Accessibility links

АҚШ әкімшілігі "Әл Қаида" Саддам Хусейнге жойқын қару жасауға атсалысты деді


АҚШ әкімшілігі Ирақ мәселесі жөнінде бүгін үлкен баяндама жариялап, "Әл Қаида" ұйымы Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хусейнге жойқын қару жасауға атсалысты деді. "Әл Қаида" басшысы Осама бин Ладен химиялық не биологиялық қаруды өндіре алмайтындарын түсінген соң 2000 жылы Ирақ басшылығымен жақындасты делінген 25 парақтан тұратын баяндамада. Жойқын қару мәселесі Ирақ соғысына түрткі болғаны белгілі. Алайда, АҚШ әскері жойқын қарудың ізін Ирақта әлі таппай келеді. Бүгін белгілі болғандай, сондай ақ, АҚШ-тың Орталық қолбасшылығындағы екінші адам генерал лейтенант Майкл Делонг келесі айда зейнетке шығады. Ол әскери қызметте жалпы 36 жыл істеді. Майкл Делонгтың орнын кім басатыны әзірше белгісіз. Бұның алдында Орталық қолбасшылықтың бастығы ауыстырылған болатын. Армия генералы Томми Фрэнкс зейнетке шығып, оның орнына армия генералы Джон Әбизаид келді.
XS
SM
MD
LG