Ақпанның 18-інде Киевте мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап етіп, парламентке беттеген шерушілер арнайы жасаққа жолықты.
Шерушілер полицияның қоршауын бұзып, жолды бөгеп тұрған полицияның бір көлігін басып алып, әрі апарып тастады. Парламент ғимараты маңындағы бақтағы шерушілер қолдарына түскен нәрселерден (қоқыс жәшігін, қалқан, орындық, кірпіш) баррикада жасап жатыр.
Арнайы жасақ шерушілерге қарсы жас ағызатын газды гранат, пневматикалық және су ататын қарулар қолданған.
Қақтығыстан жараланған адамдар да бар. Оппозициялық депутаттар жараланған
бірнеше адамды Жоғарғы рада ғимаратына кіргізді.
Ольга Богомолец есімді дәрігердің Азаттыққа хабарлауынша, Грушевский көшесіндегі Офицерлер үйіндегі дәрігерлік пункте қаза тапқан үш адам, жараланған жүздеген адам жатыр. Дәрігер ол адамдар дер кезінде көмек алмағандықтан көз жұмғанын айтады. "Бізге жедел жәрдем көлігін жібермей жатыр" дейді ол.
Киев полициясының баспасөз хатшысы Ольга Билык "45 полицей жараланып ауруханаға түсті, оның бесеуіне оқ тиген" деп хабарлады. Азаттық тілшісі Институт көшесінде жедел жәрдем көлігін күткен адамдар көп екенін көрді.
Шерушілердің қала орталығындағы бір тобы Жоғарғы рада ғимараттарының біріне түтіндеткіш құрал лақтырып, кеңсені басып алды. Ішкі әскерлер ғимараттан қашып шыққан адамдарға көмектесіп жатыр.
Оппозициялық "Свобода" партиясының жетекшісі Олег Тягнибок парламент ғимараты маңындағы қақтығысқа ең әуелі граната лақтырған "Беркут" арнайы жасағы себеп болды" деп мәлімдеді. "Арандатушылардың енді бірі - халыққа шабуыл жасауға "титушколарға" бұйрық бергендер. Жұрт тыныш тұрды, бірақ "титушколар" оларға "Беркут" берген тасты лақтырды" дейді ол.
ВИДЕО: Киевтегі қақтығыс
Наразылар биліктегі Аймақтар партиясы кеңсесіне жанғыш сұйықтығы бар бөтелке лақтырған. Бұл партия өкілі Владимир Олейник шерушілердің "Рада 2004 жылғы конституциядан бас тартуға дауыс берсін" деген талабы орындалмайтынын, "жанғыш зат лақтырған арандатушыларға ешбір кешірім болмайтынын" айтты.
Шерушілер бұған дейін биліктегі Аймақтар партиясының өзге бір кеңсесін басып алған еді. Бірақ бүгін партия жақтастары мен "Беркут" арнайы жасағы бірігіп,
шерушілердің ол ғимараттан шығарып жіберді.
"Беркут" арнайы жасағы парламент ғимараты маңындағы ішкі әскерлерге де көмектесіп жүр. Киевтің үкімет үйлері тұрған аумақта полиция жасағы, екі БТР көлігі тұр. Полиция дауыс зорайтқыш арқылы жұртты заң бұзбауға шақырып тұр.
Оппозиция басшыларының бірі Виталий Кличко ел президенті Виктор Януковичтің мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуін, зорлық-зомбылықты тыюын талап етті. "Батькивщина" партиясы да Киевтегі бүгінгі зорлық-зомбылыққа президент Януковичті айыптады. "Полиция мен "титушколар" Жоғарғы рада маңында бейбіт қарсылық акциясы өтуіне қарсы күш көрсетіп, тыныш тұрған азаматтарға жарылғыш зат лақтырып арандатты" дейді партия.
Киевтегі оқиғаны тікелей эфир арқылы таратып жатқан Espreso TV сайты DDOS-шабуыл жасалып жатқанын айтып, "трансляция кез-келген сәтте үзіліп қалуы мүмкін" деп мәлімдеді.
Espreso TV сайтының тікелей трансляциясы:
Азаттық радиосы Украин қызметінің тікелей трансляциясы:
Бүгінгі акцияны ұйымдастырушылар Жоғарғы рада депутаттарын елде саяси және әлеуметтік дағдарыстан құтқаратын шешім қабылдауға шақырмақ болған. Олар 2004 жылғы конституцияны қалпына келтіруді, Еуромайдан белсенділерін азаптағандарды табуды талап еткен. Оппозиция қарсылық акциясы кезінде ұсталған адамдарға жасалған кеңшілік шарасының ауқымына да разы емес. Олар белсенділерге қарсы қозғалған 2000 қылмыстық істі жауып, үйқамаққа алынған 243 адамды ақтауды талап етеді. Амнистия заңы бойынша 268 адам қылмыстық жауапкершіліктен босап, үйқамақтағылардың 108-іне қатысты іс бір айдың ішінде жабылмақ.
Украинада Еуропа Одағымен саяси және экономикалық әріптестік орнатуды жақтаушылар шеруінің басталғанына екі айдан асты.

Your browser doesn’t support HTML5