Қазанның 2-cі күні қоғамдық белсенділер Мұхтар Тайжан мен Ермек Нарымбаев «бейбіт шеру өткізу тәртібін бұзды» деген айып бойынша Алматы ауданаралық әкімшілік сотына шақырылды. Сот Нарымбаевқа 50 АЕК (87 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл салды.
– Мен шараны ұйымдастыруға қатысқан жоқпын. Наразылық хатын тапсыру шарасы болып жатқанда сырттан бақылап тұрдым. Бірақ, сотта мені айыпты деп тауып, айыппұл салды, – деді Ермек Нарымбаев Азаттыққа.
Ермек Нарымбаев айтып тұрған қарсылық шарасы – ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырда апатқа ұшыраған шілде айынан бері жиілеп кеткен наразылық акцияларының бірі. Қыркүйектің 30-ы күні бір топ қоғамдық белсенді апаттан кейін қайта ұшырылған алғашқы «Протон-М» зымыран тасығышына қарсы екендерін білдіріп, Алматыдағы БҰҰ өкілдігіне наразылық хатын тапсырған. Кейін «шараны ұйымдастырды» деген айыппен қоғамдық белсенділер сотқа шақырылған.
Мұхтар Тайжанның соты да қазанның 2-сі күні өтуі тиіс еді. Бірақ сот шешімімен отырыс кейінге қалдырылды.
Соңғы бірнеше күн ішінде Алматы мен Астана қаласындағы соттар Тайжан мен Нарымбаев сияқты ондаған адамға әкімшілік кодексінің 373-бабы бойынша «бейбіт жиын өткізу ретін бұзды» деген айып тағып, мыңдаған теңге айыппұл төлету туралы шешім шығарды.
«БҰЛ – ШЕРУГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ АМАЛДАРЫ»
Қыркүйектің 30-ы күні Астана қаласында да «Халықтық альянс» ұйымының мүшелері «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылғанына байланысты Қазақстан парламентіне наразылық хат тапсырмақ болды. Бірақ оларды полиция ұстап әкетті. Кейін «Халықтық альянс» мүшелеріне әртүрлі көлемде айыппұл салынып, ескерту берілген.
Қазанның 1-і күні Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап хат тапсырмақ болған, несиеге пәтер алған ондаған «борышкерді» полиция ұстап, қамауға алды. Көп ұзамай «Халыққа баспанасын қалдырайық» қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев 15 тәулікке, борышкер Қыздығой Ажарқұлова үш тәулікке қамалып, бірнеше борышкерге айыппұл салынды. Қалғандары ескерту алып, босатылды.
Коммунистік партияның бұрынғы жетекшісі, саясаткер Серікболсын Әбділдин «шеру мен қарсылық акцияларға қатысушыларды автобусқа тиеп алып кету, 15 күнге қамау мен айыппұл салу – халықты ашындыра түсетін амал» деп санайды.
– Бейбіт шеруге шыққан, өз құқығын талап еткен халықты қамау, шеру шараларына кедергі келтіру соңғы кезде белең алып барады. Билік, полиция қоғамдық тыныштықты сақтау үшін жасалып жатқан шара деп ойлар. Олай ойласа, қатты қателескені. Шеруге шығып, конституциялық құқығын қорғаушыларды қамап, ұстай берсе, халықты ашындырып алуы мүмкін. Конституцияда бейбіт шеруді, акцияларды басу деген шешім жоқ. Бірақ конституция тек қағаз күйінде қалып бара жатыр. Оған осы соңғы екі-үш күнде болып жатқан «жаппай қамауға алу, әкімшілік жазалау» оқиғалары дәлел, – дейді саясаткер Азаттыққа.
«ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІК ЖАСАСА ҒАНА ҚАМАЛУЫ ТИІС»
Қазақстанда соңғы уақытта өтіп жатқан наразылық акциялары халықтың аймақтардан Астанаға жиналып, үкімет я парламент ғимаратының алдына келіп билік өкіліне хат тапсыруымен бітеді. Қазақстандық заңгерлер мұндай митингілер онсыз да бейбіт формада өтетініне, әкімшілік, я қылмыстық жаза қолданатындай жаппай тәртіпсіздік, тонау, я бүлдіру әрекеттері байқалмағанына назар аудартады. Заңгер, отставкадағы судья Белгібай Сахариев:
– Билікке жақпайтын тұлғалар ұйымдастырған шараларды басып тастау және биліктен өз құқығын талап еткен, өз мәселесін жеткізбек болған қарапайым халықтың шараларын тоқтатып тастау – заңсыз әрекет. Бұл - конституциялық құқықтың бұзылуы. Егер әкімшілік құқық бұзушылықтың обьективті және субьективті жақтары толық қамтылса, яғни шеруді ұйымдастырушылар халықты көшеде көтеріліске шақырып, ғимарат-мүліктерге қасақана зақым келтірсе, онда жауап беруі тиіс. Соңғы болып жатқан оқиғалардан мен мұндай құқық бұзушылықтарды байқап тұрған жоқпын. Жүз адам шеруге шығып, оның ішінде бірнеше адамды қамап, бірнешеуіне айып салса, қалғандарына ауызша ескерту беріп жатыр. Заң бойынша, қамалғандар шараны ұйымдастырушы екені, мүліктерге зақым келтіргені дәлелденуі керек, – деді Азаттыққа.
Қыркүйектің 30-ы күні қазақстандық азаматтық белсенділер Мәскеуде де наразылық шарасын ұйымдастырды. «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуына қарсы бірнеше белсенді Ресей мемлекеттік думасының алдында флеш-моб өткізді. Алайда жергілікті құқық қорғау және заң органдары қазақстандық белсенділердің құжаттарын тексерумен ғана шектеліп, қандай да бір жаза қолданған жоқ.