Гуантанамо түрмесінен босаған қытайлық ұйғырлар Албанияда тұрып жатыр. Олар Қытайға орала алмады, әрі өздерінің де қайтқысы жоқ.
2002 жылы қытайлық 22 ұйғыр Американың Гуантанамо түрмесіне шетелдік содыр ретінде қамалған еді. Бірнеше жылдан кейін олардың біразы бостандыққа шықты. Алайда жаңа қоныс табу оңайға түспеді. Кейбіреуі Албанияда босқын мәртебесін алды.
«ҚАРАПАЙЫМ ҰЙҒЫРЛАР»
Кубадағы Гуантанамо түрмесінде отырған 22 ұйғырдың екеуін қорғауды өз мойнына алған америкалық адвокат Сабина Уиллетт «Олар – сарбаз да емес, қылмыскер де емес, қарапайым ұйғырлар» дейді.
Бұл түрме Ауғанстаннан «ислам экстремистерімен бірге соғысқан» деп айып тағылған адамдардың алғашқы тобы жеткізілген 2002 жылы пайда болды.
Гуантанамо түрмесінде бірнеше жылда Ауғанстан мен Ирактан әкелінген бірнеше жүз тұтқын отырып шықты. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл адамдарды түрмеде ұстаудың заңсыздығы туралы талай рет мәлімдеме жасаған еді. Олар Гуантамо түрмесінде отырған тұтқындардың азап көретінін, оларға халықаралық құқық практикасында жоқ ұғым – «содыр» деген құқықтық мәртебе берілгенін жазды. АҚШ бұл статус арқылы тұтқындарды Гуантанамо түрмесінде шексіз мерзімге қамауға мүмкіндік алып отыр.
Гуантанамо түрмесінде отырған тұтқындардың арасында Қытайдан шыққан 22 ұйғыр болды. Бұл ұйғырлардың Гуантанамоға қалай тап болғаны жайлы нақты дерек жоқ. Алайда оларды 2002 жылы ауған жерінде ұстап алғаны белгілі.
«ҚЫТАЙ – ОРТАҚ ЖАУЫМЫЗ»
Сабина Уиллетт қорғауға алған екі ұйғыр – 36 жастағы Әбу Бәкір Қасым мен 31 жастағы Адел Абду Хакимның Қытайдағы Гулия қаласынан 2001 жылы қашып шыққаны америкалық әскерилердің түрмеде жүргізген тергеу кезінде анықталды. Олар Қырғызстанда кездесіп, кейін Пәкістанға, одан ары Ауғанстанға өтіп, сол жерде әскери дайындықтан өтіпті. Саяси баспана сұрау үшін Түркияға бармақ болғандарын айтқан екеу жол-жөнекей Ауғанстандағы «ұйғыр ауылына» тоқтағандарын айтады.
АҚШ әскері 2001 жылы Ауғанстан жеріне басып кіргенде Әбу Бәкір Қасым мен Адел Әбду Хаким Пәкістанға қашып барып, үңгірде тығылып жүріпті. Олардың айтуынша, жақын маңдағы ауыл тұрғындары алғашында оларды қонақ етіп, кейін америкалық солдаттарға ұстап берген.
Washington Post газетінің жазуынша, тұтқын ұйғырлардың бірі сотта: «Өзімнің Ауғанстанда екі түрлі себеппен болғанымды мойындаймын. Біріншіден, өзім тұратын елде азап пен қинауға ұшыраудан қорқамын. Екіншіден, үкіметке қарсы күресу үшін арнайы дайындықтан өткім келді» дейді.
Екінші ұйғыр «Талибтермен немесе арабтармен байланысымыз жоқ. Америкалықтарға қарсы соғысу ойымызда да болған жоқ. Біздің мақсатымыз – Қытай үкіметімен күресу» деп қостайды.
Әбу Бәкір Қасым британдық ВВС агенттігіне берген сұхбатында «Өзімізді америкалықтарға өткізгенде қатты қуандық: олар әдетте ұйғырларға көмектеседі. Олар «Сендердің кім екендеріңді білеміз. Қытай – біздің ортақ жауымыз, сендерді көп ұзамай босатамыз» деген» деді.
