23 мамыр – Дүниежүзілік тасбақа күні. Қазақстаннан шетке тасбақа тасып сату жасырын табыс көзіне айналды. Бұл қылмыспен ұсталғандар көбінесе айыппұл төлеп құтылады.
Бизнес-леди Айгүл Түнғатарова тиын-тебен табу қамы үшін бір кездері далада да түнеген дегенге қазір сену қиын. Тігін шеберханасының иесі өміріндегі мұндай қиын сәттерді мақтан етпегенімен, жұрттан жасырмайды.
Гүлдәурен Ботағарина Қазақстанға Моңғолиядан 13 жыл бұрын келген. 18 жастағы бойжеткеннің қамқоршысы қажетті құжаттарды толық жинай алмай жүр. Моңғолиядан анықтама алдырту қиын шаруаға айналған.
Зейнеткерлер «Тұтыну қоржыны тауар мен қызмет түрлерінің жарытымсыз шығынын да жаппайды» десе, парламент жаңа қоржынның әзірленіп жатқанын айтады.
Кей кәсіпкерлер ақшаны банк карталары арқылы төлеу шешімін «асығыстық болды» дейді. Басқалары халықтың карта қолданбау себебін менталитеттен іздейді.
Анатолий Кошкарев қуыршақ жасау таланты танылғалы Семейдегі қарттар мен мүгедектер үйінің танымал тұрғынына айналды.
Өскеменде дәстүрлі музыка онкүндігі жарияланды. Ірі сауда орталықтары мен тамақтандыру орындарының басшыларына қазақтың дәстүрлі және қазіргі әндері жазылған аудиодискілер таратылды.
Семейде «Бота» қорының қолдауымен мүгедек жандардың арбаларын тегін жөндеп, үйіне жеткізіп беретін жоба іске қосылды.
Өскемен қаласының тұрғыны Анатолий Ковшик адамды жасартатын «Пантомарал» эликсирін (биобелсенді өнімді) жасайтын технология ойлап тапқанын айтады.
Павлодардың аудандық соты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Әліш Жүнісовті екі айға қамады. Мұғалім осы облыстағы Чернорецк мектебінің 16 жасар оқушысы Александр Дивиннің өліміне қатысты күдікке ілінген.
Қазір Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде балалық шағын Германияның еңбек лагерьлерінде өткізген жүзге тарта адам тұрады. Кезінде оларды «Отанын сатқан опасыздар» деп, шеттетіп келді. Қазірге дейін олар жеңіс мерекесі күндері елеусіз қалады.
13 жастағы Сергей Базанов ойлап тапқан компьютер ойынындағы Бауырсақ Қазақстандағы жемқорлықпен күресетін кейіпкер. Орыстың халық ертегісіндегі Колобок бейнесі осылайша бала қиялында жаңа сипатқа ие болып, елде жүріп жатқан науқанға виртуалды түрде қатысады.
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Зүбайыр ауылының оқушылары Семей қаласына келіп, Федор Достоевскийдің мұражайы қызметкерлері ұйымдастырған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні - ғашықтар мерекесіне қатысты.
Қазақстанның кейбір аймақтарының тұрғындары өздері жақсы көретін еттен бас тартуға мәжбүр. Өйткені ет қымбаттады. Сондықтан Семей қаласындағы базарда құс еті арзандау болғандықтан сиыр не қой етіне қарағанда әлдеқайда көп өтеді.
Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қала тұрғындарының арыз-шағымы мен ұсыныстарын жеткізіп тұратын арнайы веб-сайт аз болғанға ұқсайды. Ол қазір жұрттың арызын SMS арқылы қабылдай бастады.
Көзі көрмейтін Исраил Азнабкиевтің кішкентай үш баласы бар. Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин үйі жоқ зағипты баспанамен қамтамасыз етуге бұйрық берді.
Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Ислам Әбішев Астанаға қызмет бабымен ауысып бара жатып, шығыстағы шаһарда «халық пен билік қарым-қатынасында жаңа дәуір басталады» деп мәлімдеді. Оның орнына өзінің жерлесі Серік Тәукебаев келген еді.
Тағы