Түркия соты Стамбулдағы Таксим алаңын көркейту жоспарына тыйым салды.
Reuters агенттігі бұл туралы шілденің 3-інде хабарлады. Агенттік мәліметі бойынша, "сот шешімі маусым айының басында шыққан", бірақ оның неге кеш жарияланғаны белгісіз.
Алайда билік өкілдері шерушілердің бірнеше аптаға созылған қарсылығына қарамастан, сот шешіміне шағымданатындарын айтып отыр.
31 мамыр күні Стамбулдағы Гези паркіндегі құрылысқа, атап айтқанда парктегі ағаштарды кесуге қарсы белсенділер акциясы басталған. Полиция бейбіт шеруді күшпен таратқан соң, бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп билікке қарсы сипат алып, шерушілер Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап етті.
Билікке келгеніне 10 жыл болған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен ол басқаратын "Әділет және даму" партиясы үшін бұл қарсылық шерулері ең басты проблемаға айналды.
Наразылықтар кезінде төрт адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жараланды.