Алайда күткені орындалмай, олар америкалықтардың Кандагардағы әскери базасында алты ай, Гуантамано түрмесінде төрт жыл отырды. Ұйғырларға үш жыл бойы заң жүзінде ешбір көмек берілмей, отбасыларына да олардың қайда екені хабарланбады.
БОСТАНДЫҚ
Ұйғыр азаматтардың ісі заңгерлер мен құқық қорғаушылардың назарын аударып, 2005 жылы олардың атынан АҚШ сотына талап арыз жолданды. Human Rights Watch ұйымының заңгері Том Малиновски Washington Times газетіне «Бұл адамдар АҚШ-қа бұрын да, қазір де ешқандай қауіп төндірмейді. Олар еркіндікке шығуы тиіс» деді.
22 ұйғырдың 15-і кінәсіз деп танылып, оларды Гуантанамо түрмесінен 2003 және 2005 жылдары шығаруға екі рет ұсыныс түсірілді. Жеті ұйғыр «содыр» деп танылып, түрмеде қалды. Алайда АҚШ үкіметінің тұтқындарға ақталғаны жайлы хабарламағаны, олар бұл жайында тек бірнеше ай өткен соң барып білгені баспасөзде жазылды.
Ұйғыр тұтқындарын Гуантанамо түрмесінен босату жөнінде мәселе айтылған тұста тағы бір кедергі туды. Азаптауға ұшырап, түрмеге түсу қаупі туғандықтан АҚШ оларды Қытайға қайтара алмады. Ешбір мемлекет (АҚШ та) «содыр» деген ат тағылған ұйғырларға бассауға болмады.
Бірде оларды қытайлық шенеуніктермен кездестірді. Әбу Бәкір Қасым ВВС агенттігіне берген сұхбатында айтқанына қарағанда: «Қытай шенеуніктері «Американы дағдарыс жайлап тұр, олар енді сендерді асырай алмайды. Сендерді Қытайға алып қайтайық, жағдайларыңды жасаймыз» деді.
Әбу Бәкір «Сол сәтте Қытайға қайтқаннан гөрі Гуантанамода қалғаным жақсы деген ой келді» дейді.
ЖАҢА ӨМІР
Ақыры үш миллион ғана халқы бар шағын Албания бес ұйғырға баспана беруді ұйғарды. Ұйғыр тұтқындар Албания туралы «мұсылмандар тұратын бұрынғы коммунистік ел» дегеннен басқа ештеңе естімеген екен. «12 сағат ұшқан кезде бізді Қытайға әкеле жатыр деп қорықтық» дейді Әбу Бәкір. Әуежайдан еуропалық үлгідегі киім киген ер адамдарды көргенде барып бұрынғы тұтқындардың көңілі орнына түсіпті.
Албан үкіметі ұйғырларды баспанамен, жәрдемақымен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналасу құқығын берді.
2006 жылы Әбу Бәкір Қасым америкалық United Press International агенттігіне өздерін Албанияда жұрттан оқшау сезінетіндерін айтып шағымданды. Олар күні бүгінге дейін босқын мәртебесіне иеленіп жүр. Албаниядан басқа елге шыға алмайды.
Албанияда жеті жыл тұрған Әбу Бәкірдің өмірі енді оңдалып келе жатқан сыңайлы. «Қорғаушым маған албан тілін үйреніп, пайдалы бір кәсіпті меңгеріп ал деп үйретті. Мен пицца пісіруді үйренбекпін» деді Әбу Бәкір Қасым.
Әбу Бәкір Қасым халал пицца әзірлейді. Түрмеден босағаннен бері соңғы бес жылда әйелімен сөйлесудің сәті бір түсті. Қытайда үш баласы қалды. Қытай билігі Қасымның отбасына Албанияға баруға рұқсат бермейді. Арнайы қызмет оның отбасы мүшелерін әлі күнге дейін тергейді.
Қасым былтыр бала-шағасын көруден үмітін біржола үзді. Әйелімен өзара келісім бойынша ажырасып, Еуропада тұратын ұйғыр әйелге үйленді. Жақында ол әйелі босанып, қыз бала өмірге келді.