Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропа соты 1959 жылы құрылған. Содан бері қаралатын істің азаюы бірінші рет байқалып отыр.
РЕСЕЙ ТІЗІМ БАСЫНАН ТҮСІП ҚАЛДЫ
Адам құқықтарын қорғаудың тиімді құралы болып саналатын Страсбургтегі сотқа Ресейден түсетін талап-арыз азайған. Ресейлік арызданушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 мыңнан 28 мың 600 адамға кеміпті. Мұның бір себебі Еуропа сотының көптеген арыздарды қабылдауға жарамсыз деп тауып, кері қайтаруы болып отыр.
Мәскеу бұл құбылысты «Ресейдегі сот тәжірибесінің жетілуінен» деп түсіндіреді, бірақ елдегі сот ісінің жемқорлыққа батқаны және сот жүргізудегі кемшіліктер анық көрініп тұр.
Биылға дейін Еуропа сотына шағым түсіру жағынан Ресей басқа елдердің алдында тұратын. Сот өкілдері енді «Ресей біздің тізімнің басынан түсті» дейді.
Бірақ кейбір ресейлік құқық қорғаушылар «тәртіп бұзылды» деген пікір айтып отыр. Олар «Ресей үкіметі қаржыландыратын заңгерлер Страсбургке түскен шағымдарды сотқа жеткізбеуге тырысады» дейді. Мәскеулік құқық қорғаушы Лев Пономарев:
- Бір топ Ресей заңгерлері сол жақта жұмысқа кіріскеннен бері шағымның күрт азайғаны кездейсоқтық емес. Оларға өтінішті азайтыңдар деген тапсырма берілмеуі де мүмкін. Бірақ оларды Ресей үкіметі жіберіп отыр және орыс шенеуніктерінің бірқатары «шағым өте көп, азайту керек» деп мәлімдеген еді, - дейді.
Ресейден түсетін арыздардың кемуіне өткен жылдың маусымында Страсбург соты шығарған «дұрыс толтырылмаған талап-арызды азайту туралы» ереже де себеп болуы мүмкін.
Еуропа сотының 2012 жылғы статистикасы Ресей қоғамын алаңдатып тастады. Кейбір баспасөз құралдары Кремльді «арыздың жазылуына себеп болған мәселелерді шешудің орнына, шағымдардың жолын бөгеуге тырысады» деп айыптады.
Еуропа сотының хабарлауынша, «Мәскеу Ресейден түскен арыздар қордаланып қалғаннан кейін заңгерлерді арнайы жіберген». Еуропа сотының шенеуніктері «көбі жастардан құралған орыс заңгерлері толық бақылауда болады» деп сыншыларды сендіруге тырысты.
«СОТ – ТӘУЕЛСІЗ ӘРІ БЕЙТАРАП БОЛУҒА ТИІС»
Еуропа сотының әділеттілігі туралы қалыптасқан пікірге қарамастан, Карина Москаленко сияқты заңгерлер Ресейден түскен арыздардың тағдырына алаңдайды. Ресейде құқығы бұзылғандардың Страсбург сотына шағымдануына көмектесетін Москаленко:
- Арызды қарайтын адамдардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы күмән келтірмеуге тиіс. Істі қарайтын сот та тәуелсіз болуы керек. Алайда кейбір еуропалық шенеуніктердің Ресейден келген заңгерлерді толық бақылаймыз дегені әзірге көңілге күдік ұялатады, - дейді.
Қағазбастылық пен жемқорлыққа батқан соттардан беті қайтқан ресейліктер 1996 жылы Ресей Еуропа кеңесіне қосылған соң, Страсбургтегі сотқа арыз бере бастады.
128 мың арыздың 20 пайыздан астамы қазір Ресей сотында қаралып жатыр, оның көбі Солтүстік Кавказдан түскен. Сотта сөйлеу құқығына ие болған алғашқы ресейлік Москаленко «Мәскеуден аттанған заңгерлер тобы көптеген ресейліктерді әділетке жетем деген соңғы үмітінен айырмаса болғаны» дейді.
Оның айтуынша, «Мәскеуден барған заңгерлер арыздың жарамдылығы туралы шешім қабылдамаса да, шағымдарды сүзгіден өткізу кезінде сотқа техникалық ықпал жасай алады».
- Мәселен, олар арызды тіркеудің бастапқы сатысына қатысады. Егер өтініш дұрыс негізделмесе, ойдағыдай рәсімделмесе немесе бейтараптық ережесі бұзылса, ондай арызды Еуропа соты қабылдамайды. Көп арызды кері қайтару Еуропа сотының абыройына да нұсқан келтіреді. Бұл тәжірибені тоқтатуға Еуропа соты да мүдделі болуы керек, - дейді ол.
Басқа тәуелсіз заңгерлер «Мәскеу Еуропа сотына жіберген қорғаушыларды таңдағанда жариялылық қағидаларын қолданбады» деген пікір айтып отыр. Москаленко Еуропа соты «Ресеймен жасаған осы сәтсіз және тиімсіз тәжірибесін басқа мүше елдерге де қолданбақ» дейді.
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Әлімжан аударды.