Украинадағы үш айға созылған қақтығыстан соң шерушілер жеңіске жетіп, Виктор Янукович биліктен шеттетілді. Бірақ бұл елдің болашағы қандай болары белгісіз. Оппозицияның қолына өткен парламент шерушілерге өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысып-ақ жатыр. Осы күндері 45 миллион халқы бар Украинаның келесі президенті туралы сыбыс көбейіп кетті.
АЛЕКСАНДР ТУРЧИНОВ
Украина парламенті Виктор Януковичті орнынан алып тастаған соң, ақпанның 23-і күні спикерді уақытша президент етіп сайлады. Юлия Тимошенконың жақын адамы Александр Турчинов мамырдың 25-і күні өтетін сайлауға дейін президент міндетін атқарады.
Бұрын Украинаның мемлекеттік қауіпсіздігі қызметін (СБУ) басқарған Турчинов - «Батькивщина» партиясының мүшесі. Оның саясаттағы қызметі Тимошенкомен тығыз байланысты. Турчинов Украинадағы дәстүрлі православ немесе католик дінін емес, баптизм жолын ұстанады. Ол жазушы ретінде де танылды. «Үрей елесі» атты психологиялық триллер жазып, осы кітап желісімен фильм түсірген. 2008 жылы ол фильм үздік шетелдік туынды ретінде Оскар сыйлығын алды.
Қазір билік Турчиновтің қолында болса да, «Еуромайдан» белсенділері оған біржола сенім артпайды. Турчинов Янукович Киевтен қуылған соң, шерушілерден тарап кетуді талап етіп, наразылардың ашуын тудырды.
Кейбір сыншылар Wikileaks сайтында жарияланған құжаттарды мысалға келтіріп, Турчиновтің «қолы таза емес», «СБУ жетекшісі болған кезінде Тимошенко мен ұйымдасқан қылмыстық ұйым басшысы арасындағы құпия деректерді жойып жіберген» дейді. Турчиновті «харизмасы жоқ» деп айыптайтындар да бар. Ол 2008 жылы Киев мэрі болу үшін сайлауға түсіп, Тимошенконың қолдауына қарамастан жеңіліп қалған. Турчинов 2007 жылы гейлерге қарсы мәлімдеме жасап, гомосексуализмді «бұзылу, азғындау» деп бағалағаны үшін құқық қорғаушылардың сынына ұшыраған.
ЮЛИЯ ТИМОШЕНКО
Виктор Януковичтің басты қарсыласы Юлия Тимошенко елдегі екінші ірі саяси ұйым - «Батькивщина» партиясын басқарады. 2004 жылғы қызғылт-сары төңкерістің қаһарманы Тимошенко 2010 жылғы президенттік сайлау кезінде Януковичтен сәл ғана аз дауыс жинап, жеңілген. Кейін оны «қызметтік міндетін асыра пайдаланды» деп түрмеге қамағанда көпшілік бұл оқиғаны «Януковичтің кек алуы» деп түсінді. Екі жылдан астам түрмеде отырған Тимошенко ақпанның 22-сі күні абақты ауруханасынан шығып, саяси сахнаға оралды.
Премьер-министр қызметін атқарушы лауазымына тағайындалуы мүмкін екенін жоққа шығарған Тимошенко мамырдың 25-сі күні өтетін президент сайлауына қатысатынын айтты. Одақтасы Турчиновтің уақытша президент болғаны оның билікке оралу мүмкіндігін арттырды. Батыс саясаткерлерінің бірқатары, соның ішінде Германия канцлері Ангела Меркель оны бостандыққа шығуымен құттықтады. Ресейлік танымал депутат Леонид Слуцкий де Тимошенконы қолдайтынын білдірді.
Бірақ Тимошенконың қызғылт-сары төңкеріс кезіндегі беделі қазір солғын тартқан тәрізді, «Еуромайдан» өкілдерінің көбі оған күмәнмен қарайды. Наразылық танытушылар биліктен жаңа тұлғаларды көргісі келетінін білдірді. Қызғылт-сары төңкеріс кезінде оның Виктор Ющенкомен одақтас болған әрекеті сайлаушылардың көңіліне кірбің түсірді. Қазір Тимошенконың Украинаның басын біріктіретін жетекші болатынына сенетіндер аз.
ВИТАЛИЙ КЛИЧКО
10 жылдан астам уақыт Януковичті қатаң сынап келе жатқан боксшы, қазіргі саясаткер Виталий Кличко «Еуромайдан» шеруі кезінде ерекше көзге түсті. УДАР партиясының 42 жастағы жетекшісі үкіметтегі сыбайлас жемқорлықпен күресетінін айтып келеді. Оппозициядағы басқа саясаткерлермен салыстырғанда ол парақорлық пен жемқорлықтан таза адам ретінде сипатталады.
Янукович премьер-министрдің орынбасары болуды ұсынғанда, Кличко одан бас тартып, бұл ұсынысты «оппозицияны ыдырату үшін жасалған зымиян әрекет» деп бағалады. Ол шерушілерді Тәуелсіздік алаңында Януковичті тақтан тайдырғанша тұруға шақырып, «шерушілердің ажалына себепкер болғандар жауапқа тартылады» деп мәлімдеді.
Бірақ ақпанның 21-і күні Янукович оппозициямен келісімге отырған кезде президенттің қолын қысқан Кличконы шерушілер түсінбей қалды. Ол мамырдың 25-і күні өтетін президент сайлауына түспек.
АРСЕНИЙ ЯЦЕНЮК
Тимошенконың тағы бір одақтасы – Арсений Яценюк. Ол Янукович билікке келгенге дейін үкіметте жоғары лауазымды қызметтер атқарды, сыртқы істер министрі және Украинаның орталық банкі басшысының орынбасары болды.
Яценюк Еуропа Одағына (ЕО) қосылу және Украинадағы жемқорлықты жою идеясын қолдайды.
«Еуромайдан» шеруі кезінде бұрынғы заңгер «Батькивщина» партиясы атынан келіссөз жүргізді, белсенділерді министр етіп сайлауды ұсынды.
Бірақ Турчинов уақытша президент болып сайланған соң оның ықпалы әлсіреген тәрізді.
ПЕТР ПОРОШЕНКО
Петр Порошенко - Украинаның «шоколад королі», өте ықпалды магнат әрі Тимошенконың одақтасы, «Батькивщина» партиясының мүшесі. Януковичті бұрыннан сынап келе жатқан саясаткер Порошенко сыртқы істер министрі және сауда министрі қызметтерін атқарды.
Ол - шерушілерді ашық қолдаған олигархтардың бірі. Өткен демалыста қақтығыс кезінде қаза тапқан шерушілерді еске алу рәсіміне қатысып, Порошенко тағы да күрескерлердің ықыласына ие болды. Оның қаржысы 1 миллиард долларға жуық деп бағаланады.
МАЙДАН
Күреске шыныққан шерушілер әлі күнге дейін Киевтегі Тәуелсіздік алаңында - Майданда жүр. Олар қазіргі саясаткерлерге күмәнмен қарайды.
Шерушілер Украинаның саяси сахнасына жаңа тұлғалар шықса дейді, бірақ өздері нақты бір адамды президент сайлауына ұсынған жоқ.
Саяси элитаға біржола сенбейтін шерушілер ақпанның 22-сі күні Тимошенко мен Яценюк мінген көлікті тоқтатып, «заң алдында барлық украиналықтардың тең екенін, төңкерісті ұйымдастырған адамдарды ұмытпау керегін» ескертті.
(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)