Ресейлік Pussy Riot панк тобының мүшесі, Мәскеу қалалық сотының шешімімен бостандыққа шыққан Екатерина Самуцевич "бұл топтың наразылық шаралары жалғасады" деп мәлімдеді.
"Біз саяси наразылықты әлі аяқтаған жоқпыз және оны тоқтатпаймыз" деді Самуцевич америкалық CNN телеарнасына.
Сәрсенбі күні Pussy Riot панк тобының мүшелерінің кассациялық шағымын қараған Мәскеу қалалық соты жауапқа тартылған үшеудің бірі - Екатерина Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, қалған екеуі - Мария Алехина мен Надежда Толоконниковаға шығарылған үкімді күшінде қалдырған еді. 17 тамызда шыққан сот үкімі бойынша топтың үш мүшесі "діни араздық негізінде бұзақылық жасаған" деген айыппен әрқайсысы екі жыл мерзімге қамау жазасына кесілген.
Феминистік Pussy Riot панк тобының мүшелері биыл ақпанның 4-і күні Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында «Құдай Ана, Путинді қуа гөр» деп орыс тілінде ән салғаны үшін жауапқа тартылған.