Бразилияның «Ботафого» командасында ойнайтын 19 жастағы қазақ жігіті Рауан Сариев Азаттыққа сұхбат берді. Футболшы Қазақстан мен Бразилия футболының жай-күйі туралы әңгімелеп, болашақ жоспарларын айтты.
Бразилиядағы «Оле Бразил» футбол академиясының түлегі Рауан Сариев 2009 жылы бір топ қазақстандық жаспен бірге Сан-Паулу қаласында аттанып, үш жыл сонда жаттықты. Кейін Бразилияның «Атлетико-Манейро» командасы Рауан Сариевті өз құрамына шақырып алып қалған. Қазақ футболшысы бұл клубта екі жыл өнер көрсетті.
Футболға кішкентай кезінен құмартып, әуелі «Пепси-коланың» қызылды-жасылды қақпақтарымен ойнаған» (анасы Шолпан Сариеваның сөзі), кейін «бірінші сыныптан бастап Құдайдың құтты күні жаттыққан» (әкесі Ерлан Сариевтің сөзі) спортшы Рауан Сариев 2012 жылдың шілде айында Рио-де Жанейро штатының «Ботафого» командасына ауысты.
– «Ботафого» командасында ауысқаныма біраз уақыт болды. Жастар арасындағы чемпионаттың ойыны кезінде тобығымды тайдырым алдым. Қазір бір ай болды емделіп жатырмын. Басында жүре алмай қалғанмын. Қазіргі жағдайым жақсы. Бір-екі аптадан кейін жастар арасындағы Бразилия чемпионаты басталады. Жарақатым жазылса ойындарға қатысамын, – деді Рауан Сариев Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
«ӘР КОМАНДАДА ОННАН АСТАМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ БАР»
– Рауан, оқырмандарға жаңа ауысқан командаң жайлы айтып берші.
– Бұл команда Бразилия чемпионатының жоғарғы лигасында ойнайды. 2011 жылғы чемпионатта алғашқы ондыққа енген. Ал мен жастар командасында жаттығып жүрмін. Жасым 21-ден асқанда ересектер арасында ауысармын. «Ботафогода» Қазақстаннан басқа, Голландия, Уругвайдан келген ойыншылар бар. Мен ойнап жүрген команданы ФИФА 20-ғасырдың ең үздік 20 командасының қатарына енгізген. «Ботафого» сапында бұрын Гарринча, Рикардиньо, Зе Роберто сынды мықтылар ойнаған.
– Бразилияда тұрып жатқаныңа төрт жылдан асыпты. Алған тәжірибе мен үйренгендерің көп болар?
– Бразилияда бапкерлер техникаға көп мән береді. Әр командада оннан астам жаттықтырушы бар. Әр футболшыны жеке маман жаттықтырады. Күніне бес сағат үзіліссіз алаңда жаттығамыз. Тактикалық тұрғыдан қарсыласыңды қалай алдау керек, доппен қалай финт жасау керек – сол жақтарын үйретеді. Кейін арнайы сыныпта футбол сабағын оқимыз. Тақтада сызбалармен қарсыласыңды алдау әдістерін үйретеді. Сабақтан соң миымызды жаттықтыру үшін шахмат ойнатады. Аптасына үш рет психологпен жұмыс жасаймыз. Олар бізге қарсылас команда ойыншыларынан қорықпауды үйретеді. Яғни психологиялық тұрғыдан дайындайды. Ал команда дәрігерлері ойын кезінде жарақат алып қалсаң, не істеу керек екенін үйретеді.
«ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫ БРАЗИЛИЯДАН ЖҮЗ ЖЫЛҒА АРТТА ҚАЛҒАН»
– Ал Қазақстанда футболшыларды дайындау жағы қалай? Хабарың бар ма?
– Әрине, Қазақстанда бүкіл командаға бес жаттықтырушы, бір дәрігер, бір массажист бөлінеді. Әр команданың жеке мектебі жоқ. Тек биыл ғана «Қайрат» командасында ғана жеке академия ашылды. Ойыншыларды психологтар дайындамайды. Біздегі жаттығу жүйесі ескі сияқты көрінеді. Бразилия мен Қазақстанды салыстыруға келмейді. Менің ойымша, Қазақстан футболы Бразилиядан жүз жылға артта қалған.
– Бразилияда спорттық медицинаның дамуы қай деңгейде?
– Менің жарақатымды емдеу үшін жеке дәрігер қарастырылған. Бразилияда әр команданың жеке клиникасы бар. Тіпті жарақатың ауыр болса, қаладағы ірі клиникаларға ақша төлеп емдетеді. Бай клубтарда арнайы жедел жәрдем тікұшағы бар. Біздің команда да ай сайын тегін медициналық тексеруден өтіп, жүрегімізді тексеріп тұрамыз.
АРМАНЫМ – «МИЛАН» МЕН «АРСЕНАЛДА» ОЙНАУ
– Қазақстан құрамасына шақырту келді ме? Алдағы уақытта қазақстандық командаларға ауысу жоспарың бар ма?
– Биыл Қазақстан жастар құрамасына шақырту алғанмын. Бірақ виза мәселесі бойынша елге келе алмадым. Ал ұлттық құрамаға әлі шақырған жоқ. Қазақстандық клубтарға келу жайлы ойланып көрмеппін. Бразилияда біраз уақыт жүре тұрамын. Ал негізгі арманым – Италияның «Милан» немесе Англияның «Арсенал» командасында ойнау.
– Еуропалық командалардан ұсыныс түскен жоқ па?
– Жоқ. «Ботафого» командасында әлі біраз ойнаймын. Менің басқа командаға ауысуымды жеке агентім Фабрисео Данеро есімді бразилиялық менеджерім шешеді. Бразилияның бірнеше командасынан ұсыныс түскен. Бірақ олардан бас тарттым. Маған қазіргі командам ұнайды. Жалақы, тұратын баспана, тамақ, киім жағына бөлек ақша төлейді. Алатын жалақым бөлек есептеледі.
– Бразилияда футбол жұлдыздары көп. Қайсысымен кездестің?
– Қазір португал тілін жетік меңгердім. Бразилияның жастар командасында ойнайтын бірнеше футболшылармен сөйлесіп тұрамын. Жалпы Пеле, Роналдиньо, Роберто Карлос сынды футболшылармен кездестім. Қолым бос болса, Бразилиядағы ірі жарыстарға барамын. Қазір бұл ел 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатыр.
– «Оле Бразил» футбол академиясында оқыған қатарластарыңмен араласып тұрасың ба? Жалпы, бұл футбол мектебінде оқып жатқан қазақ балаларының жағдайы қалай?
– Академияда оқыған қатарластарым қазір Қазақстанда «Бәйтерек» командасында ойнап жүр. Нәтижелері - жақсы. Ал қазір Бразилияда оқып жатқан жиырмаға жуық қазақ балалары 2014 жылдың аяғында бір-ақ елге қайтады. Оларды бразилиялық бапкерлер оқытып жатыр. Мен Қазақстан футболының дамитынына сенемін. Жанкүйерлер бізден үміт күтіп отыр ғой. Үмітті ақтау үшін аянбай жаттығамыз.
– Қазақстанға қашан келесің?
– Былтыр қыста ауылыма (Алматы облысы Көксу ауданы Бақтыбай ауылы – ред.) келіп қайтқанмын. Енді 2013 жылдың аяғында келермін.
– Сұхбатыңа рахмет.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.