Ақпанның 5-і күні «Республика – деловое обозрение» газетінің редакциясы премьер-министр Кәрім Мәсімовке ашық хат жолдап, Астанадағы баспаханалар алдағы уақытта осы газетті басудан бас тартып отырғандығынан хабардар етті. Премьер Мәсімов күтпеген жерден газетке қолдау танытты.
Бұдан 7 жыл бұрын, 2002 жылдың 19 қаңтарында Алматы циркінің ғимаратында «Қазақстанның демократиялық таңдауының» (ҚДТ) құрылтай жиналысы өткен-ді. Бұл жиын елді демократияландырудың катализаторы болады деп күтілген еді.
Бұл күндері Қазақстан парламентінің Сенатында журналистік ұйымдар ұсынған БАҚ туралы заң жобасы қаралып жатыр. Алайда, қоғамдық ұйым жетекшісі өздерінің ұсынысын депутаттардың қабыл алатынына сенімі аз екендігін айтады.
Алматыдағы №1 аурухананың жекешелендірілген екі жатақханасының тұрғындары өздеріне қызмет көрсететін «Рауан» тұтынушылар кооперативінің басшылығын алаяқтық жасады деп кінәлап, соттасып жатыр.
Қазақстан қорғаныс министрлігінің жауапты шенеунігі «Тұрғылықты мекені жоқ әскери қызметкерлер одағы» қозғалысының запастағы баспанасыз офицерлері Жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алады деп мәлімдеген болатын.
Aлты мәрте парламент депутаты болған Серік Әбдірахманов президент тағынан үміткерлердің бәрі әділетті сайлауға дайындалуы қажет деп ескертеді. Сонымен бірге ол Назарбаевтың антидемократиялық қадамдарын да құптап отырады.
«Алма Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов 25 желтоқсанда Тараз қаласына Жамбыл облыстық ҰҚК департаментіне тергеуге баруы тиіс еді. Бірақ түс ауа Рамазан Есіргеповтің денсаулығы кенеттен нашарлап, оны ауруханаға жөнелтуге тура келген.
25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіргеніне 29 жыл толды. Осы соғыстың қазақстандық ардагерлері әлeуметтік қамсыздандырудан шет қалғандарын айтады.
Қазақстанға ССРО-ның көптеген халықтары жер аударылған. Қазақстан үкіметі репрессия құрбандарына, жер аударылып келген халық өкілдеріне өтемақы төлейді. Бірақ осы тізімде 1930 жылы болған аштық құрбандары жоқ.
Азаттық радиосының бүгінгі қонағы «Простор» әдеби журналының бас редакторы Валерий Михайлов. Біздің әңгімеміз Қазақстанда болған 20-ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы өрбіді.
Жасарал Қуанышәлі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты көптеген құжаттарды биліктегілер жойып үлгерген деп ойлайды. Солай бола тұрса да, ол ең басты құжаттар – адамдар куәлігін, олардың зердесін жоя алмайды деп есептейді.
Бұдан 7 жыл бұрын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы пайда болды. Бәрі 2001 жылы 18 қарашада Алматыда жоғары лауазымды жас шенеуніктердің баспасөз мәслихатын ұйымдастыруларынан басталды. Арада аз уақыт өте екі көшбасшысы түрмеден бір-ақ шықты.
2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі тиіс. Осы сәт жақындаған сайын халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстан басшылығына сын күшейіп келеді.Сондай сыни көзқарас бірпартиялы парламентке қатысты айтылуда.
Осылайша Рахат Әлиев саяси күресін енді Желтоқсан мәселесіне бұрды.
Асылбек Қожахметов Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиевтің оппозицияның кейбір жетекшілеріне қарсы жариялаған компромпаттарына сенуге мүлде сенуге болмайды деп атап көрсетті.