Accessibility links

Австралия Ауғанстанда әскерін қалдыруды ұсынды


Австралия сарбаздары шолуда жүр. Урузган провинциясы, Ауғанстан. Қараша, 2010 жыл (Көрнекі сурет)
Австралия сарбаздары шолуда жүр. Урузган провинциясы, Ауғанстан. Қараша, 2010 жыл (Көрнекі сурет)
Австралия халықаралық коалиция күштерінің құрамындағы әскерінің бір бөлігін 2014 жылы НАТО күштері ол елден кеткен соң да Ауғанстанда қалдыру туралы Кабулға ұсыныс жасады.

«100-ден 400-ге дейін сарбаз қалдыру ұсынылды, бірақ түпкілікті шешімді ауған билігі айтады» деді Австралияның Ауғанстандағы елшісі Джон Филп Азаттыққа берген сұхбатында.

Қазір Ауғанстанда Австралияның 1200 әскери қызметкері бар, олар негізінен Урузган провинциясында орналасқан. Филптің айтуынша, Австралия Таринкоттағы негізгі базасын жапқан соң Ауғанстандағы әскери контингентін 2013 жылдың соңына қарай 400 адамға дейін азайтпақ. Австралия үкіметі оларды «2015 және 2016 жылдары Ауғанстанда қалдыруға дайын» дейді елші.
XS
SM
MD
LG