Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы Еуропа одағын Орталық Азиямен байланысты адам құқығын ортаға қоюға шақырды. Ұйым бұл мәлімдемесін 3-4 сәуірде Самарқанда өтетін ЕО-Орталық Азия саммитінің қарсаңында жасады.
Ауғанстанда 22 наурыз күні жаңа оқу жылы басталып, қыз балалар осымен төртінші жыл қатарынан білім алудан шеттетіліп отыр.
Ресейде 19 жастағы қазақстандық Тұран Устюговтің соты басталмақ. Ол Ресей аннексиялап алған Қырымда былтыр күзде ұсталған. Ресейдің арнаулы қызметі ол Украинаға барып, Ресейге қарсы соғыспақшы болды деп есептейді. Анасы түрмеге қамалу қаупі төнген ұлына араша іздеп, шыр-пыр болып жүр.
Былтыр экстремистік баптармен жеті жылға сотталған журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің Азаттық радиосына абақтыдан 2024 жылы қарашада жазған хаты редакцияға кешігіп жеткен еді. Журналист өз үстінен қозғалған іс бойынша тергеу де, сот та әділ өтпегенін айтқан.
Алматы тұрғыны тергеу изоляторының қызметкерінен харассмент көргенін айтып шағымданды. Келіншек "мекеме қызметкері күйеуімнің қамауда екенін біле тұра, нөмірімді сұрап, қырындады, намысыма тиді" дейді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "тексеріс жүрді, факт расталмады" деп жауап берді.
Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының лидері Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматының тергеу абақтысында бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шықты. Азаттық Азияға берген сұхбатында белсенді түрмеде өткізген бір жылы мен алдағы жоспары жайлы баяндады.
Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымының "Құқық үшін күрес" деп аталатын жылдық есебінде әлемде еркіндік тағы шектеле түскені айтылған. Зерттеушілер кейінгі 19 жылда еркіндік нығаймай келеді дейді. Ұйым Орталық Азия елдерін "еркін емес" деп бағалаған.
Қытай қазағы Қанат Ережептің туыстары бір жылдан бері одан хабар ала алмай отыр. Жасы тоқсанға келген анасы Сақыш Ережепқызы "көзім тірі тұрғанда ұлымды көрсем" деп армандайды. Шыңжаңдағы қазақ тілінде хабар тарататын телеарнаны 20 жыл басқарған Қанат Ережеп былтыр Қытайда қамауға алынған.
"Азаттық Азия" редакциясы мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен сегіз жылға сотталған тәжікстандық журналистің жақындарымен, әріптестерімен және достарымен сөйлесті.
Алматының Алмалы аудандық соты 21 ақпанда Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ісін қарамақ. Оған "ұлтаралық араздық қоздырды" деген айып тағылған. Билік Темірланды тергеу кезінде абақтыға жапқаннан кейін іле-шала бірнеше қалада оны қолдаушылар наразылық акциясына шықты.
Тағы