Демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы нашарлап, қалың қар жауып, боран болды, оңтүстік өңірлерді тұман басты. Қазгидромет 11 наурызда да ауа райы қолайсыз болады деп ескерту жіберді.
Украина қарулы күштері өткен түні Ресей әскерінің екі жүзден астам шабуылын тойтарғанын мәлімдеді. Ресей тарабы Украинаның газ қондырғылары бар инфрақұрылымын атқылап жатыр. Америкалық соғысты зерттеу институтының дерегінше, Ресей әскері биыл көктемде айтарлықтай әлсіреген.
Азаттықтың деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында Халифа Алтайдың Кёльндегі қазақ диаспорасы қоғамы және Қазақстандағы діни ахуал туралы жазбаларына шолу жасаймыз.
Азаттық радиосының деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында Халифа Алтайдың Германияның Кёльн қаласындағы қазақ диаспорасы қоғамы және 1980 жылдарғы Қазақстандағы діни ахуал туралы жазбаларына шолу жасаймыз.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға "дәл қазір соққы жасап жатқан" Ресейге санкция салу жайын қарап жатқанын айтты. Бұл – оның президенттікке келгелі Мәскеуді қатты сынай сөйлеген алғашқы мәлімдемесі. Осы арқылы ол Мәскеуді бітімге келтіріп, қантөгісті тоқтатуға болады деп есептейді.
Украина президенті Владимир Зеленский одақтастарын Ресейге тізе батырып, соғысты тоқтатқызуға, ол үшін алдымен әуе мен теңізде атысты доғаруға қол жеткізуді сұрады. Мұның алдында ғана Мәскеу энергетика және газ инфрақұрылымын көздеп, Украинаның түрлі аймағына зымыран және дрон жаудырған.
Тағы