Йеменде президент Әли Абдолла Салехке бағынышты күштер мен жергілікті ықпалды топтар арасында өткен апта жасалған келісім бұзылғанын бүгін елдің билік орындары мәлімдеді.
Сейсенбінің таңында мемлекет астанасы Сана қаласында атыс естіліп, бірнеше жарылыс болған.
Кеше үкімет күштері елдің оңтүстігіндегі Зинджибар қаласының шеткері аумағына әуеден соққы берген болатын. Ол қала исламшыл радикал күштердің қолында деп хабарланды. Соңғы үш күнде қала үшін болған ұрыстарда шамамен 30 адам өлген.
Йеменді отыз жылдан астам уақыт үздіксіз басқарып келе жатқан президент Салехтің биліктен кетуін талап еткен халық наразылығы осыдан төрт айға жуық уақыт бұрын басталған еді. Содан бері елде кемінде 320 адам мерт болды.