Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков бүгін сағат 11-де Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясынан рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шықты. Жовтис пен Күшіков екі жарым жылдан астам уақыт түрмеде болды.
Оларды қарсы алу үшін колонияның есігі алдына ондаған журналистер мен адам құқықтары бойынша қазақстандық бюроның өкілдері жиналды.
Олар Жовтис пен Күшіковтың босауын сағат таңғы тоғыздан бастап екі сағат күтті.
"Мен сотталған Наталья Соколова, Арон Атабек, тұтқындалған Владимир Козлов, Игорь Винявский, Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова, басқа да қылмыстық іс қозғалған белсенділер мен журналистерді қолдаймын"
- Көңіл-күйім жақсы. Мен Өскеменде бірнеше күн болатын шығармын. Колониядан бірге шыққан адамдармен қоштасуым, бірнеше күн демалып, ретке келуім керек. Алматыға келесі аптаның сейсенбісінде барам. Әзірге тек мәлімдеме тараттым, - деді.
Жовтис өзінің бүгінгі мәлімдемесінде: "Мен еріксіз жағдайларда өліміне себепкер болған Қанат Молдабаевтың әулетіне тағы бір мәрте өкінішімді жолдаймын, кешірім сұраймын. Марқұмның анасы Райханға мені кешіргені үшін алғыс айтамын. Оның кешірімі мен үшін өте маңызды. Менің басыма қиыншылық түскен кезде адам құқықтары бойынша біздің бюро қызметкерлері, әсіресе, бюроны құрушылардың бірі - Жеміс Тұрмағамбетова маған өлшеусіз қолдау көрсетті. Мені қолдаған саяси партиялардың жетекшілері мен мүшелеріне, журналистерге, басқа да белсенділер мен шетелдік қолдаушыларыма, Қазақстанның қарапайым азаматтарына алғысым шексіз. Мен сотталған Наталья Соколова, Арон Атабек, тұтқындалған Владимир Козлов, Игорь Винявский, Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова, басқа да қылмыстық істердің "кейіпкерлеріне" айналған саяси белсенділер мен журналистерге қолдауымды білдіремін. Оларға қандай жағдай болмасын төзім мен қайсарлық тілеймін. Әділдіктен үміт үзбеулері керек", - деді.
Ол журналистерге адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы қызметін жалғастыратынын айтты.
Евгений Жовтис 2009 жылы шілденің 26-сы күні Алматы-Қарой жолында Қанат Молдабаев деген 1974 жылы туған азаматты көлігімен қағып кеткен. Марқұм сол жерде қайтыс болған.
Жовтисті 2009 жылы қыркүйек айында "абайсызда көлікпен кісі қағып өлтірді" деген
Сот үкіміне қатысты Еуропа Одағы мен Еуропа парламенті, АҚШ нарызылық білдіріп, тергеудің дұрыс жүргізілмегенін мәлімдеді. Евгений Жовтисті қорғау үшін халықаралық комитет құрылды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) да Жовтистің ісі бойынша өткен сот барысында айыпкердің құқығы бұзылғанын атап көрсетті.
Жовтис Шығыс Қазақстан облысы Саратовка елді мекеніндегі ОВ-156/13 қоныстандыру колониясында екі жарым жылдан астам уақыт жазасын өтеді.
Осы уақыт ішінде халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Жовтисті мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше мәрте ұсыныс жасады.
2010 жылы түрмеде жазасын өтеп жатқан Жовтисті Норвегиялық Хельсинки комитеті Андрей Сахаров атындағы сыйлықпен марапаттады.
Колонияның шартты түрде мерзімінен бұрын азат ету бойынша комиссиясы Жовтистің мәселесін 2011 жылы екі мәрте қарап оны босатпау туралы шешім шығарды.
2011 жылы шілденің 15-сінде «Амнести Интернэшнл» мен «Хьюман Райтс Уотч» ұйымдары «Біз шартты түрде мерзімінен босату жөніндегі комиссия Жовтистің
2011 жылы қыркүйектің басында ЕҚЫҰ "Жовтистің мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару туралы өтінішінің қанағаттандырылмауына қатысты» наразылығын мәлімдеді.
Жовтис Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап адам құқықтарын қорғау саласында еңбек етіп келеді. Ол 1993 жылы Қазақстан-Америка адам құқықтары бюросын құрды. Кейіннен бұл бюро адам құқықтары бойынша қазақстандық бюро болып қайта құрылды.
Азаттық тілшісі Жовтиспен бір колонияда жазасын өтеген, бүгін азаттыққа шыққан журналист Тоқнияз Күшіковпен де хабарласты. Ол:
- Қандай көңіл-күй болуы мүмкін? Әдеттегі көңіл-күй. Құдайға шүкір, денсаулығымызды сақтауға мүмкіндігіміз болды. Жақын күндері жұмысқа оралып, бұрынғы жұмысымды жалғастырамын ба деймін. Әзірге бірнеше күн осы жерде болатын шығармыз. Билет мәселесін әлі шешкен жоқпыз. Біз қазір ғана шықтық, - деді.
Журналист Тоқнияз Күшіков те 2009 жылы қыркүйек айында "абайсызда көлікпен кісі қағып өлтірді" деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Қазақстанда сотталушыларға жетінші рет рақымшылық жасалып отыр. Ресми ақпарат бойынша, рақымшылыққа жеңіл және орташа ауыр қылмыс түрлерін жасаған тұтқындар ілінеді.
Бұл жолы амнистияға 16 мың 187 адам ілінеді деп жоспарланған. Рақымшылық заңы бойынша сонымен бірге 500-ден астам сотталушының жаза мерзімі қысқартылады. Іс жүзінде 2 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шығуы тиіс.