Украина мен Қырымдағы жағдай туралы Азаттыққа пікірін айтқан Киевтегі «Достық» қазақ мәдени орталығының жетекшісі елде орыс тілділер мен этникалық азшылықтарға қысым жоқтығын айтады.
Азаттыққа сұхбат берген Киевтегі «Достық» қазақ мәдени орталығының жетекшісі Жәміл Аязбаев Қырымдағы жағдайды «Ресейдің агрессиялық ақпараттық саясатының жемісі» деп атайды. Украинада 31 жыл тұрып келе жатқан оның сөзінше, осы елдегі қазақтар ұлтық дәстүрі мен рәсімдерін ұмытпауға тырысады.
Азаттық: - Украина мен Қырымда болып жатқан соңғы оқиғаларға қатысты көзқарасыңыз қандай?
Жәміл Аязбаев: - Украина қылмыскер биліктен құтылды. Украинада заңды парламент құрған заңды билік жұмыс істеп тұр. Ал Қырымдағы жағдайға келсек, ол жақта ресейлік арналар ақпарат таратып, сол агрессиялық ақпараттық саясаттың арқасында сепаратистік көңіл-күй қайнап шыға келді. Бұрыннан бері билікке ұмтылып келе жатқан адамдар оны сол мезетте-ақ қолдана қойды. Осының барлығы Ресей әскерінің қолдауымен жүзеге асты.
Азаттық: - Ресейдің Украинаға қатысты әрекеті мен Ресей президенті Владимир Путиннің соңғы мәлімдемелерін қалай бағалайсыз?
Жәміл Аязбаев: - Ресей Украинаға қарсы агрессия бастап, бізге шабуыл жасады және әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып барлық халықаралық міндеттемелерін бұзды. Қырымда «Ресей әскері жоқ» деп айту – бұл масқара нәрсе және бүкіл әлемнің ашуын туғызды.
Азаттық: - Украинадағы орыстілді азаматтардың құқықтары бұзыла ма? Қазіргі биліктің елдегі ұлттық азшылықтарға көзқарасы қандай?
Жәміл Аязбаев: - Украинада ресейліктердің құқығы бұзылған емес. Украинада террор мен қауіп жоқ. Бізде көшеде жүрген фашист жоқ және ешкім де орыс тілін шектеп жатқан жоқ. Украинаға келіп көзіңізді жеткізсеңіз де болады. Майданға келіңіз. Үгіт-насихаттан азат көзбен қараңыздар. Себебі орыстілді ақпарат кеңістігінде таралып жатқан өтірік – бұл шындықты бұрмалап жатқан у. Бізде ұлттық азшылық деген ұғым жоқ, бәріміз – Украина халқымыз.
Азаттық: - Украинадағы қазақтар Майдандағы митингіге қатысты ма?
Жәміл Аязбаев: - Ондай адамдарды білмеймін. Алайда барлығы бірыңғай Майданның қылмыскер билікке қойған талаптарын қолдады.
Азаттық: - Украинада қанша этникалық қазақ тұрады?
Жәміл Аязбаев: - 2001 жылы өткен соңғы санақ бойынша 5 мың адам болған.
Азаттық: - Қазақ мәдени орталығы ана тілі мен мәдениетін сақтау үшін қандай шаралар атқарып жатыр? Бұл тұрғыда Қазақстанның Киевтегі елшілігі көмектесіп жатыр ма?
Жәміл Аязбаев: - Қазақ мәдени орталығы Наурыз мерекесін тойлауға қатысты шаралар өткізіп тұрады, әртүрлі қаланың мәдени шараларына қатысамыз. Орталық шараларын тегін өткізеді, оның мақсаты осындағы қазақтардың тарихи отанымен мәдени байланысын үзбеуіне қолдау көрсету, қазақ мәдениетін насихаттау.
Қазақтардың ана тілінде сөйлеуіне жағдай жасаймыз, ұлттық дәстүр мен рәсімдерді естен шығармауға тырысамыз.
Ал Қазақстанның Киевтегі елшілігімен әріптестік қарым-қатынас орнатқанбыз, бірігіп шаралар өткіземіз. Мысалы, 2013 жылы қараша айында Жамбыл Жабаев атындағы кітапхананың 50 жылдығын тойлауға қатыстық.
Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет!