Түркия халқы неге наразы? Президент Ердоған сайлау болмай жатып саяси қарсыластарынан арылуға кірісті ме? | Қазақстанда су тапшылығы мәселесі қиындап барады. Ал сенат су кодексін мәжіліске қайтарды. | Украинада қастандықтан қаза тапқан қазақстандық Айдос Садықовтың ісі сотқа әлі жеткен жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі қызметіне баға бергенде өткен 6 жылды Қаңтарға дейін және кейін деп қарастыру керек пе? Қаңтар оқиғасының шындығы ашылды ма? Елде толыққанды саяси реформа жүрді ме? Қазақстанға Кремльдің ықпалы қандай? Азаттық мәжіліс депутаты Айдос Сарыммен сұхбат құрды.
Былтыр экстремистік баптармен жеті жылға сотталған журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің Азаттық радиосына абақтыдан 2024 жылы қарашада жазған хаты редакцияға кешігіп жеткен еді. Журналист өз үстінен қозғалған іс бойынша тергеу де, сот та әділ өтпегенін айтқан.
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылаған. Ал Украина әскері Ресейдің Белгород облысына шабуыл жасағаны айтылды.
Астана қаласының іргесіндегі Қоянды ауылында бірнеше үйдің ауласы мен ішіне су кірді. Халық қыс бойғы қар жөнді шығарылмағанын айтады. Ауыл әкімі “қар қаңтардан бері елді мекен сыртына тасылып жатыр” дейді. Қоянды ауылы Ақмола облысы Целиноград ауданына қарайды. Мұнда 25 мыңнан астам адам тұрады.
18 наурыз күні Трамп пен Путин төртінші жылға ұласқан Ресей-Украина соғысын уақытша тоқтату мәселесін талқылады. Нәтижесінде Ресей энергетика инфрақұрылымдарын атқыламауға ғана келісті. Бары осы.
Трамп Курск облысындағы қақтығыста украиналық қоршауда қалды деп тағы да айтты. Ресей әскері Украинаның Сумы облысына шабуылдай бастады. АҚШ Қырымды "Ресей жері деп мойындауды қарастырып жатыр". Соғыстағы ахуал. 17-18 наурыз.
Азат Еуропа/Азаттық радиосына жетекшілік ететін АҚШ Ғаламдық медиа агенттігі корпорацияға бөлінген Конгресс грантын тоқтатынын мәлімдеген соң, қазақ қоғамында баспасөз құралының болашағы жайлы талқы көбейді. Сүйіншілеткендер де, оларға келіспей, радиоға қолдау білдіргендер де бар. Олар не деді?
Алматы тұрғыны тергеу изоляторының қызметкерінен харассмент көргенін айтып шағымданды. Келіншек "мекеме қызметкері күйеуімнің қамауда екенін біле тұра, нөмірімді сұрап, қырындады, намысыма тиді" дейді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "тексеріс жүрді, факт расталмады" деп жауап берді.
Тағы