Азаттық тілшісіне.
Бұл оқушылардың ата-аналары мектеп бітіру кешіне ғана емес, соңғы қоңырауға да шығынданған. Қыз балалар соңғы қоңырауға арнап 4 мың теңгеге көк юбка, 4 мың теңгеге ақ жейде сатып алған. Ал ақ жейде, көк шалбар сатып алған ұлдар бұдан көбірек шығынданған. Азаттық тілшісімен әңгімелескен қыздар «салтанатты жиында әдемі болып көрінгіміз келеді» дейді.
«МЕКТЕП БІТІРУ КЕШТЕРІН ТОҚТАТА АЛМАЙСЫҢ»
Алматылық ата-аналардың көбі «ресми түрде тыйым салынғанына қарамастан, мектеп бітіру кештері Қазақстанның барлық мектептерінде өтеді» дейді.
Биыл мектеп бітіретін тағы бір баланың анасы Алтынай Жандосованың Азаттық тілшісіне айтуынша, мектеп бітіру кешін өткізуді ата-аналар да, түлектер де, тіпті олардың мұғалімдері де қалайды. Сондықтан тыйым салу мүмкін емес.
– Мектеп бітіру кештері элиталық және орташа деңгейлі кештер деп бөлінеді. Бай отбасылардың балалары кутюрьелер тіккен киім ғана киеді, бір сағат прокаты 600
доллар тұратын 17 орындық лимузин жалдайды. Олардың кештері бір адамның кешкі асы 300 доллар тұратын керемет мейрамханаларда өтеді. Таңды тауда немесе көл жағасында қарсы алу үшін кештен кейін микроавтобустар жалдайды, - дейді Алтынай Жандосова.
Табысы орташа ата-аналар 25 мың теңгеден бастап қосылады. Бұл ақша фотосуретке түсу, видео жазу, салют ату, мұғалімдерге гүл мен сыйлық сатып алуға жұмсалады. Кейбір сынып жетекшілері кілем немесе видеокамера сияқты бағалы сыйлықтарға тапсырыс береді. Түлектердің көбі бағасы 100 доллардан асатын жеке сыйлықтар жасайды. Алтынай Жандосова «кейбір ата-аналар жұрттың баласынан қалмасын деп қарыздануға мәжбүр болады» дейді.
Мереке өткізумен айналысатын «Надежда» агенттігінің директоры Дмитрий Лесаковтің Азаттық тілшісіне айтуынша, биыл маусымның аяғы мен шілде айы «түсімді» маусым болмақ.
– Ата-аналар бізбен қыстан бастап келісе бастайды. Биыл Алматы мектептерінің бірінің түлектері қаладағы қымбат «Метро» мейрамханасына белгілі әншілерді шақырып, шоу-бағдарлама өткізуге тапсырыс берді. Мектеп бітіру кешін өткізудің Гаваи, Венеция стиліндегі кештер, экстремальды ойындары бар фрик-пати сияқты түрлері көп. Кейбір клиенттерімізге «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі түріндегі немесе ұшақ борты сияқты безендірілген кештер ұнайды, - дейді Дмитрий Лесаков.
Ал Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың сайтының хабарлауынша, «Қазақстан Республикасы білім туралы заңы негізінде облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары оқушылар мен мектеп түлектерінің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық шығарады».
Биыл Қазақстан мектептерін 100 мыңнан аса түлек бітіреді.