Күйеуі кетіп қалған 37 жастағы Мейрамгүл Нәбиева жеті баласымен Алматы облысы Шелек кентінде қайыршылықтың аз алдында күн кешіп жатыр. Билік отбасының қиын жағдайына «мінезі жаман» әйелдің өзін кінәлайды.
Алматы облыстық қадағалау органы жылқышы Алшынбек Омаровтың туыстарының «Ақсу аудандық полиция бөлімінде оны азаптады» деген арызы бойынша тергеу амалдарын бастаған.
Алматы облысында жергілікті билікпен соттасуға мәжбүр болған кей кәсіпкерлер «қадағалау органдарының біліксіздігінен экономикалық ахуал нашарлап кетті» дейді.
Жұмыс кезінде бірін-бірі балағаттап, төбелескен екі прокурордың (бірі – әйел, екіншісі – ер адам) кейінгі тағдыры екі түрлі. «Жәбірленуші» әйел «жәбірлеушіні» соттатуға тырысып жүр, әзірше онысынан түк шықпаған.
Алматы облысы Қарабұлақ кентінде тұратын 70 жастағы зейнеткер әйел пәтерінің балконында билікке наразылығын білдірген соң жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Оның балконына маска киген жас жігіттер шабуыл жасаған.
Алматы облысындағы Сарыбұлақ ауылындағы күн станциясы жұмысының тоқтап қалғанына бір жылдан асқан. Бақылаушылар «мемлекетті басқаруға азаматтық қоғам араласқанда мұндай қырсыздық болмас еді» дейді.
Жаркентте жергілікті әуесқойлар театрына «халық театры» атағымен қоса берілген ақшалай сыйлықтың жоғалып кетуіне қатысты жайттар тексеріліп жатыр. Ақшаны бір айға жеткізбей қайтарып бергенімен, актерлер кінәлілерді жауапқа тартқысы келеді.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы белсенділері таудағы орман жойылып барады дейді. Ауыл тұрғындары сөзінше, отын шабатындар ағашты түнделетіп тасиды, ал орманшылар қылмысқа «көз жұма қарайды».
Талдықорғандық журналист "былтырдан бері өзін Алматы облысы соттарына кіргізбейді" деп шағымданады. Құқық қорғаушылар "бұл - еркін ақпарат алуға тосқауыл" деп санайды.
Талдықорған қаласындағы үйлердің тұрғындары коммуналдық проблемаларға қатысты шағымданып, қорғаныс министріне хат жазды. Өйткені, олардың үйлері қорғаныс министрлігіне қарайды.
Қазақстанда тұрғанына 25 жылға жуықтаған Кубаның Гавана қаласы тумасы Густаво Субисаррета заңсыз мигрантқа айналған. Билік оны депортациялауға шешім шығарған, бірақ ол қалғысы келеді.
Алматы облысында мал жайылымы және ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы проблемасын бей-берекет шашылған күресіндердің көбейіп кетуімен байланыстырады.
Алматы облысы Талғар қаласында жоспарланған балабақша сол күйі ашылмаған. Оның ғимаратын сатып алу шарты прокуратураның күдігін оятқан.
Бөтеннің ақшасын иемденіп кету және алаяқтыққа қатысты айыпталған алматылық заңгер кінәсіз екенін айтады. Мүгедек жігіт пен зейнеткер әйелдің шағымы тергеуге қозғау салды.
«Интернетке байланып отыратыны» үшін жұмыстан алынған жедел жәрдем бөлімшесінің бұрынғы фельдшері қайта орналасуға тырысып жүр. Бірақ Марал Самабекова «орным біреуге керек болды» дейді.
Алматы облысы Ескелді ауданының үкім жарияланғаннан кейін денесін кескілеп тастаған тұрғынының денсаулығына төнген қатер жоғы хабарланды. Жуырда оны тергеу абақтысына ауыстырмақ.
Талдықорғандағы «Әділет» кәсіподақ ұйымы төрайымы Жазира Камолданова қала әкімдігімен соттасып жатыр. Азаматтық белсенді тұрғын үй бөлетін комиссияға мүше болғысы келеді.
Алматы облысы құқық қорғаушылары мен полицейлері азаматтығы және төлқұжаты жоқ жандарды анықтауға тырысып жүр. Жеке басын куәландыратын құжат алғысы келетіндер «бюрократиялық әуре-сарсаң көп» деп шағымданады.
Алматы облысында бұрынғы полицей өзін төрт жылға соттаған судьяны жауапқа тартқызуға тырысып жүр. Облыстық сот этикасы комиссиясы «судьяның үкіміне емес, мінез-құлқына ғана баға бере аламыз» дейді.
Алматы облысы тұрғындары Талғар өзені арнасынан құмды заңсыз қазу әрекетіне алаңдайды. Ресми дерекке қарағанда, мұндай кәсіппен айналысу үшін бес компания ғана келісім-шарт жасасқан.
Тағы