Президент үкіметке тұрақтандыру бағдарламасы аясында құрылыс және ипотекалық несиелеу мәселелерін шешу үшін 3 миллиард доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ ол, Алматыдағы пәтерлердің шаршы метрі 1000 АҚШ долларынан, ал Астанада 700-800 АҚШ долларынан артық болмауын ескертті.