Украинаның жаңа сыртқы істер министрі Павел Климкинді өз ісінің білгірі, келіссөз жүргізуге машықтанған кәсіби маман ретінде сипаттайды.
Жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Киев пен Мәскеу арасындағы кетеуі кеткен қарым-қатынасты түзеп, Еуропа Одағына қосылуға ықпал етер деген үміт бар.
БАТЫСШЫЛ ҰСТАНЫМ
Украина президенті Виктор Янукович аяқ астынан Еуропа Одағына қосылу туралы келісімге қол қоюдан бас тартып, Вильнюстегі саммитте халықтың үмітін алдаған соң Берлиндегі украин елшісі неміс радиосына сұхбат беріп, Киевтің шешімін жариялады. Сол кезде Павел Климкин жеке азамат ретінде болған жағдайға наразы екенін жеткізді.
«Мен Вильнюсте келісімшартқа қол қойылғанын қалаған едім, бұл әрекетке қатты кейіп тұрмын. Бірақ бұның бәрі алдағы уақытта біз осыны қаламаймыз немесе жүзеге асырмаймыз дегенді білдірмейді» деді ол 22 қараша күні немістің RBB телеарнасына сұхбатында.
Ресми мәнерден сәл ауытқып, өз көзқарасын танытқан Климкиннің сөзіне қарап
екі нәрсені аңғаруға болатын еді: біріншіден, Украина болашақта Еуропамен бірге дамиды деп үміттенеді, екіншіден, өте сақ дипломат екенін байқатты.
19 маусым күні Украина президенті Петр Порошенко сыртқы істер министрі етіп тағайындаған Климкин осы жылдың басында tv.berlin телеарнасына сұхбат берді.
«Біз расымен де Еуропа Одағына қосылғымыз келеді. Бұл біздің сыртқы және ішкі саясаттағы ең басты мақсатымыз. Ресеймен де қарым-қатынасты тереңдетсек дейміз» деді ол.
МӘСКЕУГЕ ДЕ ҰНАЙДЫ
Ресейдің Курск қаласында өмірге келіп, Мәскеуде білім алған Климкин өз елінде Совет Одағы тарағаннан бері болып жатқан ең үлкен дағдарыс кезінде билікке араласып отыр. Ресей наурыз айында Қырымды Украинадан бөліп әкетті, Киев
шығыс Украинаға әскерін жіберіп, ресейшіл сепаратистермен соғысып жатыр.
Мәскеу Климкинмен жұмыс істеуге даяр екенін байқатты. Оның алдында Украина сыртқы істер министрі болған Андрей Дещица Путинді балағаттап, әдепсіз сөз айтқан соң биліктен кетті.
«Климкин жаңа, маңызды қызметте табысты, өнімді еңбек етсін деп тілейміз» деді РИА "Новости" агенттігіне Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин. Ол Климкинді Украинадағы «тәжірибелі, танымал дипломаттардың бірі» деп сипаттады.
Бірақ сарапшылар Порошенконың таңдауы түскен Климкинді ресейшіл шенеунік деп атау қиын дейді.
«Дещицадан айырмасы – қызметін атқару мерзімінде ғана болар, ал мәнері өзгере қоймас» дейді Киевтегі Киев-Могиляндық академияның саясаттанушысы Андреас Умланд.
«Саяси мәлімдеме жасаған кезде барынша ойланып сөйлейтін шығар. Бірақ екеуінің арасында идеологиялық айырмашылық болады деп ойламаймын. Екеуі де батысты қолдайды, тек стилдерінде ғана аздаған айырма бар» деді ол Азаттыққа.
Климкин 1991 жылы Мәскеу физика және технология институтын бітірді, екі жылдан соң дипломаттық карьерасын бастады. Орыс тілі – оның ана тілі, сонымен бірге ағылшын және неміс тілдерінде де еркін сөйлейді.
Ол Киевте, Германия мен Ұлыбританияда Украинаның сыртқы істер министрлігінің өкілі қызметін атқарды, 2008 жылы Еуропа Одағы мен Украина арасындағы келіссөздерді жүргізді. Сарапшылар оның осы келіссөзде басты рөл атқарғаны жаңа қызметке тағайындалуына ықпал етті дейді.
«Климкин тәжірибелі дипломат, Украина-Еуропа қарым-қатынасы бойынша жұмыс істеп үйренген. Сондықтан оны осы лауазымға тағайындаған президент Порошенко Киев пен Еуропалық одақ байланысын күшейтуді көздейді деп ойлаймын» деді Азаттыққа бұрын Украинадағы АҚШ елшісі болған Стивен Пайфер.
«САЛМАҚТЫ ӘРІ САҚ ДИПЛОМАТ»
Әріптестері мен таныстары және сарапшылар Климкинді сыпайы, іскер, сақ қимылдайтын дипломат, қоғамдық-саяси күреске әуестігі аз деп сипаттайды.
"Мен білгенде ол дипломатиялық қызметте үнемі бейтараптық ұстанымда қалуға тырысатын. Мысалы, кейбір украиналық
дипломаттар Янукович билігінің соңғы апталарында оған қарсы екендерін білдірді, ал Климкин олай істемеді" дейді Климкинмен кездескен Умланд.
Украина саясаты институтының саясаттанушысы Константин Бондаренко Климкинді Мәскеу жақсы қабылдайды дейді. Оның айтуынша, жаңа СІМ басшысы Ресей, ЕО және АҚШ арасында ұтымды келіссөз жүргізе алады.
«Ол дау-дамайды ұнатпайды және көптеген мәселелерді шеше алатын әмбебап дипломат» деді Бондаренко «Коммерсант» газетіне.
Тіпті болмай жатса, Климкин сигараны жақсы көретін ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен ортақ хоббиін пайдаланып, байланысты түзеуі мүмкін. Берлиндегі никарагуалық дипломат 2012 жылдың қыркүйегінде Германия астанасында сигара салонын ашқанда, ашылу салтанатына келген аздаған елшілердің ішінде Климкин де болды.
Карл Шректің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.