Алматыда бүгін таңертең полиция ұстап әкеткен блогерлер Дмитрий Щелоков пен Ринат Қибраев және Нұрәлі Айтеленов босатылды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Дмитрий Щелоков телефон арқылы хабарлады.
Бүгін таңертең полиция олардың үстінен қазір қамауда отырған Мақсат Үсенован шағым түсіргенін айтып ұстап әкеткен. Жеке меншік BMW көлігімен Алматыда алты адамды қағып, біреуін мерт еткен Мақсат Үсенов 4 ақпанде Алматы сотының шешімімен 45 күндік әкімшілік қамауға алынған еді.
Щелоковтың айтуынша, полицияда ұсталған үшеу блогерден Үсеновтің шағымы бойынша түсінік алған. Оларды шағым иесі өзіне "абақтыда ерекше жағдай жасалғаны" туралы жалған ақпарат таратты деп айыптаған.
Полиция ұстаған үш блогер бұған дейін Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің бүгін өткен есептік жиынына бармақ болғандарын айтқан еді.