Еуроодақпен келісімнен бас тартқан үкіметке наразылық білдіріп бір айдан бері Киев алаңынан тарамай тұрған шерушілерге тұрғындар жылы киімдер мен азық-түлік әкеліп жатыр. Азаттық тілшісі Еуромайданды қолдаушылармен кездесті.
ШЕРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ АМАЛЫ
София Марченко тәтті нан өнімдерін пісіргенді ұнатады. Украина халқы үкіметтің шешіміне наразылық танытқаннан бері 18 жасар студент қыз өз қолынан келетін кәсіппен шерушілерді қолдауды ұйғарды. Украинаның Еуропаға қосылуын аңсаған басқа да отандастары сияқты ол президент Виктор Януковичтің Мәскеуді таңдағанын естіген кезде қынжылды.
Жергілікті тұрғындар арасында Майдан деп аталатын Тәуелсіздік алаңындағы шеруге университетте емтихан тапсырып жатқан София қосыла алмады. Соның орнын толтыру үшін ол күнде шерушілерге арнап патриоттық тақырыптағы печеньелер пісіреді. «Майданда тамақтандыру жақсы ұйымдастырылған, адамдар әртүрлі тағамдар әкеледі. Бірақ тәтті өнімдер аздау. Күн суықта адам тәттімен шай ішкісі келеді. Тәттілер адамның көңілін көтереді деп ойлаймын».
Кейінгі печеньелерін жүрек пішіндес етіп пісірген Марченко оларды UA және UKR деген әріптермен өрнектеп, үстіне ұлттық туға тән сары және жасыл түсті глазурь сеуіп қойды.
«Адамдардың печеньені алып жатып күлімсіреп, алғыс айтқаны, дәмді екен деп мақтағаны ұнайды. Олардың көзінен қуаныш отын байқағанда көңілім көтеріледі» дейді ол.
Марченко әртүрлі себеппен Майданда көп уақыт өткізе алмайтын, бірақ шерушілерді тамақтандырып, жылытуға көмектесетін, революциялық рухын сақтауға ықпал ететін украиндықтардың бірі ғана. Бір ай бұрын наразылық акциясы басталғаннан бері қолдан пісірген тағамдарын, жылы киім мен қажетті құрал-жабдықтарды арқалап, алаңға ағылған халық толастар емес. Олардың көбі әкелген заттарын бір шатырға тастайды да, шерушілерді аралап, оларды қолдайтынын сездіреді.
София туралы Азаттықтың Украин қызметінің видеосы:
75 жасар Елена күн ара азық-түлік пен жылы киімдер алып келеді. Жақында алаңға келген ол алдағы күні тағы не әкелетінін жоспарлап отырды: «Арпадан ботқа пісіріп әкелемін. Оған қуырылған пияз бен доңыз майын қосамын. 10 адамды тамақтандыруға жетіп қалар. Нан да ала келермін, әйтпесе тоймайтын шығар».
ЕУРОМАЙДАННЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ
Елена үш баласы мен алты немересі Еуропа халқы сияқты өмір сүрсе деп армандайды. Жергілікті компанияның телефон қоңырауларына жауап беріп, айына 120 доллар ғана жалақы алатын әйел наразылық танытушылардан ештеңе аямайтынын айтады.
- Қаншалықты қиналсам да барымды аяп қалмаймын. Мен өз наразылығымды осылай танытпақпын. Балаларым мен Украина жастары үшін келемін. Енді бізді алдай алмайды, лайықты зейнетақы алатын, ешкім заңды бұзбайтын елде тұрғымыз келеді, - дейді Елена.
Украиналықтардың көбі ызғырық суық пен полицейлердің шоқпарынан сескенбей, елдің мүддесі үшін алаңда отырған шерушілерге алғыс айтады. ОМОН екі рет түн ортасында шеруді таратпақ болды, ондаған адам жараланды.
41 жастағы аспаз Валентина Рокоженска күн сайын бір сағат уақытын шығындап, жұмыстан қайтқанда Тәуелсіздік алаңына қолдан пісірген тамағын тасиды. Үйіне қайтуға тағы бір сағаты кетеді.
