Атыраудағы қытайлық Sinopec Engineering компаниясындағы қазақ жұмысшыларының үш күнге созылған ереуілі мамырдың 5-і күні тоқтады. «Евразия Строй Капитал 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) жұмысшылары компания басшысының талаптарын орындауға уәде бергенін айтты.
Атырау мұнай өңдеу зауытына қарасты хош иісті көмірсутектер зауытын салып жатқан қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" компаниясының 200-ге тарта жұмысшысы мамырдың 2-сінде ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Жұмысшылар бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына шағым түсірмек.
Бүгін Атыраудағы «терроризмге қатысы бар» деп айыпталған 47 адамға қатысты сот үкімі шықты. Облыстық ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы оларды жалпы және қатаң режимде 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Маңғыстау облысының Қарақия ауылындағы Құрық кентінде орналасқан Ersai Caspian Contractor LCC («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясы 2011 жылы мамыр айында ереуілге шыққан 700-ден астам жұмысшымен еңбек шартын бұзған еді. Олар Азаттық тілшісіне содан бері жұмыссыз жүргендерін айтты.
Наурыздың 26-сы Атырауда былтырғы тамыз бен қазан айларының арасында террорлық акт жасады деген айып тағылған 47 жігіттің соты басталды. Сот жабық өтіп жатыр.
Наурыздың 24-і күні Жаңаөзендегі автобекетте жиналған жұрт 17 желтоқсандағы оқиғада көз жұмғандар рухына құран бағышталды. Қала тұрғындары алаңға баруға бата алмағандарын айтады.
Наурыздың 14-і Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана сақталған көрісу - жаңа жылдық кешірім күні. Дәл осы күні Жаңаөзен қалалық соты жиырма шақты әйелге абақтыдағы туғандарымен кездесуге рұқсат берді.
Наурыздың 4- і күні кешкі сағат сегізде Ресей қалаларының бірі Иркутскіде президент сайлауы аяқталды. «Голос» тәуелсіз ұйымы бірқатар заңбұзушылық әрекеттерді байқадық деп мәлімдегенімен, сайлау учаскелеріндегі бақылаушылар ештеңе көрмегендерін айтады.
Ақпанның соңғы демалыс күндерінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Әділ сайлау үшін» қозғалысы ұйымдастырған екі бірдей шеру өтті.
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне барған бірнеше тұрғын қаланың орталық алаңында ақпанның 25-інде шеру өткізуге өтініш тапсырды. Бейбіт шерудің екі негізгі талабы - Жаңаөзен оқиғасына қатысты тұтқындалғандарды босату және қуғындауды тоқтату.
Жаңаөзендік Майра Тұрсынәлиева «күйеуіме жала жабылды» деп шағымданады. Оның зайыбы Жалғас Шалғынбаевқа тағылған ең басты айып – Жаңаөзенде көз жұмған 17 адамның бірі Атабай Құлқайыровтың өліміне байланысты.
Маңғыстау облысының тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдап, бірнеше талап қойды. Ал Шетпеде құрылған қоғамдық комиссия абақтыға қамалған азаматтар туыстарының арыздарын қарап жатыр.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде ұрып-соғудан қаза болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева прокуратураның жиі тергеуге шақыруының кесірінен жұмыссыз қалғанын айтып шағымданады.
Қаңтардың 31-і күні таңғы сағат 7.00-де Жаңаөзен қаласына енгізілген төтенше жағдай мерзімі аяқталды. Кейбір тұрғындар таңертең әскери көліктердің қаладан кетіп жатқанын айтады.
Атырау облысындағы Теңіз кенішін игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясының бас мердігерінің бірі «Сенімді құрылыс» мекемесі жұмысшылары жалақыны көбейту, жұмыс жағдайын жақсарту туралы талаптары орындалмағанын айтады.
Жаңаөзендіктер қайтыс болған адамдардың қырқына бара алмай отырмыз деп шағымданды. Ал Атырау қаласының бір топ тұрғындары Жаңаөзендегі марқұмдарды еске алу үшін орталық мешітке жиналды.
Ақтау қаласында құрылған әлеуметтік қолдау қорына Жаңаөзенде жапа шеккендерге үкіметтен бөлінген қаржылар түсті. Жаңаөзендіктер сайлаудан соң қудалау күшейіп, жаралылардың қамауға алынып жатқанын айтады.
Жаңаөзен оқиғасында жараланған Нұрлыбек Нұрғалиевтің арқасындағы оқ әлі алынған жоқ. Ол үкіметтік комиссия уәде берген өтемақыны ала алмай отыр. Маңғыстау облыстық әкімдігі «зардап шеккендердің тізімі бекітілмей, өтемақы мәселесі шешілмейді» дейді.
Тағы