Қазақстанға тікұшақ сату дауы Францияның орталық телеарналарының бірінде журналистік зерттеуге айналды.
Чехословакиядағы 1968 жылғы оқиға жайлы жаңа ресейлік фильм «Кремль идеологиясын енгізіп, өзінің қитұрқы әрекеттері мен саясатын ақтау үшін тарихи фактілерді бұрмалап отыр» деген айыптауларға ұласты.
Солтүстік Кавказ тұрғындары жерлестері Царнаевтардың Бостондағы жарылысқа қатысы бар дегенге күдікпен қарайды. Жергілікті халық «ол екеуі АҚШ басшылығының қалауымен жазықты болған» деседі.
Тергеушілер Джохар және Тамерлан Царнаевтардың Солтүстік Кавказбен байланысын тексеріп жатыр. Осы аймақтағы Вашингтон террорлық ұйым деп санайтын "Имарат Кавказ" тобы Бостон жарылыстарына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ресейде ереуілге қатысқан 20-дан астам адамға қозғалған қылмыстық істің тергеуі жалғасып жатыр. Белсенділер «Болотный ісін» Кремль қысымына қарсылықтың символы деп біледі.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өткен апта Грозныйда өртенген көпқабатты ғимаратты интернетте әжуалағандарды жазалауды бұйырды.
Еуропа сотына ресейліктер түсірген арыз саны 2012 жылы күрт азайған. Мәскеу мұны «Ресейдегі сот тәжірибесінің жетілуінен» десе, сарапшылар «Еуропа сотына Ресейдің бір топ заңгер жіберуінен» дейді.
Блогшы Эмин Милли – Әзербайжан оппозициясының белсендісі. Прагада өткен адам құқықтарына қатысты кинофестивальде қазылар алқасының мүшесі болған ол Азаттық сұрақтарына жауап берді.
Мәскеуде заңсыз мигранттарды табуға көмектесетін еріктілер жасағы құрылмақ. Құқық қорғаушылар мұндай жасақ зорлық-зомбылықты үдете ме деп қауіптенеді.
Ресейлік тергеушілер Тынық мұхиты жағалауындағы аралда орналасқан солдаттардың шағымын тексеріп жатыр. Әскери борышын өтеушілер тамақтан жауынқұрт табылғанын мәлімдеген.