Үстіміздегі жылдың ақпанында кәсіпкер Таһиржан Ахметов өзінің екінші саусағын да кесетінін мәлімдеген еді. Бірақ, соңғы сәтте оның дауысы биліктегілерге жетіп, ол райынан қайтты. Сол жолы ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған ашық хатының көшірмелерін барлық бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан еді.
Таһиржан Ахметов мәселесінің шешілетініне президент әкімшілігі уәде бермеген жағдайда, 23 ақпан күні тағы бір саусағын кесуге оқталды.
23 ақпанға жоспарлаған шараның уақыты жетпей тұрып, Ахметов талап еткен хатын алды. Президенттің әкімшілігі бақылауға алуын
Осыдан кейін Таһиржан Ахметовті Алматы қаласы бойынша сот әкімшісі Бақтияр Өнербаев шақырып алып, одан денесіне зақым келтірмеуін сұраған және оның мәселесін шешу үшін мықты шаралар қолданылатынына уәде еткен.
Сол күннен бері бірнеше айдың жүзі болса да ахуалдың өзгеретін түрі жоқ. Бизнесменнің талабын орындауға уәде беріп, одан әлгіндей өз денесіне қасақана зақым жасамауды сұраған адамдар қызметінен кетіп қалды. Ал, Таһиржан өтінішті орындап, кезекті наразылық шараны өткізуді әуелі екі айға, сосын тағы да екі айға шегерген еді. Ендігі жерде оның шараны кейінге шегеретін түрі жоқ.
– Бұл бір ұзақсонар сериал секілді жалғасуда. Менің азаматтық құқығым әлі тапталып жатыр. Ертең саусағымды кескеніме тура бір жыл болады, тура сол күні екінші шараны өткізем, – деді Азаттық радиосына Таһиржан Ахметов.
Егер Алматы қаласы бойынша сот әкімшілігі өз уәдесін орындағанда кәсіпкер Таһиржан Ахметов пайданың 50 пайызын алушы еді, ал, серіктесі оған 4 миллион теңгеге жуық (шамамен 27 мың доллар) ақша төлеуші еді.
Еске сала кетейік, Таһиржан Ахметов үш жылдан аса уақыт Нұрғайша Қарабасовамен соттасуда. Бұл әйел оның бұрынғы компаньоны. Олар мейрамхана бизнесін бірге бастаған. Ахметов ортақ жоспарды іске асыру үшін өзінің пәтері мен шағын дүкенін сатқан.
Бірлескен бизнес өркендей бастағанда Нұрғайша Қарабасова пайданы Таһиржан Ахметовпен бөлісуден бас тартқан. Нәтижесінде кәсіпкер сотқа арызданып, процесті жеңіп шыққан. Бірақ, Алматы сот әкімшісінің сот шешімін орындамай отырғанына үш жылдың жүзі болды. Оны орындату үшін жасаған әрекет-амалдарының барлығынан нәтиже болмаған соң Таһиржан Ахметов осылайша өз дене мүшесін мертіктіру секілді соңғы қадамға барып отыр.
Таһиржан Ахметов мәселесінің шешілетініне президент әкімшілігі уәде бермеген жағдайда, 23 ақпан күні тағы бір саусағын кесуге оқталды.
23 ақпанға жоспарлаған шараның уақыты жетпей тұрып, Ахметов талап еткен хатын алды. Президенттің әкімшілігі бақылауға алуын
Таһиржан Ахметов сот шешімінің орындалмауына наразылық ретінде былтыр шынашағын кесіп тастаған болатын. Алматы, 9 ақпан 2009 жыл.
және қабылданған шешім жөнінде хабарлауын сұрап оның ісін Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жолдаған екен.Осыдан кейін Таһиржан Ахметовті Алматы қаласы бойынша сот әкімшісі Бақтияр Өнербаев шақырып алып, одан денесіне зақым келтірмеуін сұраған және оның мәселесін шешу үшін мықты шаралар қолданылатынына уәде еткен.