БҰҰ өкілдері Оңтүстік Суданның Джонгли штатында БҰҰ-ның бейбіт тұрғындар тұрып жатқан базасына шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, шабуыл соңы қарулы қақтығысқа ұласқан. Шабуылдан қаза тапқандар болуы да мүмкін. Бірақ әзірге шабуыл туралы егжей-тегжейлі ақпраат жоқ.
Соңғы кездері Оңтүстік Суданда президент Салва Киир мен бұрынғы вице-президент Риек Мачардың жақтастары арасында жағдай шиеленісіп, қақтығыстар өршіп кеткен еді. Бұлар өзара жауласқан екі топқа жататындықтан мұның арты этникалық қақтығысқа ұласуы мүмкін деген қауіп бар.
Болжам бойынша, БҰҰ базасына шабуылды Риек Мачардың жақтастары жасаған болуы мүмкін.
Осы аптада АҚШ пен Ұлыбритания Оңтүстік Суданнан өз азаматтарын шығарып әкетті. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұл елде жағдай шиеленісіп кеткенін айтты. Соңғы бір аптадан бері елде жиілеп кеткен қарулы қақтығыстар салдарынан 500-ге тарта адам қаза тауып, мыңдаған жан БҰҰ базасында бас сауғалап жүр.