- Суықта тұрған адамдардың ыстық сорпа ішіп, ботқа жегісі келеді. Жақсы мейрамханаларда дайындайтындай тұздық пен саңырауқұлақ қосып, ботқа әкелемін. Адамдарға азық тасып жатырмыз, олар жеңіс сағаты соққанша шыдайтын шығар деп үміттенеміз, - дейді ол.
Саяси дағдарыстың ақыры белгісіз, бірақ шерушілердің әлі бірнеше апта алаңда тұратындай жағдайлары бар сияқты. Азық-түлік шатырларында азық қоры жетерлік, алау оттары жарқырап жанып тұр, үлкен сахнадан музыка ойнайды, ерікті дәрігерлер жөтеліп, мұрны бітелгендерді емдеп жатыр. Әскери ардагерлер шерушілерді полициядан қорғауға дайын. Православтық дін қызметкерлері күн сайын дұға жасап, бейбітшілікке шақырады. Еуромайдан деген атауға ие болған наразылық акциясының ұйымдастырылуы жан-жақты ойластырылғанын байқатады.
Киевтік кәсіпкер Дмитрий Васильев «Әрекет жоспары» атты интернеттегі шерушілерді қолдауға арналған бастаманың негізін қалаушылардың бірі. Оның айтуынша, 2004 жылғы қызғылт-сары төңкеріспен салыстырғанда, Еуромайданның жетістігі көп.
- Бұл жолы ұйымдастыру әлдеқайда жақсы. Азық-түлік, киім-кешек, отын әкелу, адамдарды орналастыру, құнды заттарды сақтау деген мәселелердің бәрі шешілді, тіпті арнайы интернет шатыр да бар. Бірінші тәжірибеміз бар ғой, содан сабақ алдық, - деді ол.
Васильев, Марченко, Рокоженска, Елена, тағы басқа көптеген украиндықтар ел көптен күткен демократиялық өзгеріске жеткенше Майданға көмек көрсетуге құлшыныс танытып отыр. Шағын ас үйіне оралған София шамасы жеткенше печенье пісіретінін айтады.
- Бос уақытымда тәтті күлшелер пісіре беремін. Наразылық жалғасып жатса, оларды қолдау үшін аянып қалмаймын, - дейді ол.
Том Бэлмфордтың қатысуымен Клэр Бигг жазған мақаланы аударға – Динара Әлімжан.
София Марченко тәтті нан өнімдерін пісіргенді ұнатады. Украина халқы үкіметтің шешіміне наразылық танытқаннан бері 18 жасар студент қыз өз қолынан келетін кәсіппен шерушілерді қолдауды ұйғарды. Украинаның Еуропаға қосылуын аңсаған басқа да отандастары сияқты ол президент Виктор Януковичтің Мәскеуді таңдағанын естіген кезде қынжылды.
Жергілікті тұрғындар арасында Майдан деп аталатын Тәуелсіздік алаңындағы шеруге университетте емтихан тапсырып жатқан София қосыла алмады. Соның орнын толтыру үшін ол күнде шерушілерге арнап патриоттық тақырыптағы печеньелер пісіреді. «Майданда тамақтандыру жақсы ұйымдастырылған, адамдар әртүрлі тағамдар әкеледі. Бірақ тәтті өнімдер аздау. Күн суықта адам тәттімен шай ішкісі келеді. Тәттілер адамның көңілін көтереді деп ойлаймын».
«Адамдардың печеньені алып жатып күлімсіреп, алғыс айтқаны, дәмді екен деп мақтағаны ұнайды. Олардың көзінен қуаныш отын байқағанда көңілім көтеріледі» дейді ол.
Марченко әртүрлі себеппен Майданда көп уақыт өткізе алмайтын, бірақ шерушілерді тамақтандырып, жылытуға көмектесетін, революциялық рухын сақтауға ықпал ететін украиндықтардың бірі ғана. Бір ай бұрын наразылық акциясы басталғаннан бері қолдан пісірген тағамдарын, жылы киім мен қажетті құрал-жабдықтарды арқалап, алаңға ағылған халық толастар емес. Олардың көбі әкелген заттарын бір шатырға тастайды да, шерушілерді аралап, оларды қолдайтынын сездіреді.
София туралы Азаттықтың Украин қызметінің видеосы:
Your browser doesn’t support HTML5