Сенбі күні Алматыдағы "Қазақконцерт" залында 9-шы съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс парламент сайлауына түсетін тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті.
ТҰҒЫРНАМА
Съезге Қазақстанның барлық аймақтарынан 475 делегат қатысып отырғаны хабарланды. Ең әуелі съез партияның атауына қатысты тиісті шешімді бекітті.
Оппозициялық партия теңтөрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, олар мұндай мәжбүрлі қадамға осыған дейін бір саяси ұйымға біріккен екі партияның атауын "Азат" жалпыұлттық соцал-демократиялық партиясы" деп өзгертіп қайта тіркеу туралы өтінішті әділет министрлігі екі жыл бойы созып келіп, ақыр соңында оны қайта тіркеуден бас тартқан соң барып отыр. Сөйтіп, партия алдағы парламент сайлауына бұрынғы – Жалпыұлттық соцал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атауымен және сол партияның жарғысы негізінде түсетін болды.
Егер бұл сайлау әділ, заңды жолмен өткізілсе, ЖСДП жеңіске жетері сөзсіз, оны билік те сезеді дейді оппозициялық партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай:
– Өткен сайлауда 90 пайыз дауыс алдым деп бөскен депутаттар неге парламентті тастап тым-тырақай қашып жатыр? Себебі, біріншіден олар өздерінің халықтың өкілдері емес екендігін сезеді, екіншіден, жауапкершіліктен қорқады. Бүгінгі халықтың билікке деген ашу-ыза мен өкпесі күннен күнге күшейіп келе жатқанын көріп отыр.
Ол партия бұл сайлауға Қазақстандағы бүкіл оппозициялық күштердің атынан түскелі отыр деп мәлімдеді.
– Осы сайлауды жоспарлағаннан бастап билік Коммунистік партияның қызметін алты айға тоқтатып тастағанын білесіздер, "Алға" партиясын жылдар бойы тіркемей келеді. Сондықтан ЖСДП барша оппозицияның атынан осы сайлауға түсетін бірегей партия болмақ. Елдегі барлық саяси оппозициялық күштер мен тұлғалар, демократиялық бағытта жүрген ұйымдар біздің партияға қолдау білдіріп отыр, – деді Жармахан Тұяқбай.
Тұяқбайдың айтуынша, ЖСДП-ның сайлау тұғырнамасы үш негізгі мәселеге – экономикадағы жемқорлықтан, әлеуметтік саладағы әділетсіздіктен және саяси жүйедегі кемшіліктерден арылтуға арналған.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ
ЖСДП теңтөрағасы Болат Әбілов "Ақорда Қазақстан халқын аяқ-қолынан ұстап Еуразиялық одаққа кіргізбекші болып тәуелсіздікке қатер төндіріп отыр, дәл солай елді Кедендік одаққа апарып тықты, одан Қазақстан зиян ғана шекті" деп мәлімдеді. Бұндайда билік өз халқымен санаспайды, күні кеше Каддафиге кеңес берген Тони Блэр сияқты қайдағы біреулерге құлақ асады деп сын айтты Болат Әбілов.
Жиырма жылғы саясат нәтижесінде ат төбеліндей азғана топтың алпауыт байға айналып, халықтың негізгі бөлігі кедейшіліктің қамытынан құтыла алмай келе жатқанын айтқан Болат Әбілов, Қазақстан қоғамында соңғы кездері болған террорлық сипаты бар жарылыстардың негізгі түп-төркіні – әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздіктен шығып отыр деп мәлімдеді.
Оппозициялық саясаткер экстремизмнің жаппай таралмауына қазіргі билік сияқты күшке салып басып-жаншумен емес, адам құқықтары қорғалатын, әділ сайлау жүйесі мен сөз бостандығы бар демократиялық, әділетті қоғам орнату арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап көрсетті.
«ӘУЕЛІ ЖАУАП БЕРСІН»
Бүгінгі съезге шақырылған ресми тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов жақында "Халық майданына" енген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар алдағы сайлауда ЖСДП-ға қолдау таныту туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
– Бүгінгі билік біраз жылдардан бері оппозицияның жүзеге асыра алмай келе жатқанын өз қолымен жасап берді – біздің басымызды біріктірді. Қоғамдағы оппозицияның ымырасыз, белсенді бөлігін тіркемеу, қызметіне тыйым салу арқылы сайлауға қатыстырмауды көздеген билікке қарсы тұрған жалғыз ЖСДП және онымен бірге біз бармыз, – деді Владимир Козлов.
Ол билікті қолдайтын тек жалғыз "Нұр Отан" ғана емес, тағы алты бірдей партия барын еске салды.
– Осы тақауда ғана олар президенттің алдында тізе бүгіп, оның режиміне құлдық ұрып қызмет жасауға ант-су ішкен. Енді, міне, солар бүгін аяқ астынан өздерін "оппозициямыз" деп шыға келді, олар тіпті сіздер мен бізден президентті сайлау құқығын тартып алып, оны өмір бойы тағайындау мақсатында өздері құрған "2020" коалициясында әлі бірге тұр. Осылар оппозиция ма? Өтірік! – деді тіркелмеген оппозициялық партия жетекшісі.
Сонымен бірге Владимир Козлов съезд делегаттарын алдағы кезектен тыс сайлауға қатысты ЖСДП өкілдерімен кездескенде талқыланған бір жайттан хабардар етті.
– Біз сіздердің басшыларыңызбен кездескенде, бұл жолғы сайлауда "Назарбаев, кет!" деген ұранды қолданбаймыз деп келістік. Бұл – дұрыс, өте дұрыс. Қалай – кет? Керек жоқ, азаматтар! Әуелі жауап берсін, ал кейін көре жатармыз, – деді Владимир Козлов.
Сенбі күнгі съезде ЖСДП атына қолдау білдіріп сөйлегендердің бірі – 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін совет кезінде жеті жылға сотталған Құрманғазы Рахметов болды. Сонымен бірге, "Бибі ана" мүгедек әйелдер қоғамы, "Арын" баспанасыздар ұйымы сияқты бірқатар қоғамдық ұйымдар да алдағы сайлауда ЖСДП партиясын қолдаушылар қатарында болмақ.
ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ
ЖСДП атынан парламент сайлауына түсетіндердің тізіміне 57 адам енгізілді. Олардың арасында аймақтан келген партия белсенділерімен бірге тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, саясаткерлер Болат Әбілов, Балташ Тұрсынбаев, Жармахан Тұяқбай, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Серікбай Әлібаев, Петр Своик, отставкадағы генерал Әмірбек Тоғысов, Совет Одағының батыры, ауған соғысының ардагері Николай Кремениш, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан Құрманғазы Рахметов және басқалар бар.
Сол сияқты, Ермұрат Бәпи, Гүлжан Ерғалиева, Бақытгүл Мәкімбай, Серғазы Мұхтарбек, Рысбек Сәрсенбай сынды бірқатар журналистер де ЖСДП атынан сайлауға түсетіндер арасында аталып отыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-сы күні парламент мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде елде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлық шығарды. Осындай бастама көтеріп қарашаның 10-ы күні парламенті мәжілісінің 53 депутаты Назарбаевқа үндеу жолдаған болатын.
Қарашаның 25 күні Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының 14-ші съезінде алдағы қаңтарда парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына билік партиясынан депутаттыққа ұсынылатын 127 адамның арасында соңғы таратылған мәжіліске депутат болған 49 адамның аты-жөні жүр.